Қазіргі қазақ тілінде –н қосымшасымен қалыптасқан сөздер де үлкен топ. Б.Юнусалиевтің белгілі зерттеуінде осы аффикс арқылы қалыптасқан 7-8 түбір сөз келтіріледі: келін, сауын, сан, жалын, құйын, жақын, жуан. Б.Юнусалиев этимологиясын негізінен қостай отырып, кейбір жерлерде дәлдік қажеттігін айтпасқа болмайды. Қырғыз тіліндегі жоон, қазақ тіліндегі жуан бір ғана түбірдің екі түрлі фонетикалық варианты екені айқын. Көне түркі тілінде осы мәндес сөздің үш түрлі варианты кездеседі: йаған (Малов, 383), йоған (Малов, 389), йоғун (ДТС, 270).
Қазіргі тілімізде түбір деп қаралатын бірсыпыра сөздер – т тұлғасында келеді. Бұл тұлға да осыдан бұрын әңгіме болған қосымшалар тәрізді етістіктер құрамында да есімдер құрамында да кездеседі. Айт, көне түркі тілінде: «ай – говорить, рассказывать, указывать распоряжаться…» (ДТС, 25), «айыт – побуд. от ай… айтыш – побуд. совм. От ай…» (ДТС, 29-80). Бірақ кейінгі дәуірлерге қатысты қыпшақ жазбаларында: айт (АФ. «Ат — тухват», ПД.), яғни, түбір мен қосымшасының тұтасқан түрі ғана қолданылған: қайт, көне түркі тілінде: «қай – поварачиваться, оборачиваться… қайыт – свернуться, поклониться в сторону… қайыш – совм. от қай — …» (ДТС, 406,407). Бірақ:ПД, СС, Абух., қайт, түбір мен қосымшасының тұтасуы.
-т тұлғалы есімдер де бар. Олардың қай-қайсысы да етістік түбірден жасалғандығы байқалады. Кейбірі мына төмендегідей: үміт, көне түркі тілінде: «ум – надеяться, ожидать…» (ДТС, 616).
Сонымен бірге, тілімізде –а, -е қосымшаларымен қалыптасқан түбірлер кездеседі. Мысалы, түзе, осы етістікпен түбірлес түзік сын есім де бар, екеуіне ортақ түбір – тұз, көне түркі тілінде – «түз – 1, приводить в порядок, наводить порядок, устраивать, улаживать, 2, ровнять выравнивать» (ДТС, 602). Қазақ тіліндегі түзе тарихи негізі алғашқы түбірдің осы мәндерінің бәрін де бойында сақтаған.