Шақ қатегориясы.

Шақ қатегориясы. Шақ категориясы ашық райға тән болып табылады. Етістіктің негізгі, басты категорияларының біріне жататын бұл категория тұлғаларының молдығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Әрбір шақ формасы (өткен шак, осы шақ, келер шақ) тарихи тұрғыда тұлғалық әрі семантикалық жағынан   қалыптасудың   жемісі.

Ашық райдың ішінде еткен шақ тұлғалары формаларының көптігімен айрықшаланады. -ды еткен шақ формасы — барлық түркі тілдерінде кездесетін әрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисеи

 ескерткіштері тілінде -ды (ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған. Яғни, үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң қатаңнан да ұяңнан да басталуы ұшырасады: адырылды (адырылты), өлті (өлді). Сондай-ақ, қатаңға біткен түбірлерге де бірде -ды/-ді, бірде -ты/-ті форманттарының тіркесу жағдайлары кездеседі: (качды) качты, тоқытдым (тоқыттым). XI ғасыр ескерткіші «Диван луғат ат-түрікте» сирек те болса -ды/-ді аффиксінің қатаң түбірлі етістікке тіркесуі ұшырасып қалады (чокді, тоқды).

         М.Қашқари -ды өткен шақ түлғасының қандай жағдайда қатаң немесе ұяң вариантта жалғанатындығын арнайы көрсетіп кетеді. Оның айтуынша, бұл формант қатаң дауыссыздарға біткен етістіктерге тіркескенде -ты тұлғасына айналады. Орхон-Енисей дәуіріне қарағанда орта ғасыр ескерткіштері тілінде (Құдатқу біліг», «Диван») дыбыс үндестігінің белгілі бір қалыптасу деңгейіне жеткендігі байқалады. -ды өткен шағының құрамындағы дауыстылардың өзгеріп кездесу құбылысы да назар аударар мәселе. Орта ғасыр жазбаларында еріндік -ду, -дү вариантты өткен шақ тұлғалары I және II жақта кездесіп отырады (көрдүм, болдүм); III жақтағы қолданысы өте сирек, негізінен «Қодекс команикуске» тән: түштү, кәрдү. Ибн Муханна, М.Қашқаридың пікірінше мүндай құбылыс диалектілік сипатқа ие. М.Қашқари аталған өткен шақ құрамындағы дауыстыға байланысты үш топты беліп керсетеді. Бұл топтау бойынша түріктер «бардым», оғыздар және басқалар «бардам», арғулар «бардум» дейді. Еріндік дауыстылы еткен шақ формасының колданылуы бір жағынан ерін үндестігінің көрінісі болса, екінші жағынан тайпалық тілдер ерекшелігімен байланысты.

         -ды өткен шақ тұлғасының арғы негізі жайлы көзқарастарды негізінен үш топқа бөлуге болады. Түркологтардың басым көпшілігі -ды формасының шығу негізін қимыл есімімен байланыстырады.

         Мұндай көзқарастың тууына тұңғыш түрткі болған О.Бетлинктің пікірінше -ды формантының қалыптасуы мынадай: алдық-ым> алдыг-ым>алды-ым, алды-м. Ал П.М.Мелиоранский бұл форманың негізі етістіктен жасалған -ды, -ты тұлғалы есім дей келіп, сығынды, ағынды сөздерін мысалға келтіреді. Осы көзқарасты жақтаушы К.Броккельман бойынша есім -ыт, -іт тұлғалы: алыт-ым>алт-ым>алд-ым. Зерттеушілер ішінде өзіндік пікірімен ерекшеленетіні — П.Кузнецов. Оның түйіндеуінше -ды өткен шақ тұлғасы -дық шақ формасынан келіп шыққан. Түркологтардың келесі бір тобы -ды формантын түрлі көмекші сөздермен және морфологиялық көрсеткіштермен байланыстыра қарайды. Мысалы, А.Қазем-Бек і(ідім, ідің, іді), В.Радлов тур кемекші етістіктеріне, С.Е.Малов -ты көсемшесіне, А.Н.Кононов тәуелдік жалғауының ежелгі формасына апарып тірейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *