Биотехнология өндірісінің қосымша жабдықтары.

Кез келген өндірісте шикі заттарды, материалдарды және өнімдерді өңдеу кезіндегі қосымша операциялар ретінде тасымалдау, сақтау, мөлшерлеу және т.б жұмыстары толып жатыр.

Осы операцияларды жүзеге асыру үшін қосымша жабдықтар қолданылады және бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Сыйымдылықты жабдықтар

 А. Сұйық материалдарды уақытша немесе ұзақ мерзім сақтауға арналған резервуарлар;

Б. Қоректі ортаның компонентерін араластыруға арналған реактор араластырғыштары;

В. Сұйық ортаға арналған өлшеу аспаптары;

Д. Сұйық өнімдерді қабылдауға және қысқа мерзімге сақтауға арналған қабылдап-жинаушы сыйымдылықтар.

  1. Сұйық материалдарды тасымалдау үшін қолданылатын сорғылар.
  2. Сұйық және сусымалы өнімдерге арналған қоректендіргіштер және дозаторлар.
  3. Жабдықты жууға арналған машиналар.

Ұзақ мерзімді сақтайтын резервуарлар: сұйық парафинді, қызылша мелассын, метанол, этанол, ацетон және т.б. шикі заттарды сақтау үшін арналған.

Қысқа мерзімді сақтайтын резервуарлар: тұз ерітінділерін, сұйық қоректі ортаның компоненттерін және т.б. бей органикалық орталарды сақтау үшін арналған. Ұзақ мерзімді сақтайтын резервуарлар сыйымдылығы 100 ден 10000 м3  дейін болып келеді

Сыйымдылықтың формасы негізінен тік цилиндрлі болып келеді және ұзындығының диаметріне қатынасы D/H = (1,0 ÷ 2,0).

Сұйықтарды араластыру үшін, яғни біртекті жүйелерге келтіру үшін резервуарларды келесідей жабдықтайды: сыйымдылығының ішінде орналасқан сұйықтар жүретін құбырлары бар резервуар; сыйымдылығынан бөлек орналасқан гомогенді жүйесі бар резервуар;  резервуарлардың бақылау құралдары және арматуралармен  (штуцер мен келте құбыр) жабдықталған.

Қысқа мерзімді сақтайтын резервуарлар  құрылысы жағынан аппаратқа ұқсас болып келеді және шешілмелі қақпағы бар немесе тұтас дәнекерленген түрде жасалынады.

Қажетті ортаны қыздыру үшін: бу немесе ысытылған су жүретін жейдесімен (ішкі немесе сыртқы); жылу алмастырғышы бар ішкі элементтерімен  (барботер) жабдықтайды.

Сұйықтарды құю үшін арнайы люкпен және ағызу үшін келте құбырларымен жабдықтайды. Сонымен қатар процестегі параметрлерін өлшейтін реттеу және бақылайтын аспаптармен (термометр, манометр, деңгей өлшегіш, рН-өлшегіш) жабдықталған.

Резервуарлардың сыйымдылық формалары цилиндрлі көлбеу немесе тік орнатылған. Тік резервуарлардың диаметріне биіктігінің қатынасы 1/5 дейін болып келеді.

 

Сурет 2.1. Сұйық өнімдерді қысқа мерзімде сақтауға арналаған резервуар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *