Пән бойынша глоссарий

Пән бойынша глоссарий

Аккомодация (лат.  Accommadatio —  бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі.

Акцентология (лат.  Accentus —  екпін және грек  logos  — сөз, ілім)  — 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге  байланысты болатын тілдік құбылыстардың  жүйесі.

Аллофон – фонеманың әр түрлі айтылуы.

Апокопа – морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: «барады- барад», «барамын – барам» т.б.

Ассимиляция (лат.Assimilation – үндесу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.

 Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді.

Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы  көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі.

 Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) – қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі.

 Бихевиоризм (ағылшын –behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан,  бихевиоризм теориясы туындайды.

Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.

Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және  logos  — сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн – бүгін, алып кел- әкел.

Деривация (лат. Depivatio – жасалу) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі.  Дериваттарды  суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса («бас» — «бастық»), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді («сайла» — «сайлау»).

Диахрония (грек. diachoponos – уақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.

Диссимиляция (лат. Dissimilatio — өзгеру) – сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы.  Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады.

Диэреза —  сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.

Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын  фонетикалық өзгерістер. Оның  негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.

Жасанды тілдер – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның  түрлері  — мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі,  химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б.

Жест тілі (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе.

Интерференция (лат.  inter  — аралық,  ferio -соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы.

Конверсия  (сөзжасам) – бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс – соғыс,  ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.).

Консонантизм (лат. consonantig  — дауыссыз дыбыс) – тілдегі  диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі.

Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі.

Ларингал (грек.  Larynx —  көмей) —  көмейлік дауыссыз дыбыс.

Метатеза – (грек.  Meafofhesis —  орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың  өзара орын ауыстыруы.

Морфема – (грек.  Morrhe —  форма) – тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің  белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді.

 Ономасиология —  номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан  осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді.

 Ономастика  (грек.  Onomastike (techne) —  атау өнері) —  жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің  саласы.

Протеза (грек. Proflogis —  алдына қою)  — сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.

Редукция (лат.  Reductio —  кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі.  Сандық редукция  — екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол  себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.

Редупликация (лат.  Reduplication —  қосралану) —  алғашқы буынның  (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б.

Семиотика (грек.  Semeion —  таңба, белгі) – хабарды  сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

Сингармонизм (грек.  Syn —  бірге және  harmonia —  қос үнділік, үндесу)-  морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *