Қасқыр туралы қызықты қырық дерек

1) Қасқыр ешқашан да екі рет жұп құрмайды.

2) Терісін тірідей сойып алсаң да, қыңсылап дыбыс шығармайды.

3) Қаншығы, яғни құртқасы өмірінде бірақ рет бөлтіріктейді.

4) Күшік кезінен асырасаң да, құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді.

5) Иттің иесі болғанымен, бөрінің Тəңірісі бар.

6) Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады.

7) Бөлтіріктесе, жанындағы елді мекендердің малына шаппайды. 8)Қазақ қасқырдың атын атамаған, құтырып кетеді деп ойлап, «ит-құс» деп атаған.

9) Қасқырдың терісінен жасалған ішікті белсіздікке ұшырайды деп жас жігіттерге кигізбеген.

10) Қасқырдың ішігін жамылған адамды боран болсын, ызғар болсын ала алмаған.

11) Қасқырдың терісін 1-2 сағат бөстек қылып отырсаңыз, күні бойы денеңіз қызып жүреді.

12) Терісін аяқ-киімге ұлтарақ қылып салсаңыз, табаныңызадан еш уақытта суық өтпейді.

13) Қазақ бөріні киелі деп «пір» тұтқан.

14) Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса, ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды ырымдаған.

15) Қасқырдың тісін,тырнағын адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе, тіл-көзден ада болады деп ұққан.

16) Қасқырдың нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер т.б. жоламайды. 17) Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырына баспайды, ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді. 

18) Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір-біріне ұқсамайды

19) Ұйлыққан қасқырды қазақ атпаған, өршеленіп кетеді деп ойлаған. 

20) Қасқырдың терісін илеп, қайнаған суға бірнеше рет салсаныз да, өзіне тəн иісі ешқашан да жоғалмайды.

21) Қасқырды қазақ халқы ешқашан да азаптап өлтірмеген, киесінен қорыққан, құрметтеген.

22) Өмірде қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ.

23) Қасқыр қыста боранды күндері күніне 100 шақырымнан астам жортады.

24) Аңшылар қасқыр аулаға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған, себебі қасқырлар неше шақырымнан болса да мылтықтың исін сезіп қояды.

25) Қасқырдың тісі тиген, қасқыр талаған малды қайта қатарға қосылмайды деп сойып тастаған.

26) Қасқыр малдың ұлығы түйеге тиіспеген, киесін таныған. Егер де түйе шөгіп жатса, үстінен секіріп өткен.

27) Бөлтірігіне тамағын құсып береді.

28) Бір топ болып өтсе де, яғни үйір болып, бір ізбен жүрген, соқпақ жасамаған.

29) Əзірет Əлінің күші жетіге бөлінсе, қазақ халқы біреуі қасқырдан деп ұққан.

30) Қасқырдың тісі тік болмайды айқасып қалады, тым қатты ашыққанда аузын ашып жүреді, өйткені жағы қарысып қалады.

31) Аңшылар қасқырды қуғанда бір жағынан қуған, əбден шаршағанда екінші жағынан ұрып алған, себебі қасқырдың мойны да бұралмай, қарысып қалады.

32) Қасқырдың ішігін киіп атқа жақындаса, ат үркіп, мінгізбей қояды. 33) Қасқырдың көзі өте өткір болады,түнде шамсыз да қып-қызыл болып жанады.

34) Қасқыр дыбысты 10 шықрымнан естиді, иісті түгел ажырата алады.

35) Жаны қысылғанда екі-үш метр биіктіктен секіріп өтіп кете береді. 36) Үйірді бастап жүретін арландары болады.

37) Сарыған тезек тастаған жеріне 3 немесе 7, 14, 21 күнде əйтеуір бір соғады жəне ескі қораға құдық қыстауға бір соқпай кетпейді.

38) Бөлтірігін туарда апанын судан қашық қылмайды, 2-3 шақырымдай жерден қазады.

39) Жаңадан туғанын Соқыр, Майтабан, Қарақұлақ, Бөлтірік, Көксерек деп атайды, қатігезін Қорқау бөрі, кейде шөгел дейді.

40) Терісін сыпырып алғаннан кейін де етіне шыбын-шіркей қонбайды, құрттамайды, қатқан болып жата береді, исін сезген бірде -бір аң еттің маңына да жоламайды, иттер қасқырдың өлексесі бар үйдің маңынан аулақ жүреді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *