Шлюзді мөлшерлеуіштер цилиндрлі корпус ішінде орналасқан алты қуыстары бар роторынан тұрады. Ал қуысының қабырғалары радиалді жасалған. Ротордың айналысы электроқозғалтқышқа жалғанған буынтықты төмендеткіш (червячный редуктор ) және храпті механизм жетегімен жүзеге асады. Мөлшерлегіштің үстіндегі қабылдағыш шанақтан (бункер) материал ротор қуыстарына түсіп толтырылады. Ротор айналыс жасау кезінде астыңғы шығу жеңіне келіп түседі.
Мөлшерлегіштің өнімділігін қуыстардың көлемін өзгерту арқылы немесе барабанның айналу жиілігін өзгерту арқылы реттеледі. Шлюзді мөлшерлеуіштердің өнімділігі типті өлшемдеріне байланысты болады, мысалы: 0,14-1,3; 0,7-3,6; 1,5-14,2; 6-56 м3/сағ. Роторының айналу жиілігі 0,033 – 0,31 с-1 және 0,035 – 0,33 с-1болады.
В-1 типті қоректендіргіштер мен мөлшерлеуіштер ылғалдығы 1,5% — дейін, түйіршігінің өлшемі 5 мм дейін және тығыздығы 1,8 г/см3 дейін сусымалы материалдарды беру үшін қолданады.
Көлденең цилиндрлі корпустан, тиейтін және түсіретін келте құбыры бар мөлшерлеуіштер болады. Бұл мөлшерлеуіштердің корпусының ішінде материалдарды тасмалдау үшін винт-шнек жабдықталған. Мұндай мөлерлеуіштердің өнімділігі келесі факторларға байланысты болады, атап өтсек:
- винт диаметрінен;
- винт білігінің диаметрінен;
- винт қадамынан;
- винт орамының бұрыштарынан;
- айналу жйілігінен;
- өнімнің физика-химиялық және құрылымдық – механикалық параметрлерінен.
Егер өнім ұнтақ тәрізді жабысқақ, дұрыс сусымалы болмаса және өнімнің сусымалы массасының тығыздығы 8,8 г/см3 және температурасы 600С дейін болған жағдайда В-2 типті вибрациялы винтті дозаторлар қолданады.
Бұлар түйіршігінің өлшемі 5мм дейін және тығыздығы 1,8 г/см3 сусымалы материалдар үшін арналған және аппараттарда, қосқыштарда, ұнтақтағыштарда және стационарлы шанақтардың түсіру құрылғысы ретінде қолданады.
Сусымалы өнім телескопты стакан ішіне жүктеледі және конусты табақшаға шашыратылады.
Телескопты стакан бір-бірінің үстіне қойылған екі цилиндрден тұрады. Ішкі стакан өстік жылжу мүмкіндігімен орнатылған, яғни төмен немесе жоғары қозғалыс жасай алады.
Жылжу арқылы табақша конусы мен төменгі ішкі стакан арасынан саңылау пайда болады. Саңылаудың биіктігі бойынша өзгеріп отырады, бұл табақшалы мөлшерлеуіштің өнімділігін реттеуге мүмкіндік туғызады.
Табақша айналыс жасау арқылы және ортадан тебу күшімен ішіне түскен сусымалы материалымыз стакан мен конус арасының саңылауынан лақтырылады. Сонымен қатар ортадан тепкіш күшпен өнім түсіретін келте құбырға лақтырылады.
Кезеңді әрекетті салмақтық мөлшерлеуіштер.