Сарғыш теңбілі жоқ, әдемі сүр тусті терілерді табиғи түрінде шығарады, қалғанын қызылқоңыр түске бояйды.
Шүйебөрі Орта Азия мен Қазақстанның жазық жерлерінде мекендейді. Сыртқы турі қасқырға үқсас, бірақ одан кішілеу. Шүйебөрі жуні сарғыш, қылшықты. Алғашқы өңдеу тәсілі қасқыр терісінікіндей. Жыл сайын одан 10—15 мыңдай тері дайындалады. Оны қызылқоңыр немесе кара түстерге бояйды.
Қасқыр терісі бес түрге бөлінеді: полярлық—терісі өте ірі. Жүні өте әдемі, қою, әрі жүмсақ, бауыр жүні өскелең, жумсақ, қою. Тері ткані жуқа. Жүн талшықтары ақшыл немесе күңгірт-сур, көгілдірлеу реңді. Құйрығы үлпілдек.
Қазақстанда қасқыр терісі ормандық және далалық болып бөлінеді. Бұлардың сібірлік қасқырдан айырмашылығы — денесі шағындау, әрі жүні қысқалау. Қүйрығы онша үлкен емес. Қасқырдың бұл-түріне солтүстік облыстар мен Қырғызстанның солтустігіндегіден басқа Қазақстанда мекендейтін қасқырлар жатады.
Оңтүстіктегілері — бұған Орта Азияда мекендейтін қасқырлар жатады.
Орта Азияның таулы аудандарында мекендейтін қасқырлар терісінің жуні өскелең, жұмсақ, бірақ сирек, түсі ақшыл-сұр, жота жүні қоңырқай, бүйірі мен бауыр жүні ақшыл. Орта Азиядағы далалық қасқырлардың терісі үсақ, жүні көріксіздеу, қатқылдау. Жотасы сүрғылттау-сары, бауыры ақшыл-сүр түсті. Шүйебөрі терілері түрге бөлінбейді. Қасқыр мен шүйебөрі терілері жүнінің жетілуіне қарай үш сортқа белінеді.
I сортқа жүні бүйралы, қою, шелі таза терілер, II сортқа-жуні жетілмегеи, шелі көкшілдеу терілер, III сортқа — жүні шамалы, қылшығы мен түбіті тықыр, шел кек терілер жатады. Қасқыр мен шүйебөрі терілеріндегі негізгі ақаулар —терінің жыртылуы, тесілуі, қажалуы, көгеруі, ерте көктемде және көктем айларында жүнінің тым жетіліп кетуі, майының жөнді алынбауы, терінің тұтастығының сақталмауы, дүрыс кептірілмеуі. Ақауын ажыратқанда оны шамалы, орташа және көп деп бөледі.
№7 дәріс. ТҮЛКІ ТЕРІЛЕРІ
Түлкі терілері жабайы өсетіндері мен аңшылық шаруашьг лықтарында бағылатын түлкілерден алынады. Бүл терілер ұзын жүнділерге жатады. Әсіресе, бағыттаушы талшықтары ерекше ұзын (80 мм-ге дейін) келеді. Бағыттаушы талшықтары бірыңғай түсті: қоңырқай немесе қара. Түлкінің қылшық талшықтарының ұшында ақшыл түсті сақиналы бүйрасы болады, Қызыл түлкіде ол жирен, сары немесе ақшылдау түсті, ал жылтыр қара түстіде — шымқай ак.
Түлкі терісін табиғи түсіне қарай қызыл (кәдімгі, сиводышка, крестовка), қара-қоңыр және жылтыр-қара деп беледі.
Алғашқы төрт түс жабайы түлкіге тән. Аңшылық шаруашылықтарында жылтыр қара түлкі және оньщ түрлері — платиналы, ақ түмсықты т. б. есіріледі.