СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Әдістемелік ұсыныстар

         Әрбір студентке пәнді оқу барысында жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.

Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет.  Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу — графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.

Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.

Тапсырмаларды орындауды оны тапсырудың соңғы күніне қалдырмаңыз. Өкінішке орай кебір студенттер солай жасайды. Сізге бұл жағдайда күрделірек есептерді шешу кезінде қиыншылықтар туындайды.

Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОСӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.

 

Тұрмыстық өндірістік судың тазалануы мен экологиялық тазартқыш жабдықтың мінездемесі

   Табиғи пайда болуына тәуелді ағынды су негізгі үш категорияға бөлінеді: тұрмыстық, өндірістік  және ағынды. Бұл су категориялары бір – бірінен құрамы, биологиялық белсенділігі, гигиеналық мағынасы, тазалау әдістерінің талаптарының әртүрлілігінде айырмашылықтары болады.

       Өндірістікке технологиялық процесс кезінде кірлеген ағынды сулары жатады. Олардың құрамы әртүрлі және олар өндіріс түрінен, ондағы қолданылатын технологиялық процес пен жабдықтан тәуелді болады. Өндірістік ағынды судың мөлшерін шығарылатын өнім бірлігіне енмесе шығындалған шикізат бірлігіне қатысты бөлінетін су шығынына қарап білуге болады.

       Ағынды суды шығарудың үш жүйесі бар: қоғамдық, бөлінген және жартылай бөлінген канализация жүйесі. Бөлінген канализация  жүйесін қолданады, бұл кезде айдау алдында тұрмыстық және өндірістік су қоспалары қаланық тазарту орындарына, ал жауын – шашынның ағынды сулары жеке су ағызу коллекторымен су жинағына айдалады.

       Ағынды су күрделі органикалық және минералды ластанудың еріген коллойдты және ерімеген күйіндегі күрделі жүйелерден құралады. Органикалық және бейорганикалық ластанудың компоненті коллоцдты және ерімеген күйінде ірі және жұқа дисперсті суспензия, эмульсия және көбік түзеді. Қалалық ағынды сумен олардағы ластану концентрациясын негізінен суды қолданушы мөлшерімен. өндірістік ағынды су құрамымен анықтайды. Ағынды судың ластануы жыл мезгілі, жұманың күндерімен және тәулік сағатымен бақыланады. Бұл өзгерістер адамдардың белгілі уақыттағы тұрмыстық және өндірістік қолдануына байланысты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *