Бұлғын тұқымдастарының өкілдерінің қолда үйретілуі, оның тамақтану, күйлеу, буаздық кезеңдерінің ерекшеліктері.

Ерте көктемдегі терілер II сортқа жатқызылады; ерте көктемдегі ақтиін терілері дербес сортқа бөлінеді.Ерте көктемдегі терілерде көктемгі түлеу белгісі басталады.

Терілерді түсіне қарай бөлу. Теріні түсіне қарай бөлгенде Жүн талшығының түсі күшті өзгеретіндерін ғана алады. Мұндай түрге ақтиін, күміс түсті қара түлкі, сусар, қаракүзен, сазқұндызы, құну, көгілдір және ақ түлкілер, сілеусін, бұлғын жатады.

Әсіресе торда ұсталатын аң терілері жүнінің түсі өте өзгермелі келеді. Бұған жататындар: қаракүзен, сазқұндызы.

Терілерді акауына қарай бөлу. Мехтық ан терілері жартылай фабрикаттарында ақау жиі кездеседі.Олар тері құнын кемітеді. Тері шикізаттарының ақауын топтау кестесі


Тірі кезіндегі ақаулар


Сойған кездегі ақаулар


Сақтағандағы және тасымалдағандағы ақаулар


Қышыма, бездену, таз,қотыр, теміреткі, күл, жүнінің түсуі, қырқылу, қабыршақтану, қасынудан түскен жара, қажалу, тістелу, тыртық орны, жүннің ластануы, сарғаюы, қарамайлануы, ошаған жабысуы, тікен тесу, арықтауы, көтерем болу, жүдеген жүн, бояуының әлсіреуі, суыстану, қылшығының мыжылуы, жүннің көмескіленуі т. б .


Оқ тию, жүннің қанмен ластануы, күйген талшық, ілмектену, теріні тамағынан көлденең кесу, тесілу, жыртылу, кесілу, тері бөліктерінің жетіспеуі, майы алынбауы, жүнінің түскіштігі, тері тканінің қасаңдануы, теріні дұрыс сыпырмау, дұрыс қаттамау, илектеген күйінде кептіру, бет қабатының қыртыстануы, майдағы тұз дағы т.б.


Құрт жеген, күйе жеген, тарақан жеген, кеміргіштер зақымдаған, жидіген, қанталаған, көгерген, таңба салынған, суық шалған, кесілген, ойылған, даттанған дақ сирақтарының зақымдануы т.б.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *