Ферментаторлар микробиологиялық синтез алуда ең негізгі аппараттар болып табылады , шағын және ірі кәсіпорындарда кеңінен қолданылады.
Ферментаторлар бірнеше түрлеріне байланысты келесі түрде жіктелінеді:
- Өсіру (культивирования) әдісіне байланысты:
- сұйық қоректі орталарда тереңінен өсуге арналған;
- қатты қоректі орталарда беттік өсуге арналған.
- Өсіру циклінің құрылымы бойынша:
- үздіксіз әрекетті;
- үздікті әрекетті.
- Зарарсыздандырылуы бойынша:
- герметикаландырылған ферментаторлар;
- немесе герметикаландырылмаған ферментаторлар.
- Герметикалы аппараттардың конструкциялық ерекшелігі бойынша:
- араластырғыштары және диффузорлары бар ферментаторлар;
- айналдыратын аэраторлары бар ферментаторлар;
- механикалы араластырғыштары бар ферментаторлар;
- сыртында циркуляция жүретін контуры бар ферментаторлар;
- колонналы ферментаторлар;
- эжекционды жүйелі аэраторлары бар ферментаторлар.
Зарарсыздандырылған микроорганизмдерді өсіру процесін қамтамысыз ету үшін, ферментаторлар герметикалы болуы қажет және зарарсыздандыру процесі жүзеге асу керек.
Зарарсыздандыру арқылы аппаратты, құбыр жүйелерін бақылап өлшейтін және автоматты аспаптардың датчиктерін бумен зарарсыздандыру;
— зарарсыздандырылған қоректі орталарды және егілетін таза дақылдарды
ферментаторға беру;
— өсетін дақылдарға аэрациялауға (желдетуге) арналған
зарарсыздандырылған ауа беру.
Механикалық араластырғышы бар барботажды ферментатор
Бұл ферментатор өндірістерде кеңінен таралған және конструкциясы өте
қарапайым болып келеді.
Ферментатордың корпусы тік цилиндрлі, мен түбі эллипс тәрізді жасалған
болып келеді. Ал корпусының көлемі 63 м құрайды.
Аппараттың қақпағына келесі құрылғылар орнатылған:
— араластыратын құрылғының жетегі және механикалы көбікбасқыш ;
— сақтандыру құрылысы;
— қоректі орталар, егілетін материалдар, көбікбасқыш, ауаның кіруіне және
шығуына арналған келте құбырлары;
— көретін терезесі және жуатын головканы кіргізуге арналған люгі бар.
Орталарды пневматикалық араластыратын ферментаторлар.
Бұл ферментаторлардың сыртқы жағы орталарды механикалық араластыратын ферментаторларға ұқсас болып келеді, бірақ механикалық араластырғыш құрылғысы орнатылмаған.