Терілер негізгі екі компоненттен тұратындығы зерттелген. Ол талшық жабыны және талшық түбі бекітілген тері ұлпасы. Осы компоненттер тері қасиетін айқындайды. Әр түрлі жануарлардың, олардың жас категорияларын ескере отырып, маусымына қарай қалыңдығы, тығыздығы, ұйысу сипаты т.б. өзгешелігі бойынша айқындалады / 16/. Терілерді бағалауда оның сапасы, қасиеті және белгілері көпетеген табиғи биологиялық факторларға байланысты. Осы факторлардың әсерлерінен теріні бағалауда тауарлық қасиетінің өзгергіштігі байқалады /17/.
Н.В.Сергеевтің зерттеулерінде терілер ауа өткізгіштік сияқты су өткізгіштікке біршама ауытқиды, әрі бағалы аң терілері үшін оның орташа көрсеткіші шартты түрде болады/18/.
Аң шаруашылығы бағалы аң терілерін береді. Біздің елімзде бағалы аңдардың қоры мол. В.И. Висящев (1978) зерттеулері бойынша жабайы хайуанаттар мекендеуге болатын жерлерде бұлғынның жалпы қоры 760 мың, сусар-281, ондатр-3096, қызыл түлкі-767, бұлан-817, ақбөкен-909, елік-348 мың болғандығы туралы мәліметтер бар /19/. Қазір біздегі дайындалып жүрген аң терілерінің басым көпшілігі мемлекетімзге пайдасын тигізеді. Терісі үшін жабайы аңдардың терілерін дайындауда Қазақстан екінші орында/20/.
Біздің республикамызда бағалы жануарлар көп. Солардың ішінде халық тұтынатын бұйымдар — әсем де сәнді бас киім, тон, ішік және басқа да киімдер тігуге болатын терісі аса бағалы аңдар мол.. Олардың ішінде негізгілері — ондатр, түлкі, ақтиін, суыр, зорман, дала күзені және қарсақ/21/.