Бағалы терілі аңдар физиологиясы және тауартану

 Тауар дегеніміз, еңбек пен материалдық шығындарды жұмсау нәтижесінде алынған, әрі мех өңдейтін кәсіпорындардың қажетін қанағаттадыратын, әрі халықаралық саудаға шығаруға болатын шикізаттар.
ХХ ғасырдың басына дейін ғылыми пән ретінде тауартану сипаттамалық тұрғыда болып, әр түрлі тауарлардың жіктеу мәселесімен ғана шектелді. Содан кейін тауартану осы тауарлардың қасиетін айқындап, нақты сипаттама берді. Мұның өзі ең жақсы сапаны қамтамасыз ететін, әрі өңдеудің тиімді технологиялық амалдарын таңдауға мүмкіндік береді/1/.
Терісі бағалы аңдар – шикізаттарының тауартануы дербес ғылыми пән. Бұл – терісі бағалы аңдардың терісі туралы ғылым. Ол терісі бағалы аңдардың терісінің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын, талшық пен тері қасиетін, олардың тауарлық сапасы мен белгілерін зерттейді. Терісі бағалы аңдардың терісіне баға беру олардың алуан түрлілігі, тауарлық топтары, сорттары,түстері мен бейнесінің сапасы, олардың өзара байланысы мен өзара қатынасына әсер ететін факторларды зерттейді. Теріні бағалауда олардың құрылымын, құрылысы мен қасиетін зерттейді. Осы зерттеулерде теріні бағалау мен жіктеудің, стандарттаудың теориялық негізінен методикалық қағидасы ойластырылды /2/.
Аңдардың терісіне баға беруде, сорттауда іріктеудің қазіргі қолданылып жүрген тәсілдерін жетілдіріп, әрі жаңа тәсілдер ойластырылған. Отандық және халықаралық саудаға түсетін бағалы аңдардың терісінің сұранысын арттыру жүзеге асырылуда /3/. Аң терілерін шикізаттарының тауартануы шикізат ассортиментін жіктеудің тауар қасиетіне шынайы сипаттама беруден тұрады, әрі мех өңдейтін өнеркәсіптерде тұтынушылардың өскелең қажетін қанағаттандырып, тиісті сападағы тауар өндіру міндетін алға қойған /4/. Орта Азия мен Қазақстан Республикаларында дайындалатын аң терісі және мех шикізаттарын өзіндік ерекшеліктері қамтылған. Бұл өңірлерде аң шаруашылығы кең дамыған. Қызыл кітапқа енген жабайы жануарларды аулауға тыйым салынған, әрі мемлекеттің қорғауында болған /5/. XVII-XVIII ғғ. Бұқаралық көпестер Новгород пен Мәскеу қалаларында бағалы аң терілеріне ойдағыдай сауда жүргізген, ал XVIII-XIX ғғ Лондонда, Нью-Йоркта және басқа шет елдердің сауда орталықтарында бағалы аң терілері көптеп сатылған. Мұның өзі көптеген елдермен континенттерге ықпал етті /6/. Қазіргі кезде терісі бағалы аңдармен қатар қаракөл өсіретін аймақтар көбейе бастады. Қаракөл қойын өсіру едәуір ұлғайып, Орта Азияда, оңтүстік батыс Африкада және Ауғанстан Республикаларында көптеп өсіріледі/7/.
Біздің елімізде қаракөл қойын өсіру, қаракөл шикізаттарының елтірітану және тауартану мәселелерін теориялық негізі алғаш рет жасалынды. Бұған М.Ф.Иванов, В.М.Юдин, М.Н.Закиров, С.Н.Боголювский, А.А.Рахимов, М.Д.Тавитов сияқты ғалымдар ғылыми тұрғыдан зор үлес қосты /8-13/. Бағалы аң терісін өндірушілер оларды өсіруде терілерінің алуан түрлі болып келетіндігін және соған сәйкес түрліше бағаланатынын анықтаған. Көне дәуірде аң терілерін жіктеуде талпыныс болған. Орыс әдебиеттерінде бұл жіктеуді алғаш рет И.В.Синициннің жинаған материалдарынан кездестірген /14/. 1932 жылы жіктеулер едәуір ұлғайтылып, тереңделе түсті, әрі олардың морфологиялық құрылысына сипаттама берілген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *