Күрделі синтаксистік тұтастықтардың стильдік қызметі.
Дәріс жоспары:
1. Күрделі синтаксистік тұтастық туралы түсінік.
2. Күрделі синтаксистік тұтастықтардың түрлері.
3. Күрделі синтаксистік тұтастықтардың стильдік мақсатта қолданылуы.
Мақсаты: Күрделі синтаксистік тұтастықтардың стильдік қызметіне тоқталу.
Қысқаша мазмұны:
Ж.Қайшығұлова күрделi синтаксистiк тұтастықты «күрделi фразалық тұтасым» деп атайды, оны мәтiннiң мүшеленуiнiң ең кiшi бiрлiгi деп қарайды және мәтiн байласымының үш түрiн көрсетедi :
1.Сөйлемнiң сатылық /бiрiздiлiк/ немесе тiзбектiк байласымы.
2.Параллельдiк тәсiлi бар сөйлемдер тiзбегi.
3.Сөйлем байласымының параллельдiк тәсiлi.
Жазушының стилiн анықтауда күрделi синтаксистiк тұтастықтардың, олардың түрлерi мен байланысу тәсiлдерiнiң де өзiндiк орны бар. Себебi күрделi синтаксистiк тұтастықтар шығармада әр түрлi стильдiк қызмет те атқаруы мүмкiн. Күрделi синтаксистiк тұтастықта автор ой жүйесiмен қатар оның әр түрлi экспрессивтiк-эмоциялық, модальдiк реңктерi де берiледi.
Әуелде ауыр қылмыстыларға кешiрiм жасауды жоспарламаған Ораз Мұхамед зынданның жеке бөлiктерiн аралау үстiнде жазалы жұрттың ешқайсысын да кеңшiлiктен қақпады. Бәрi де жазалы емес, жапалы көрiнген. Жапалы емес, жалалы. (М.М.)
Берiлген мысалда күрделi синтаксистiк тұтастық тiзбектi байланысқа құрылған. Бiрiншi сөйлемдегi бiр сөз екiншi сөйлемде, екiншi сөйлемнiң бiр сөзi үшiншi сөйлемде қайталанып келiп отырады. Сол арқылы жазушы кейіпкерлер басындағы күйді мейлінше тереңдетіп, оқырман сезіміне әсерін күшейте түседі.
Күрделi синтаксистiк тұтастықтар кейiпкер портретiн жасауда ерекше қызмет атқаруы мүмкін.
Қырынан қарағанда қыз әп-әдемi болып көрiнедi екен. Тайқылау бiткен тар маңдайы да, артық-ауыс жерлерi қырналып, қажеттi қалыпқа түсiрiлген қою қара қасы да ұнасымды. Екi танауы делдиiңкi, келiссiз мұрны да қырлана қалғандай. Жалпақ, доғал иегi де қайтадан қашалғандай мүсiндi. Тал бойына жараспай тұрған мүше – астыңғы ернi iсiңкi. Үстiңгi ернi түрiк бiткен үлкен ауыз ғана. Әйткенмен, Әлия дәл осы сәтте маған әжептәуiр оңды қыз тәрiздi көрiндi (М.М.).
«Көркем шығарма құрылымында күрделі синтаксистік тұтастықтар бір оқиғадан екінші оқиғаға, бір баяндау планынан басқасына өтуді ұйымдастырып отырады, сөйтіп шығарманың жалпы сюжеттік өрбуін ұйымдастырумен қатар, баяндаудың әр түрлі рең құбылыстары бір-бірімен ауыстырып отыратын стильдік амал ретінде пайдаланылады. Күрделі синтаксистік тұтастық арқылы жазушының не кейіпкердің психологиялық көңіл-күйі ашылады. Белгілі бір оқиға тарамдай бяндалады, кейіпкердің портреті жасалады. Ондайда күрделі синтаксистік тұтастықтар оқиғаның. Автор ойының жалпы ағымын ғана беріп қоймай, түрлі экспрессивтік-эмоциялық қырларын, модальдік реңктерін және сол арқылы туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді».
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996