Өсімдіктер топырақтың тұздануы

Өсімдіктер топырақтың тұздануына, құрғақшылыққа бейімделу кезінде осмопротекторларды синтездейді. Бұл заттар клеткада суды сіңіріп ұстауына және де макромалекулалардың бұзылмауына көмектеседі. Осмопротекторлар ретінде қанттар, спирттер, пролин және бетаин белгілі. Бетайн синтезін өсімдіктерде гендік инженерия әдісі арқылы арттыруға болады. Бактерияларда бетайн холеннен түзілу процессі холиндегидрогеназа ферментінің қатысуымен өтеді. Соның генін Ті плазмида көмегімен темекі клеткаларына енгізіп тұзға төзімді темекі өсімдіктері алынған. Осы әдіспен бактериялардың пролинді синтездейтін гендері де өсімдікке енгізілген. өсімдіктерде осы тәжірибелер нәтижесінде бетаин, пролин, мөлшері көбейіп олар тұзға қарсы әжептәуір төзімділікке иеленген.

Оттегінің супероксид анион радикалы клеткаға қауіпті, өйткені ол көптеген заттарды өте белсенді тотықтырады. Оның теріс әсерін жоятын супероксиддисмутаза  (СОД) ферменті. СОД генін темекі өсімдіктеріне енгізу арқылы олардың СОД активтілігі артып оттегі радикалының зиянды әсері болмаған. Мысалы кесіп алған өсімдіктердің гүлдерінің солуы оттегінің радикалына байланысты, СОД генімен трансплантацияланған өсімдіктердің гүлдері ұзақ сақталады. Сол өсімдіктер метилвиологен гербицидке және артық жарыққа төзімділік көрсеткен.

Аязға төзімдіөсімдіктерді шығару үшін мына жанама тәсілді ескеру қажет, Pseudomonas syringae микробы өсімдік мүшелерінің сыртына жабысып тіршілік етеді. Микроорганизм ерекше бір белокты синтездейді.

Ол белок сыртқы мембранада орналасқан. Суық түске кезде осы белоктың айналасында мұз кристалдары тез пайда болады.  өсімдіктің жапырақтарында сабақтарында тамырларында мұз қатып өсімдіктің үсікке ұшырауына себепші, осы аталған белок. Қатаң бақылаулардан өтікзілген көптеген тәжірибелер көрсеткендей заласыздандырылған, өсімдіктер үсікке шыдамды болады. (тіпті -6 -8 Т) аязға дейін ал микрофлорасы бар өсімдіктер -1,5 -2 С өзінде ақ үсіп кетеді. Осы микробтардың сол белокты синтездеуге қабілеті жоқ мутанттарды мұздың қатуын бәсеңдеткен сондықтан мутант микробтары бар өсімдіктер үсікке төзімді болған. Мутант бактерияларды кортоп түйіндеріне сепкен соң олар бұрынғы әдеттегі бактериялармен бәсекелесіп өсімдіктердің төзімділігін арттырған. Сондықтан гендік инженерия әдістерімен жасалынған осындай бактериялар қоршаған ортаға енгізіліп өсімдіктердің үсікке шалдығуына жол берілмеуіне мүмкіншілік туғызады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *