Фразеология туралы түсінік
Дәріс жоспары:
1. Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі.
2. Фразеологиялық синонимдер.
3. Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер.
4. Орыс тілінен енген фразеологизмдердің қолданылуы.
Мақсаты: Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі туралы мәлімет
Қысқаша мазмұны:
Фразеологизмдердің жеке сөздерге қарағанда көріктеуіш құрал ретінде жұмсалатын бейнелі, экспрессивті, эмоционалды қызметі ерекше.
Жазушы кез келген өмір құбылысын суреттеуде болсын, кейіпкер бейнесін жасауда болсын фразеологизмдерді орынды қолдану арқылы оқырманға айтайын деген ойын дәл, анық әрі әсерлі етіп жеткізеді. Тұрақты тіркестер күрделі ой- түйіндерді ықшамдап аңғартатын, көркемдік құрал. Жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр-сырын, оның сыртқы бейнесін, ішкі жан дүниесін әртүрлі тілдік тәсілдерді қолдану арқылы бейнелейді. Кейіпкер бейнесін, оның түр-тұлғасын, ішкі сезім иірімдерін әсерлі етіп жеткізуде әсіресе, фразеологизмдердің қызметі ерекше.
«Тұрақты сөз тіркестеріне эмоционалды-экспрессивті болу тән. Экспрессивті тұрақты сөз тіркесі сезімге ерекше әсер етеді. Мұндай тұрақты тіркестер әртүрлі көңіл-күйге байланысты жұмсалады». Көркем шығарма тіліндегі фразеологиялық тіркестерді талдау арқылы — әрбір автордың өзіндік стиль жасаудағы тілдік тәсілдерінің бояу-өрнегін айқындауға болады.
Қазақ фразеологизмдері функционалды-стилистикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай стильдік топтарға жіктеледі:
1. Бейтарап қолданыстағы фразеологиялық тіркестер.
2. Кітаби фразеологиялық тұлғалар.
3. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестер.
4. Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологиялық тіркестер.
Көркем шығарма тілінде қарапайым фразеологизмдердің де стильдік қызметі ерекше. «Әдеби тіл нормасына сай келмейтін, жай дөрекі тұрақты тіркестерді қарапайым фразеология дейміз. Алайда ол әдеби тіл нормасына жатпағанмен, көркем әдебиетте образ жасау үшін кейіпкердің сөзінде кездесіп отырады.Бұл тілдік амал арқылы жазушы кейіпкердің ой-өрісін, өскен ортасын, әлеуметтік халін, мінез-құлқын көрсетеді».
«Сенің өзің ноғайсың!» деді қартаңдау біреу. «Атаңның басы!» — дедім мен айғайлап (М.М.)
«Жын соққан ба өзін!» деді күбірлеп (М.М.) Берілген мысалдардағы қарапайым фразеологизмдер кейіпкердің мәдени дәрежесінен, мінез-құлқы мен алған тәрбиесінен хабар береді. Мұндай қарапайым фразеологизмдер тек кейіпкер тілінде ғана кездеседі және жағымсыз реңкімен, төменгі стилистикалық функциясымен ерекшеленеді.
Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазба тілде де көп қолданылады. Фразеологизмдерді қолданудың екі түрлі стилистикалық тәсілі бар:
1.Фразеологизмдердің жалпыхалықтық тілде қолданылуы.
2.Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылуы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982