Бұл құрылғының ерекшілігі – олардың конструкциясында модульға жиналған мембраналарды уақытында ауыстыру мүмкіндігі бар.
Нәтижесінде қызмет көрсету жеңілдейді, селективті мембраналарды орнатуда ауыр жұмыстар болмайды.
Осындай құрылғының бірі — УКФ – 12/20 құрылғысы. Ол үздіксіз әрекетті және ерітінділерді концентрлеуге арналған.
УФ – 15/20 құрылғысына кіретіндер:
Цилиндрлі тұрығы екі жағынан қақпақтармен герметикаланған мембраналық аппарат;
Корпуста бағыттаушыларға жайпақ рамалы типті екі модуль орнытылған.
Модуль жайпақ фильтрлеуші элементтер пакетінен тұрады;
Пакет пермеат әкетуге арналған каналдары бар ернелік (фланец) тартпа (стыжка) арасында қосылып тұрады;
Пермеат сыртқа аппарат тұрығында орналасқан слйктер (нипель) арқылы шығады.
УКФ-15/20 ультрафильтрационды қондырғы сұлбасы.
Құрылғы келесідей жұмыс істейді:
Шығын ыдыстары 1 жұмысшы ерітінді циркуляционды сораппен 2 бір алдын-ала
Фильтр 3 арқылы мембраналық аппаратқа 4 бағытталады.
Мұнда концентрлеу немесе тазалау процесі жүреді.
Содан еретінді мембраналық аппараттан жылуалмастырғышқа 6 бағытталады.
Содан соң жүйедегі қысымды реттеуге арналған кедергіш винтиль 5 (дроссель) арқылы пермеат шағын ыдысқа 1 қайта оралады.
Концентрлеу деңгейі шығынды сұйықтықтың көлемінің азаюымен анықталады.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар
Ұсынылатын әдебиет:
- Калунянц К.А., Голгер Л.И., Балашов В.Е., Оборудование микробиологических производств М.; Агропромиздат, 1987-398 с.
- Боротников И.В., Босенко А.М., Машины и аппараты микробиологических производств. Минск, Высшая школа, 1982-288 с.