Семасиологияның зерттеу нысаны. Сөз – лексикалық бірлік. Ұғым және сөз.Сөз және мағына.
1. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттеу нысаны, салалары, зерттелуі.
2. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Сөздің анықтамасы.
2. Семасиологияның зерттеу нысаны.
3.Сөз- лексикалық бірлік.
4. Ұғым және сөз.
5. Сөз және мағына.
Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның енді бір саласы салыстырмалы лексикология. Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар. Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымымен де лексикология өзара тығыз байланысты.Ол өз ішінде антропонимика және топонимика болып бөлінеді.
Қазақ тіл білімінің лексикологиясы саласы 1950 ж. зерттеле бастады. Бұл кезеңде лексикологияның жалпы мәселелеріне арналған Н.Сауранбаев, С.Аманжолов ,Ғ.Беғалиев, Ғ.Мұсабаев еңбектерінен басқа омонимдер туралы К.Аханов, синонимдер жайында Ә.Болғанбаевтың т.б. зерттеулері бар.
Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз өзімізді қоршаған кең дүниедегі зат пен құбылыстың атауы болғандықтан, оларға тән телінді дербес өзіндік мағынасы болады. 1. Сөз — өте-мөте күрделі тілдік бірлік. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес бірлік.
Дәрісті қорытындылау:
1. Лексикология- тілдің лексикасын, сөздің құрамын зерттейтін ғылым .
2. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология, салыстырмалы лексикология болып бөлінеді.Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар.
3. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды.
4. Ұғым – заттың немесе құбылыстың басты белгілерінің ойда қорытылып , топшыланған бейнесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі қазақ тілі лексикасының зерттеу объектісіне не жатады?
2. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының салалары қалай жіктеледі?
3.Сөзге қандай анықтама бересің?
4. Сөз- лексикалық бірлік, ұғым және сөз, сөз және мағына бұлардың арасында қандай байланыс бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.,А.,2008.
2. Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1996
3. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: 1997
4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975.