Оқыту жалпықоғамдық жағдайда мектепке дейінгі тәрбиелеуде қазіргі уақытта ақыл-ой тәрбиесіне тәрбиелеуде негізгі фактор болып табылады. Соған байланысты мектепке дейінгі дидактиканы оқып білу маңызды орын алады.
Мектепке дейінгі дидактика бабалбақшада білім беру, сенсорлық және ақыл-ой тәрбиесін қарастырады. Бұл ғылымның түрлі қалыптасу кезеңдерінде негізгі міндеті, мазмұны жалпықоғамның даму талаптарымен байланысты. Мектепке дейінгі дидактиканың дамуының басты кезеңі 50-ж.ж. А.П.Усованың сабақта оқытудың жаңа принциптері, мектепке дейінгі білім беру жұмыстарының барлығына бірдей концепциясының талдануы болып саналады. Мектепке дейінгілерді оқыту, жалпы баланың даму заңдылықтарымен байланысты шешілді. Балабақшада оқытудың негізгі міндеті — жан-жақты ақыл-ой қабілеттерін дамыту болып саналды. А.П.Усованың жетекшілігімен ғылыми негізде оқытудың мазмұны, сонымен қатар балаларды сабақта оқытудың әдістерімен формалары ұйымдастырылды.
А.П.Усова бойынша мектепке дейінгі жаста баланың негізгі қабілеттерінің фундаменті қаланады, сондықтан ол өте ақырын, балалардың жас ерекшеліктерін ойлап, балалардың психологиялық даму заңдылықтарын есепке ала отырып, қадам жасауын көрсетеді. Ол білімнің, басты екі жақты категориясын балабақшада мектепке дейінгі жастағылар меңгеру керектігін ұсынды. Бірінші категорияға жататын өте қарапайым білім және біліктілік, күнделікті өмірде үлкендермен қарым-қатынасты оқытусыз қабылдайтын, ойын және бақылау барысында. Ал екінші категорияға өте қиын білім және біліктілік, бұл тек нақты сабақты оқыту процесі барысында игеріледі.
Білім беру міндеті көрсетілгеннен кейін, мектепке дейінгі оқыту мазмұнына жаңаша қарауға жол берді, балабақшада сабақ барысында балалар қандай білімді игеру керектігі анықталды. А.П.Усова сабақ барысында балалар қандай білімді игеретіндігін, белгілі жүйе бойынша құру керектігін талап етті. Сондықтан негізгі білім көлемі нақты қоршаған өмір жайлы болу керек: табиғат құбылыстары (тірі және өлі), адамдар, әртүрлі олардың іс-әрекет формалары және қарым-қатынасында. Мектепке дейінгі сабақ жүйесі балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылады және оның спецификалық ерекшеліктеріне сүйенеді. Мұнда балаларға қарапайым жақын заңдылықтар мен құбылыстардың өзара тәуелділігі көрініс беру керек, нақты шынайы өмірде орын алатын. Білім жүйесі балаларға қарапайымнан, біртіндеп күрделене түсу керек. Ақыл-ой тәрбиесі мазмұны жағынан бірінші кезеңде, А.П.Усова қарапайым заттардың қасиеттері мен құбылыстарын алуды ұсынды, олар балалардың қабылдауына тікелей жақын болатындықтан.
А.П.Усова көбінесе бағдарламамен жұмыс істеуге көп көңіл аударды. Ол тікелей бағытталған тәрбиелеу мен оқыту тек бағдарламамен оқыту жолымен жүзеге асатындығын көрсетті. Оның жетекшілігімен балабақшаның бағдарламасын құрудың принциптері талданды. Білім беру жұмысына көп көңіл бөле отырып, Усова білім беру жұмысынан жалпы тәрбиелеу бағдарламасын бөліп шығарды. Білім беру бағдарламасында (екі жақты білім категориясының тепе-теңдігі ережелерге сәйкес) екі бөлігін көрсетті. Бірінші – білім және біліктілік мазмұнын балалар күнделікті өмірде үлкендермен тұрмыстық қарым-қатынаста және ойындарда игеру керек. Екінші – мазмұны жағынан күрделі білім және біліктілікті, тек оқыту процесі барысында сабақта игереді.
Дидактикалық ережелердің талдануы және оқытуда сабақтардың енгізілуі балабақшада тәжірибеде, мектепке дейінгі тәрбиелеудің әдістемесін талдауға әсерін тигізді.
Мектеп дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері.
Ерте сәбилер және мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық дамулары:
- Жалпы танымдық мотивацияның қалыптасуы және нығаюы, оқу мотивациясының қалыптасуына негіз болады.
- Қоршаған өмір жайлы және қосымша ақпараттарды іздеуге, өз алдына зерттеу мақсатын қою біліктілігін қалыптастыру. Танымдық әрекетте спецификалық тәсілдерін қалыптастыру: тәжірибе жүргізу дағдыларын, ақпараттармен жұмыс істеу дағдыларын, интеллектуалдық операцияларын дамыту (логикалық ойлаудың қалыптауының негізі).
- Сөйлеудің дамуы ақпаратты жеткізу құралы ретінде және ойлауды жетілдіру;
- Қабылдаудың дамуы.
Баланың танымдық процесінің дамуы оның ой-өрісінің кеңеюіне әкеледі, қоршаған өмір заттары туралы ақпараттанады, тірі табиғат туралы, адамдар, кеңістік және уақыт туралы, ойлау мен сөйлеуі дамиды, индивидуалды қызығушылығы қалыптасады.
Әдебиеттер:
- Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.
- Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.
- Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова
Т.А. -М.: Педагогика, 1980 - Козлова С.Л., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М.
Издательский центр Академия, 2002 г. - Гризик Т. Программа «Радуга»: методологические основы познавательного развития детей.// Журнал «Дошкольное воспитание» №10, 1998.