Тері жамылғысы және оны бағалау.
Зерттеу әдістері теріні тұтастығы (кряжистый) бойынша бөлу. Теріні тұтастығы бойынша бөлетін себебі, белгілі бір түрдегі шикізаттың тауарлық қасиеті аңның мекендейтін жеріне байланысты. _Тұтастығы әр түрлі ан терілері сол теріге ғана тән қасиеттерімен ерекшеленеді (мөлшері, сәнділігі, жүнінің ұзындығы мен коюлығы, түсі, жүнінің жұмсақтығы, тері тканінің қалыңдығы, салмағы). Терінің тұтастығы сол географиялық ауданнан әкелуіне карай аталады. Мәселен, амурлық, якуттық, алтайлық т. б. Ақ тиіндер. Кейбір стандарттарды тұтастық (кряж) нөмірімен алмастырылады.Аңның барлық түрі тұтастығы бойынша бөқлінбейді, тек ақтиніннің, қызыл түлкінің, қаракүзеннің, ақ түлкінін, бүлғынның суырдың, тарбағанның иленген терісі ғана бөлінеді.
Теріні мөлшері бойынша бөлу. Теріні мөлшері бойынша бөлгенде, тек аумақ айырмашылықтары едәуір білінетін, оған жынысы мен жас өзгешеліктері әсер ететіндерін жатқызады. мысалы, ұрғашы қаракүзен, ақ тышқан және сасықкүзен терілері еркектерінен үлкенірек келеді. Терінің алуан түрінің мөлшері бойынша әр түрлі категорияға беледі. Әдетте оларды үш категорияға: ірі, орташа, ұсақ, кейбір жағдайда төрт категорияға: ерекше ірі, ірі. орташа, ұсақ деп бөледі.
Тері мөлшерін анықтау үшін оның ұзындығын (екі кезінің арасынан құйрық түбіне дейін) және енін (орта тұсынан) өлшеп, алынған шаманы көбейтеді.
Мөлшері бойынша сорттағанда мынадай түрлерге бөледі қамшат, қаракүзен, ақтиін, күміс түсті қара тулкі, ак түлкі, бұлгын, ұсақ кеміргіштер және басқа да түрлері
Теріні сортына қарай бөлу. Терінің сорттылығы аңды аулаған кездегі жүн талашығының күйіне байланысты. Аң терілеріін сорттылығы дегеніміз, терідегі жүн талшығының даму дәрежесіне қарай тауарлык белгілерінің жиынтығы. Жылдың әр түрлі маусымында аң терілері жүнінің сапасы түрліше келеді. Қысқы қою, әрі ұзын жүн, күзгі өсу сатысында түлейді.
Жазда ол ирек, әрі қысқа. Аң терілерін екі, үш және төрт сортқа бөледі. Сортты айкындайтын тауарлық белгілер жүннің әдемілігі, қоюлығы, ұзындығы жәие жұмсақтығы. Бұл белгілер аң терілерінің әр түрінде өзіндік ерекшеліктері болады.
Төменде көпшілік аң терілерінің сорттылық сипаттамасы келтірілген.
I сортқа жүні жетілген, қылшығы жиі, әрі ұзын, түбіті қою терілер; II сортқа — жүні онша өскелең емес, қылшығы мен түбіті жетілмеген терілер, III сортқа — жүні шамалы, қылшығы мен түбіті жетілмеген терілер немесе қылшығы тықыр, түбіті мүлде жоқ немесе аздап қана шыққаң түбіті бар (қасқыр, кұну, шиебөрі) терілері жатады. I сортты терілердің кейбіреулерінен жоғары сорты (экстра) бөлінеді.