ҚӨКТЕМГІ АҢ ТЕРІЛЕРІ
Көктемгі аң терілеріне қыс айларында аулануы киын немесе аулануы мүмкін емес жануарлар жатады, өйткені олар қысқы үйқыға жатады. (суыр, сарышұнақ) немесе терең ініне кетеді (көртышқан). Суыр мен көртышқанды көктемде аулауға тиым салынған, себебі бүл кезде олар күшіктейді. Көртышқанды аулау жазда басталып, қар түскенде аяқталады, Суырды күзде, терісі түлеп біткенде аулайды.
Қысқы үйқыға жататын жануарлардың барлығына тән ерекшелік — олар жылына бір рет түлейді.
Суыр мен тарбаған терілері
Суырлар жазық далада мекендейтін суырлардың өзінен және биік таулы шалғында мекендейтін тарбағандардан түрады. Біздің елде суырдың екі түрі —суырбайбақ (дала суыры) және забайкалье суыры; тарбағанның төрт түрі (ферғаналық, алтайлық, камчаткалық, таластық) мекендейді.
Суыр терісінен тарбаған терісінің ерекшелігі жүні едәуір өскелең, үлпілдек, түбітінен едәуір ұзарып өскен кылшығы жақсы жетілген. Қылшығының үзындығы 4 см-ге жуық.
Байбак суыр Россияның Европалық бөлігінің оңтүстк аудандарының далаларында, Солтүстік Қазақстанда мекендейді. _ Забайкалье суыры Оңтүстік Забайкалье далаларында кездеседі. Бұл суырлардың терісі жұмсак, тығыз, бірақ қылшығы қысқа, ол түбіттен сәл ғана жоғары шығады. Байбақ суыр терісінің түсі сарғыштау, қара-қоңыр «вуалы;» шамалы білінеді, жотасына қарағанда бүйір жүндері біршама ақшылдау бауыр жүні ақшыл-сары. Басы қоңырқай, жотасы, құйрығы сарғыштау.
Жылына суыр мен тарбаған терілері 250—300 мың данадай дайындалады. Терінің көпшілік белігі Қазақстан мен Қырғзыстан, Чита облысынан. Алтай өлкесінен, Тувадан әкелінеді. Суыр мен тарбаған терілері бауырынан тік кесіліп сыдырып алынады, терінің барлық бөліктері сақталуы, майынан жақсылап тазартылуы, керілуі, құрғақтай жазып консервіленуі тиіс.
Мех өнеркәсібі суыр мен тарбаған терілерін табиғи және боялған түрінде шығарады. Терісі көбінесе қара немесе қызыл-қоңыр түске бояп, қаракүзен немесе бұлғын түсіне келтіреді. Суыр мен тарбағанның иленген терісінің орташа аумағы 8—9 дм 2 , 3-тен 18 дм 2 дейін ауытқиды. Иленген терінің салмз-ғы 140 г.
Суыр терісі жүнінің өскелеңдігі орташа терінің әр жеріндегі жүннің ұзындығы түрліше. Жүнінің қоюлығы онша емес, тері аумағы бойынша да әркелкі. Жүнінің ең қою өсетіні санында, ең сирегі бауырында. Суыр жүні ерекше жылтыр, серпімді, кейде қатқыл келеді, тозуға беріктігінің орташа керсеткіші шамамен камшат терісінің 30 %-індей. Тері ткані тығыз, ірі теріде қалың (орташа қалыңдығы 0,8 мм, ауытқуы 0,7-ден 1 мм-ге дейін). Терінің созылуға беріктігінің шегі 2,3—2,6 кг с/мм. Суыр мен тарбаған терісінің шикізатын ГОСТ 11162-65, &і иленген теріні ГОСТ 11615-65 бойынша сорттайды, Оларды 4 кестеде келтірілгендей түрлерге бөлед