Мөлшерлеудің негізгі мақсаты – берілген материалдарды массасына қарай белгілі бір дәлдікпен бөлу.
Қоректендіргіштер (питатели) – шикізатты әр түрлі аппараттар мен қондырғыларға бір келкі беру үшін қолданады.
Мөлшерлеуіштер (дозаторы) – дайын өнімді өлшеп орау (расфасовка) және буып түю (упаковка) кезінде бір келкі беруге арналған.
Қоректендіргіштер мен мөлшерлеуіштер конструкциясы жағынан бірдей болып келеді. Мөлшерлегіштер циклінің құрылымына байланысты үздіксіз әрекетті және кезеңді (яғни, дискретті) әрекетті болып бөлінеді де мөлшерлеу әдісіне байланысты көлемдік (объемные) және салмақтық (весовые) болып бөлінеді.
Құрылымына және жұмыс істеу цикліне байланысты мөлшерлегіштерді келесідей жіктеуге болады.
Сусымалы материалдарға арналған үздіксіз мөлшерлегіштер:
- шлюзді;
- табақшалы;
- винт-шнекті;
- таспалы;
- вибрациялы.
Сусымалы материалдарға арналған кезеңді мөлшерлегіштер:
- шанақты.
Сұйық материалдарға арналған үздіксіз мөлшерлегіштер:
- дросельді;
- барабанды;
- ожаулы;
- стаканды;
- шестернялы;
- поршенді.
Сұйық материалдарға арналған кезеңді мөлшерлегіштер:
- қалтқылы;
- мембраналы;
- электродты.
Мөлшерлеуіштер басқару типіне байланысты келесідей болуы мүмкін:
а) қолмен; б) электрлі в) пневмобасқару.
Шлюзді қоректендіргіштер мен мөлшерлеуіштер температурасы 1000С, түйіршігінің (гранул) өлшемі 10мм дейін және тығыздығы 1,8 г/см3 дейін материалдар үшін қолданады.