Қазақ тілінде қалау рай барсам екен, барсаң екен конструкциялары

Қазақ тілінде қалау рай барсам екен, барсаң екен конструкциялары арқылы да жасалады. Мұны Қашқари көрсететін барығсақ ерді тұлғасымен байланысты деп қарау мақұл: барығсақ ерді> бар (ығ) + са/қ ерді>барса еді. Түркі тілдеріндегі ғ, г дыбыстарының тарихи өзгерісіне келіп саяды. Сонымен, қазақ тіліндегі барсам екен тәрізді қалау рай тұлғалары етістік түбірге шартты рай қосымшасының жалғануы арқылы емес, қимыл есім тұлғасында -сақ қосымшасының қосылуы арқылы қалыптасқан. Әрине, -сақ қосымшасының езі де күрделі:. -са-қ, алдыңғы элементі етістік жасайтын аффикс. Қысқасы, барсам екен қимыл есім тұлғасынан қалыптасқан.

Шартты рай тұлғасы -са, -се V—VIII ғасыр ескерткіштерінде (Орхон-Енисей жазбаларында) -сар, -сер түрінде ұшырасады: ол ііергерү барсар, түрк будун, өлтечісен. Бұл тұлғаның қазіргі тілдегі осындай тұлғадан бір айырмашылығы — тәуелдік жалғауларды қабылдамаған. Қай жақта айтылғаны постпозициялық қолданыстағы жіктеу есімдіктері арқылы берілген. Көне түркілік -сар аффиксі кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілінде соңғы -р-сіз кездеседі. М.Қашқари сөздігінде, «Аттухватузда» тек қана -са. Бұған қарағанда, шартты рай тұлғасына жақ жалғаулардың қосылуы оның құрамынан элементі түсіп қалғаннан кейін ғана болса керек. М.Қашқари Диванында бұл тұлға шарт мағынасымен қоса мезгіл мәнін берген. Контекстік қолданылуына қарай бірде шартты, бірде істің істелуге тиіс уақыт, мезгілін білдіріп отырған. Көне түркілік -сар аффиксінің элементі түсіп қалу кезеңін дәл айту, әрине, қиын. Орта ғасыр жазбаларында тек қана -са күйінде кездессе, V—VIII ғасыр жазбаларында тек қана -сар. Алайда «Алтун яруқ» (X ғ.) тілінде -сар, -са тұлғалары жарыспа қолданылған. Малов -са түуіғасын қалау рай деп қарайды да -сар тұлғасын шартты рай деп түсіндіреді. Бұған қазіргі қазақ тіліндегі суса (су-са), қауса (қау-са), қақса (қақ-са) тәрізді есімнен осы тәрізді аффикс арқылы жасалған етістіктер де дәлел болса керек. М.Қашқари сөздігінде -са екі түрлі тұлғада жалғанатыны келтіріледі. Бірі, жоғарыдағыдай, етістік түбірге жалғану, екіншісі — қимыл есімге (көбіне -ығ тұлғалы) жалғануы. Қашқари сөздігінде соңғы тәсілге мынадай фактілер келтіріледі: «ер қурурсады — адам құртты тіледі (кұрт жегісі келді). Қөзүрседі ол меңе тон көзүрседі — ол маған тон кигізгісі келді. Татығсады ер татығсады — кісінің көңілі тәттіні тіледі. Сатығсады — сатқысы  келді.   Ер атын   сатығсады — кісі атын сатқысы келді. Ьарығсады — барғысы келді. Ол ев-ге барығсады— ол үйге барғысы келді. Туруғсады — тұрғысы келді. Ол мұнда тұруғсады — оның осы жерде тұрғысы келді». Осыдан бұрын әңгіме болған -ығсақ тұлғасының да бұдан ешқандай айырмашылығы жоқ (Қашқаридың өзі солай түсіндіреді). Екінші бір ретте -ығсақ тұлғасы туралы «Есім сөздер арқылы сол мағығынаны (қалау, ниет) аңғартпақ болғанда, кісіні сол сөзбен байыптайды. Сондықтан ол ер ол тауарсақ — ол кісі дүниені ғана тілейді, дүниені дос тұтады»,— деп жазады. Сонда -ығсақ тұлғасы да екі түрлі түбірлерге, бірде етістік түбірге, бірде есім түбірге жалғанатын болып шығады. Есім түбірге жалғануына қазақ тіліндегі сусақ, уйірсек, жемсек тәрізді сөздер мысал бола алды. М.Қашқари тағы бір жерде — істі істеу тілегінде екенін білдіруші сипат мынадай формада қолданылады: тобуғсақ ер — іс қызметті тілеуші, сүюші кісі дейтін де ескертпе айтады. Айналып келгенде, -ығсақ тұлғасы қимыл есімі, сондықтан да ол анықтауыш қызметінде қолданыла алады.

         Енді осы тұлғаларды сырттай салыстырып байқайық: -сар, -/ығ/ + сақ, -/ығ/ + са. Егер алдыңғы қимыл есім тұлғасын былай қойсақ, бәріне ортақ элемент -са келіп шығады. -сар құрамындағы де -сақ құрамындағы сияқты (оның қимыл есім тұлғасы екенін қазіргі тілде осы формада айтылатын есім сөздер дәлелдейді) қимыл есім, есімше форманты. ауыспалы келер шақ жасайтын қосымша екені барлық жазба ескерткіштер тілінен белгілі. Бүкіл тұлғаның (әуелі -сар, кейін -са) келер шақтық мән алуына бір жағынан бұл да себеп болса керек. Сонымен, шартты рай форманты -са, -се бір кезде түбір және -ығ тұлғалы туынды есімнен етістік жасайтын аффикс, жай түбір етістіктің аналогиясы арқылы етістік түбірге де жалғанып, оның модальдық түрін жасайтын болған: -ығ фонетикалық жағынан тұрақсыз, сондықтан да ол көп түркі тілдерінде сақталмаған. Соның салдарынан, -сар немесе -са аф-фиксі тікелей етістік түбірге жалғанатын болды. Ал тува тілінде -ықса сипатында ұшырасады. Яғни, ол тілде -са аффиксі тікелей етістік түбірге қосылмай, туынды тұлғаға — қимыл есім тұлғасына жалғанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *