Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері

Қазақ тілі сөздік құрамының қолданылу өрісіне қарай бөлінетін түрлері.

1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісіне байланысты түрлері.
2.Жалпыхалықтық лексика.
3.Диалектілік лексика.
3.Арнаулы лексика.Кәсіби терминология, кәсіби сөздер.

Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу өрісі ( таралу шеңбері), стильдік қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің бәрі жалпыхалықтық сипатта емес, кең таралған жалпыхалықтық сөздерден басқа , қолданылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған байланысты сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды.
Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Әрбір тілдің сөздік құрамында жалпылама ортақ лексикамен қатар ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың әрбір саласына телінді арнаулы сөздері де болады. Термин сөздер деп ғылым мен техниканың, мәдениет пен шаруашылықтың түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздерді айтамыз. Мұны бір сөзбен айтқанда терминдер деп атайды. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: кәсіби терминология, кәсіби сөздер.
Кәсіби сөздер әр алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасатын сөздер. Кәсіби сөздер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік кәсіби сөздер.
Дәрісті қорытындылау:
1. Сөздердің қолданылу сипатына қарай жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік мәніне байланысты түрлері. 3. Сөздердің актив және пассив түрлері.
2. Сөздер қолданылу өрісі жағынан өз ішінде екі топқа бөлінеді: а) жалпылама лексика, ә) қолданылу өрісі тар лексика.
3. Диалект, говор деп халықтың, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.
4. Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді: а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипатына байланысты түрлері қандай ?
2. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлеріне қайсысы жатады ?
3. Жалпыхалықтық лексика, терминдік лексика дегеніміз не ?
4. Арнаулы лексика неше салаға бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,, 1997.1 тарау.,89-98 б.б.
2.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.
3.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.83-91 б.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *