Биофильтр.

        Биофильтр. Аэробты бактериялар қатарымен пайда болған биологиялық пленкамен қапталған , ағынды сұйықтық ірі дәнді – дақылды материал арқылы фильтрленетін аппараттан ( сооружение ) тұрады. ( 3 сур. қараңыз ). Ағынды су биофильтрге тұнбаға бөлшектеп тазартылғаннан кейін түседі.

       Биофильтраттың фильтрлік жүктемесінен өткен соң, жүктелген су онда ерімеген қосылыстарды, біріншілік тұнбада еленбеген, сондай – ақ еоллойдты және ерітілген органикалық заттарды қалдырады. Бұл заттар биофильтр материалының бетін жауып тұрған биологиялық пленкамен адсорбіленеді. Қалың жабылған биопленканы микроорганизмдер органикалық заттарды тотықтырады және сол жерден тағамдық заттармен қоректенеді.

       Биофильтрлер жай тамшылы және жоғары жүктемелі ( высоконагруженный ) . Кейінгісінде жүктеме биіктігі 3 … 4 м құрайды. Жоғары жүктемелі биофильтраттың тамшылыға қкркғанда ашыту күші әлде қайда жоғары болады. Берілген фильтрлерді келесі белгілері бойынша классификациялайды :

       

      

      

         Тазарту дәрежесіне қарай – толық және толық емес биохимиялық тазартуға жұмыс істейтін биофильтрлар.

  1. Ауа жіберу дәрежесіне қарай – ауаны табиғи және жасанды жіберетін боифильтрлар.
  2. Жұмыс режимі бойынша – циркуляциясыз және рециркуляциямен жұмыс істейтін биофильтрлар.
  3. Технологиялық жобасы бойынша – бірбаспалдақты және екі баспалдақты биофильтрлер. Кейінгісін тазарған ағын сапасын қажет болған жағдайда қолайсыз климат шартында қолданылады.

 

 

 

  1. Мөлшерлеу резервуары.
  2. Бөлшектеуіш тор.
  3. Фильтрлеп шығарғыш.
  4. Жерастындағы тор.
  5. Жинақтағыш тор.

          

     Ағынды суды механикалық және биологиялық тазартудан кейін бактериялар саны азаяды. Бірақ потогенді бактерияларды толық тазарту хлорлау, электролиздеу, бактерицидтік сәулелендіру арқылы жүзеге асатын дезинфекция көмегімен іске асырылады. Кең көлемде ағын суды газ түріндегі хлормен немесе хлорлы ағартқышпен хлорлау қолданылады. Ағынды суды механикалық тазартудан кейін хлор мөлшері – 30 мг/л, ал биологиялық тазартудан кейін – 10  мг/л. Дезинфекцияланатын сумен хлор жақсы араласу керек.

       Газды хлормен бірге хлорлау құрылғысы хлоратонды, араластырғыш және контактылы резервуардан тұрады. Ағында суларды дезинфекциялау кезінде көлемдік шығыны 1000 мі/тәу мөлшнрде хлорлы ағартқыш қолданылады. Құрылғы ерітінді багынан, дозотордан, араластырғыш және контактылы резервуардан тұрады.

       Тазаланған дезинфекцияланған суды су құбыры арқылы шығарады, ол береговой колодецтан аяқталады, су одан шығып водотокқа құйылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *