Сүзгілер жұмыс істеу принциптері

Сүзу тәсілімен бөлгіштер (перегородка) арқылы біртекті емес жүйелерді бөлуге арналған аппараттар – сүзгілер деп аталады. Бөлгіш ретінде: талшықты материалар; металдан жасалған торлар; кеуекті керамикалар және ұнтақты қабаттар қолданады.

         Сүзгілер жұмыс істеу циклі бойынша үздікті және үздіксіз болып бөлінеді.

         Үздікті істейтін сүзгілерге жататындар:

  1. Сұйық бағанасы бойынша қысымда істейтін сүзгілер, бұның өзі келесідей бөлінеді: түйіршік қабатты гравитациялы (гравитационные с зернистым слоем); бетті (листовые ); қатты (мешочные) және сүзетін ыдыстар.
  2. Вакуум – сүзгілері (нутч-фильтрі).

Үздіксіз істейтін сүзгілерге жататындар:

  1. Вакуумда істейтін сүзгілер:
  • барабанды;
  • табақшалы;
  • таспалы.
  1. Қысымда істейтін сүзгілер:
  • барабанды.

Кез-келген сүзгілердің құрылысы қарапайым болып келеді. Біртекті емес

сұйық (суспензия) сүзгішке беріліп, сұйық фазасы сүзіледі, ал қатты фаза тұнба болып сүзгіштің бетінде қалып қояды.

         Биотехнологияда сүзгі аппараттары келесі мақсаттарда қолданылады:

  • дақылды сұйықтардан биомассаларды бөлу үшін;
  • құрамында биологиялық активті заттары бар ерітінділердің түсін өзгерту (осветления);
  • залалсыздандырып, сүзу үшін;
  • биологиялық активті затты ерітінділерінің тұнбаларын бөлу үшін.

Биотехнологияда сүзгілер ішінде барабанады сүзгі – пресі және үздіксіз әрекетті таспалы сүзгісі ең тиімді болып табылады.

Барабанды сүзгі- престің негізгі жұмысшы органы көлденеңінен орнатылған айналатын барабан болып табылады.

Барабан бірнеше секцияға бөлінген. Барабан бір рет айналу кезінде секциялары төрт зонадан өтіп шығады.

Барабан секцияларының сыртқы беті материалмен жабылып сырты сүзетін бельтинг талшығымен қапталған.

Барабанның айналу жиілігі 0,13 – 3 айн/мин дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Арнайы цапфаға орнатылған үштірекпен, барабан айналысқа келеді. Барабан астында тұғырығы (поддон) бар. Сонымен қатар тербелетін араластырғышы және құйып отыратын науасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *