Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері

Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.

1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлері.
2. Стильаралық лексика .
3. Тұрмыстық – қарапайым лексика.
4. Жаргондық сипаты бар сөздер. Эмоциональды — экспрессивті лексика.
5. Варваризмдер .Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика.

Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мысалы: көпшілік, келісім, т.б. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпыхалыққа белгілі сөздер жатады. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Кемсітіп, мұқатуды білдіретін: қортық, қатын, шүйкебас, бозөкпе, сүмелек, тажал, байқұс т.б. Алғыс-тілек мәнді: жолың болғыр, алла жар болсын т.б.
Варваризмдер — тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасы — адамдардың әртүрлі тақырыпта өзара сұқбаттасуынан басқа дәріс оқыған кезде, сұхбат бергенде, теледидардан сөйлегенде қолданылады. Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазіргі кітаби лексика – сөйлеу тілінің тұрмыстық қарапайым, лексикасынан басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін ғылыми, ресми құжат стильдерінде, көркем әдебиет тілінде қолданылатын сөздер жатады. Экспресивті – эмоционалды лексика адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы .
Дәрісті қорытындылау:
1.Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына жатқызуға болмайтын сөздер жатады.
2. Тұрмыстық – қарапайым лексика – күнделікті өмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады.
3. Варваризмдер — тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді.
4. Кітаби лексика бұрынғы дәуірдегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп, ал сол нұсқаларда қолданылған түркі тілдеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөздердің стильдік сипатына байланысты түрлеріне қайсысы жатады?
2. Стильаралық лексика дегеніміз не?
3. Тұрмыстық – қарапайым лексикаға қайсысы жатады?
4. Жаргондық сипаты бар сөздер. Эмоциональды — экспрессивті сөздер.
5. Варваризмдер дегеніміз не? Ауызша әдеби сөйлеу, кітаби лексика нені қарастырады? Экспресивті – эмоционалды лексика дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 2002.3 тарау.,138-147 б.б.
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
3.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
4.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.89-98 б.б.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *