Резервуар маркасы үш әріптен және бірнеше сандарынан тұрады. Бірінші әріпі формасын білдіреді: Г – көлденең; В – тік. Екінші әріпі төменгі түбінің түрін көрсетеді: Э – эллипс тәрізді; К – конус тәрізді; П – жалпақ. Ал үшінші жоғарғы қақпағының түрін көрсетеді.
Әріптен кейінгі сандар:
1 – тұтас жасалған;
2 – ажырайтын, яғни қақпағы және түбі бұралып алынады;
Сызықшадан кейінгі сандар ішкі құралдары және қыздырғышы бар болуын білдіреді.
1 – жейдесінің және ішкі құралдарының жоқ болуы;
2 – жылу алмастыру беті құбырлы түрде болуы;
3 – булы су жүретін жейделі жылу сыйымдылығы;
4 – жылу алмастыру беттері ирек келген;
5 – сорғылары бар резервуарлар.
Үшінші сызықтан кейін ішіндегі қысымды (МПа) көрсетеді.
Мысалы: ГЭЭ1 – 2 – 50 – 06.
Қысқа мерзімді сақтайтын резервуарлардың түрлері және сипатамалары.
Реакторлар – араластырғыштар.
Реакторлар – бу мен суға арналған жейделі сыйымдылығы бар және корпусының сыртқы бетіне дәнекерленген араластырғыштары тік орналасқан құбырдан жасалған цилиндрлі резервуарды құрайды.
Жейдесіндегі қысым: егер ішкі беті тегіс болса 0,4 МПа дейін, ал жартылай құбардан жасалса 1,6 МПа дейін болады.
Корпусының материалы іші эмальдандырылған шойыннан жасалған. Реактор сыйымдылығы 0,01 – 100 м3 . Реакторлар-араластырғыш резервуарында турбина түрінде жасалған араластыру құрылғысы бар.
Жейдеге құбыржүйесіндегі немесе қайтымды су; тұздық ретіндегі хладагент; жылыту үшін қолданатын қаныққан су буы; жоғары температурадағы органикалық ерітінді беріледі.
Реакторлар-араластырғыш аппаратында: жылу кіретін және шығатын; өнім құйятын штуцер немесе келте құбыры; температура бақылайтын термометр; сақтандыру клапан; өнімді күш арқылы құбырмен жүргізетін, құрғақ қоспаларды жүктеу үшін және араластыру құрылғылары бар.
Реакторды тек қана өнімді сақтау үшін ғана қолданбайды, мұнда сұйық өнімдерді сусымалы қоспалармен араластыру жүргізіледі.
Араластырғыш құрылымының айналу жиілігі 0,25 – 3,33 айн/с. Айналыс жылдамдықтарын реттеу үшін араластыру құрылымының жетегіне вариатор қойылады.
Процесте құрылымы герметикалы болуы тиіс. Сондықтан араластырғыш білігі атмосфералы қысымда жұмыс істейтін орталарда сальник тығыздығышымен бекітеді немесе жарылу қаупі бар, улы, өрт қаупі орталарғада жұмыс істейтін біліктерге ТДМ типті бүйірлі (графитті фторопласты) тығыздығыштар қоладанды
Бүйірлі тығыздағыштар 40 КПа вакуумда және 0,6 МПа дейін қысымда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Микробиологиялық өндірісінде басқа да реакторлар және автоклавтар қолданады, мұнда жарылыс қаупінен қорғалған реакторды қыздыру үшін электрлі қыздырғышы бар.
Бұл реакторлардың принциптік жобалық құрылысы жағынан бірдей болып келеді, ал айырмашылығы аппарат қабырғасын қыздыру электрлі қыздырғышпен жүзеге асады. Жарылыс қауіпін болдырмау үшін элетрлі қыздыру аспабына таза ауа немесе инертті газ беріледі.
Сұйық заттарды сақтауға арналған кез-келген резервуардың қабырғасы бірнеше қабаттан жасалған. Резервуардың өзін металдан жасайды, металының қалыңдығы 2¸5мм, келесі қабатын күш каркасынан немесе метал профилінен, сонымен қатар жылу изоляция, гидро изоляция және қаңылтыр металынан жасалған қаппен қаптайды.