Қызыл түлкі терісінде кебінесе мынадай ақаулар кездеседі; тесілу, жыртылу, мыжылу, көгеру, қажалу, жүні мен тері тканінің қанмен ластануы, оқ тескен орны, үзілген табаны немесе құйрығы, майының жөнді шелденбеуі, көктемгі түлеу белгілері, соның әсерінен жауырын тұсындағы қылшық талшықтарының сиреуі. Мұндайда түбіті түсіп, ақшыл дақтар пайда болады. Қылшығының сиреу дәрежесіне қарай жеңіл, орташа және ауыр деп бөледі.
Мех өнеркәсібі жыл сайын 300—400 мың қызыл түлкі терісін өңдейді. Соның 85 %-тейі орталық аудандардың, шамамен 15 %-тейі сібірлік және солтүстік европалық түлкі терілері,
Шикізат сапасы мынадай керсеткіштермен сипатталады: I сортты тері 55—57 %, ақаусыз тері 14—17 %, ал сортсыз терілер 18—21 %. Қызыл түлкі терілері табиғи немесе боялган түрінде шығарылады. Табиғи түрінде үлпілдектігіне және терісінің түсіне (сібірлік) қарай шығарады; қалған терілерді қара, қызылқоңыр немесе сұр түстерге бояйды, терінің біразын қырқып, сазқұндызы немесе теңіз мысығы түріне келтіреді.
Қызыл түлкі терісінің кез келген өңдеу түріне жарамдылығын жүнінің ескелеңдігіне, түсіне, сортына және ақауының аз-көптігіне қарай анықтайды. Оңтүстікте мекендейтін бозғылт-сары, бозғылт-қызыл немесе сұр түсті терілерді қара-қоңыр түске бояйды.
Денесінде, басы мен мойнында сұр түсті жүні бар теріні сұр-
көгілдір түске бояйды. Мұндайда қылшығы сұр, ал ұшы қара немесе сарғыштау түсті болуы тиіс.
Ақшыл, сарғыштау-сұр түсті жүні жұмсақ терілерді ақшыл-қызылқоңыр түске бояйды.
Қызылқоңыр түске бояу үшін (бұлғын түске) әуелі теріні ағартып, бұған жүні қатқылдау, серпімді, түсі қызыл, ақшыл-қызыл, алқызыл, ашық-алқызыл терілерді пайдаланады. Жүні ұяң, алқызыл, ақшыл-қызыл және қызыл терілерді күңгірт-қызылқоңыр түске бояйды.
Қез келген түстегі теріні қара түске бояуға болады. Жүні қатқыл, қылшығы жапырылған, сондай-ақ ақауы көп терілерді бояуға болмайды. Бұл терілерді не табиғи түрінде, не қара түске бояп пайдаланады. Қызыл түлкі терісінің біраз бөлігін қырқып, қара түске (мысық тусіне) бояйды.
Иленген түлкі терісінің аумағы әр.түрлі — 10-нан 30 дм дейін. Салмағы орта есеппен 220—260 г. Жүні көпшілік аң терілерінен өскелең, оның үстіне әр жерінде турліше ұзындықта. Желкесі мен бүйірлерінде едәуір өскелең, мойнында қысқа. Қызыл түлкі терісінің топографиясы суретте көрсетілген. Қызыл түлкі терісінің жүні орташа қоюлықта. Жүні ең қою жері құй-рығында, жотасында, бүйірлерінде жүні сиреп, бауыры мен шабында мүлде аз болады.
Жүннің қоюлығы түлкінің түрлеріне қарай өзгереді, оның үстіне тері аумағы бірлігіне келетін талшық саны түбіт талшық есебінен өзгереді. Демек, жабын және түбіт талшықтарының ара қатынасы езгереді. Мәселен, камчаткалық түлкіде бір жабын талшыққа 67 түбіт талшықтан; батыс-сібір түлкісінде — 57, ал ташкенттік түлкіде— не бары 41 түбіт талшықтан келеді.
Жүн талшығының жұмсақтығы — тулкі терісінің бағасын анықтайтын негізгі тауарлық қасиеттерінің бірі. Түлкінің әр түрінде талшық жуандығы онша көп езгермейді, дегенмен солтүстіктегіге қарағанда кейбір түрлерінід едәуір айырмашылығы бар. Оңтүстікте мекендейтін түлкі мехтарының қатқылдығы тек жүн талшықтарының қалыңдығына ғана емес, бір жабын талшыққа келетін түбіт талшықтар санының аздығына да байланысты.
Қызыл түлкіде тері тканінің қалыңдығы 0,3-тен 0,6 мм-ге дейін. Арқасындағы, әсіресе жауырыны мен жотасының артқы тұсындағы тері ткані қалың, бүйірлерінде жұқа, ал бауырында өте жұқа. Түлкі терісінің киіс беруі камшат терісінің киіс беруінің 40—45 %-індей.
Иленбеген қызыл түлкі терісін ГОСТ 14174-69 бойынша сорттайды. Жүн талшықтарының ерекшеліктеріне қарай түлкі терісі 18 түрге бөлінеді. Олардың әдемілігі, жүмсақтығы, жүнінің түсі және терісінің аумағы түрліше келеді. Қызыл түлкі терісіне карағанда терісі де жатады. Ол өте шағындығымен, түсі ашық-сұр келетін қысқа, сирек, жүмсақ немесе қатқылдау жүн талшығымен ерекшеленеді. Қараганка терісі ортаазиялық түр-ге жатады.
Қызыл түлкі терісі жүнінің жетілуіне қарай үш сортқа бөлінеді: I сортқа жүні толық жетілген, қылшығы жиі және түбіті қою, шелі таза немесе санында аздаған көгергені бар шелі болатын, бірақ санының шетінен 10 см аспайтын терілер; II сортқа — жүні онша жетілмеген (әсіресе жота бөлігінде), көгерген шелі бар терілер; III сортқа — жүні шамалы, жабын 1 талшығы қысқа, түбіті қысқа, әрі сирек, шелі көгерген терілер жатады.