Көп жағдайда механикалық тазарту физико – химиялық немесе биологиялық тазартуға дейін қолданылады .
Тазартудың физико–химиялық әдісі өндірістік ағынды су үшін қолданылады.Мұндай әдістерге: коагуляциялау, нейтрелдеу, экстрагирлеу, сорбция, электролиз және басқалары жатады. Коагуляциялау нәтижесі кезінде ағынды суға ерімеген тұрыпқалған заттар мөлшері артатын, бөлшектерді күшейтетін реагент қосады. Электрлік әдіс негіздерінің бірі болып ағынды су арқылы тұрақты электр тогын өткізу болып табылады. Бұл кезде пайда болатын және ерітіндімен суда орналасқанэлектролит иондары анод пен катодқа қосылып жаңа қосылыстар түзеді. Бұл жаңа қосылыстар болашақта реагент ретінде әсер етеді.
Ағынды суды тазартудың биологиялық әдісі. Ағынды суда жұқа суспензия , коллоид және ерітінді түрінде болатын, микроорганизм тіршілігінде органикалық заттарды тотықтыруға және минерализациялауға қабілетті болып негізделген әдіс. Бұнымен қоса тотықтырғыштармен ортақ атауы бар аппараттар қолданылады.
Ағынды суды тазартудың биологиялық дәісіне қолданылатын аппараттарды негізгі екі түрге бөледі :
- Тазарту шынайы түрде жақын жасалған шарт бойынша жүретін мекеме (сооружение).
- Тазарту жасанды жасалған шартта жүретін мекеме.
Өз кезегінде бірінші мекеме түрін екі мекемеге тазартылатын ағынды судың фильтрлеуі жүретін және шынайы бассейнді келтіретін деп бөледі.
Жасанды шартта жүретін ағынды судың биохимиялық (биологиялық) тазартуына фильтрлер және аэротендер қолданады. Бұл мекемелерде тазарту процесі жасанды жағдайдағыға қарағанда әлде қайда қарқынды жүреді. Барлық керекті тазартудан өткен ағынды суды су қоймасына жіберер алдында, бактериялы ластануын жою үшін дезинфекциялайды (зарарсыздандырады).
Ағынды суды кез – келген әдіспен тазартса да біріншілік тұнбада ерімейтін заттардың қалдықтары пайда болады. Бұдан басқасы биохимиялық тазарту нәтижесінде екіншілік тұнба кезінде бөлінетін қалдықтардың көп мөлшері пайда болады. Қалдықтар сумен қатты араласып кеткен қатты заттардан құроалады. Берілген қалдық санитарлық жағдайда өте қауіпті және жағымсыз иісі болады. Қалдықтарды олардағы органикалық заттар мөлшерін азайту үшін және оған жақсы санитарлық көрсеткіш беру арнайы мекемелерде анаэробты бактериялар әсеріне тап болады.
Мұндай мекемелерге: септиктер, екі қабатты тұнба, метантенкалар жатады.
Бірінші екі түрі бір мезгілде екі тапсырманы орындайды: тұндыру жолымен ағынды судан ерімейтін заттарды бөліп алу және пайда болған қалдықты зарарсыздандыру.
Метантенкалар қалдықтарды зарарсыздандыру үшін дайындалған.
Ағынды суды тазартуға арналған аппараттарды: ластанған сұйық олардан бірінен соң бірі кезек – кезек өтетіндей етіп орнатады.
Ағынды суды алдын–ала рет–ретімен торлар мен песколовкалардан өтеді.Содан кейін қатаң тазартудан өткен соң биологиялық фильтр арқылы біріншілік тұнбаға түсіп , одан әрі тұнба метантенкаға ашу үшін түсіріледі. Ашыған тұнба ары қарай механикалық зарарсыздандыру үшін құрылғыларға жіберіледі. Зарарсыздандырылған тұнбаны штабельге салып тыңайтқыш ретінде егістікке әкетеді. Жер асты су ағынды судың жалпы тасқынына қосылып дезинфекцияға тап болады.