Лексикалық табу мен эвфемизмдер және дисфемизмдер.
1.Лексикалық табу құбылысының өзіндік сипаты.
2. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары
3.Эвфемизм, олардың пайда болу жолдары.
4.Дисфемизм құбылысы.
Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Эвфемизм — бір затты немесе құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы. Эвфемизмдердің жасалу жолдары әр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, литота тәсілдері арқылы жасалған эвфемизмдер жиі кездеседі.
Дисфемизм құбылысы эвфемизмге қарама –қарсы құбылыс.Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.
Дәрісті қорытындылау:
1. Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты.
2. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады.
3. Эвфемизм — бір затты немесе құбылысты сыпайылап айтып жеткізу амалы.
4. Тілдегі әдепті сөздерді әдепсіз тұрпайы сөздермен ауыстырып айту құбылысын тіл білімінде дисфемизм деп атайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Табу, эвфемизм дегеніміз не?
2. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары қандай? Кімдер зерттеген?
4. Дисфемизм дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Аханов. К. Тіл білімінің негіздері. –А.,2002.
2.Ахметов Ә.Қ. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. –А.,1995.
3.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
5. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.