Биотехнологияда қолданылатын насостар екі түрге бөлінеді: динамикалық және көлемдік.
Динамикалық насостармен сұйықтардың тасымалдануы насостың жұмысшы органы мен сұйықтың ағысы арасындағы өзара динамикалық әсермен жүзеге асады.
Көлемдік насостармен сұйықтардың тасымалдануы жұмысшы органы ілгері – қайтымды немесе айналып қозғалу кезінде жұмысшы камераның көлемінің өзгерісінен жүзеге асады.
Насостардың негізгі сипаттамаларын атап өтсек:
– Көлемді өнімділігі, ( м3 ⁄ с);
– Нсостың әсерімен қысым мен арынның пайда болуы,( Па, м.жид.ст.);
– Қолданатын қуаты, ( кВт );
– Биіктікпен сорып алу мүмкіндігі, ( м ).
1. Динамикалық насостар
1. қалақшалы: 2. үйкелісті насостар:
а) ортадан тепкіш; а) ағынды;
б) диагоналды; б) эрлифті.
в) өстік;
г) құйынды.
2. Көлемді немесе роторлы насостар.
1. ілгері – қайтымды қозғалатын: 2. айналып қозғалатын:
а) поршенді; а) шестернялы;
б) плунжерлі; б) винтті;
в) диафрагмалы; в) эксцентрлі – қалақшалы.
г) шлангті;
д) пневматикалы.
Қалақшалы ортадан тепкіш насостар биотехнология өндірісінде кеңінен қолданылады. Қалақшалы ортадан тепкіш насостар бір сатылы немесе екі сатылы болып бөлінеді. Биотехнологияда насостар көбінесе консольді түрде жасалған насостарға жатады.
Консольді ортадан тепкіш насос: соратын және шығаратын келте құбырлары бар ирек келген корпусынан жасалған жұмысшы камерадан, көлденең білікке орнатылған айналатын көп қалақты қалақшалары бар жұмысшы органынан және көлденең білікке жалғауыш арқылы жалғанған электроқозғалтқыштан тұрады.
Насостың барлық тараптары құйылған шойыннан жасалған рамаға бекітілген. Ирек келген жұмысшы камерасы келте құбырмен бірге құйлып жасалған және алды қақпақпен жабылған. Көлденең білігі корпуста бекітілген үштірекке орнатылады және жалғауышпен электроқозғалтқышқа жалғанып айналысқа келеді.
К типті насостар су және тұтқырлығы аз сұықтарды тасымалдау ( қотару ) үшін арналған.
Осы сұлбаға ұқсас агрессивті орталар үшін қолданатын ортадан тепкіш насостарды атап өтсек:
– бөлек тірегі бар консольді насостар;
– Х типті химиялы консольді насостар;
– АХ типті қатты қоспасы бар сұйықтарды тасымалдауға арналған химиялы консольді насостар;
– ХМ типті химиялы шығырлы ( моноблочные ) насостар;
– ХП типті химиялы батыру ( погружные насосы ) насостары;
– ХПА типті қатты қоспасы бар сұйықтарды тасымалдауға арналған химиялы батыру насостары;
– ХО типті химиялы қыздыру корпусы бар насостар;
– ПХП типті қатты қоспасы бар және суспензия сұйықтарын тасымалдауға арналған химиялы батыру насостары.
Бұл насостар қышқыл, сілтілі, қышқылы аз, аммияк ерітінділерін және т.б. сұйықтарды тасымалдауға арналған. Жұмысшы қалақшаларының айналу саны 24,1 ден 48,3 айн ∕ с дейін болады.
Аталып өткен насостардан басқа жарылыс қаупінен сақтандырылған ЦНГ 70; ХГ; ХГВ типті герметикалы ортадан тепкіш насостар биотехнологияда кеңінен қоданылады және уытты, агрессивті, жарылыс және өрт қаупі бар сұйқтарға арналған.