Үй жауарлары

. Адамға пайда келтіріп, үй шаруашылығында тіршілік ететін және өсіп-өнетін жануарларды үй жануарлары дейді. Адам ол жануарларға қамқорлық жасап, тіршілігіне қажетті жағдайлар туғызады.

Мысық бұдан бірнеше мыңдаған жыл бұрын қолға үйретілген. Ол Египетте егістікті тышқаннан қорғады, сөйтіп, әулие жануарлар ретінде саналды. Қазіргі кездерде де тышқандар мен егеуқұйрықтардан құтылу үшін мысықты жиі ұстайды. Ол өзі тіршілік ететін үйге өте үйірсек болады.

      Мысық (жыртқыштар отряды)—әдемі жұмсақ жүнді, үлпілдек құйрықты, кішкене жануар. Домалақ басында сыбдыр еткен дыбысты қалт жібермейтін 2 кішкене сақ құлағы, қараңғыда жақсы көре алатын үлкен көзі болады. Мұрнында қылшықты мұрты — сезу мүшелері бар.

     Мысықтың аяқтары қысқа, саусақтарының жұмсақ табандары бар, үшкір имек тырнақтарын жүрген кезде соған жасырып алады, сондықтан бұл жануарлар жайлап естіртпей жүреді. Мысық ағаштарға, дуалға өрмелегенде тырнақтарын шығарып алады. Мұнда ол кішкене құстарды аулайды. Биіктен жерге секіріп түскенде ол ауада аударылып, жерге қашанда табанынан тік түседі. Мысық жерде тышқан аулайды. Олжасын көрген кезде ол жасырынып, денесін әдемі созады, тізесін бүгіп, жеміне өте шапшаң атылады.

       Тістерінің құрылысы жағынан мысық нағыз жыртқыш, ол ұстаған олжасын басқа тістерінен алға қарай шығыңқы үшкір, үлкен күрек тісімен өлтіреді, үстіңгі беті қырлы-қырлы, өткір, бұдырлы азу тісімен мылжалайды. Ең күшті тістері — ет жейтін тістер, астыңғы және үстіңгі   жақ   сүйектерінде   бір-бірден   орналасқан.

      Мысық өте таза жануар, ол үнемі «жуынып», «таранады». Бұл жыртқыштың сезім болып табылады. Ол жүндерін тазарту арқылы өзін сездіріп қоятын иістен құтылады.

      Мысық тойғанда немесе қожасының тізесінде жылынып жатқан кезде тып-тыныш пырылдайды, ал өзіне қауіп    төнгенде    пысқырып, арқасын күжірейтеді.

      Аналығы соқыр күйінде туатын күшіктеріне барынша қамқорлық жасайды. Ол күшіктерін сүтпен қоректендіріп, оларды үнемі тазалап, ойнатады. Осындай ойындар кезінде жас жануарлар күш алып, ептілігін жетілдіреді, болашақ жыртқыштық сезімдері көріне бастайды

     Ит — жыртқыш жануарлар отрядына жатады. Бұл — адамның тұңғыш асыраған сенімді досы, ол үнемі адамның үйін және мал табындарын қору арқылы сеніміне мүлде берілген. Күзетші иттер (шпицтер, овчаркалар, қорашыл төбеттер)   өте сақ құлағын жиі тігіп  (құлақ қалқанын көтеріп), дыбысты жақсы есітеді. Мұрын қуы-сының сілемей қабықшасы иіс қабылдауға өте сезімтал.

    Ит адамның аң аулауына көмектеседі. Солтүстікте оны адам ат орнына пайдаланады , шекара қорғауға жәрдемдеседі.

   Иттердің жабайы тегі шиебөрі мен қасқырлар деп есептеледі. Адам жүнінің бояуы, дене шамасы (өте кішкене жапон иті, орасан үлкен — сенбернар), мұрнының пішіні (мұрны созылыңқы — тазы, қысқа, доғал — бульдога) және кұлақ пішіні (тік құлақ — лайка, салпаң кұлақ —спаниел), дауысы (шәуілдек — лайка, қарлыққан жуан дауыспен үретін — овчарка) бойынша иттердің әр алуан түрін өсіріп шығарды.

Иттердің аяғы мысыққа қарағанда ұзындау әрі сидамдау; алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан біраз қысқа. Иттер жақсы жүгіреді, бірақ мысықша секіре алмайды. Табандарындағы тырнақты саусақтары ішке қарай бүгілмейді. Ит еденмен жүріп келе жатқанда мысықтікінен ерекше тырңағымен тықылдатып жүреді.

Иттің тіс құрылысы мысықтікіне ұқсас, тек азу тістері ғана кептеу болып келеді. Ит тек етпен ғана емес, өсімдік тектес тамақпен де қоректенеді.

Күшіктері соқыр болып туады, көздері тек 10—12 күннен соң ғана ашылады, аналығы оларды сутпен қоректендіріп, жалайды, тазалай-ды, олармен бірге ойнайды.

Жылқы (тақ тұяқтылар отряды). Бұл — ірі денелі, әдемі де өте күшті жануар. Ол тез әрі тынбай шауып, ауыр жүкті де тарта алады. Денесі мен аяқтарының құрылысы осыған бейімделген. Оның биік, жіңішке, бұлшық етті аяқтарында ұзын тұлғасы бар. Әрбір аяғында қатты мүйіз тұяқпен қапталған тек бір ғана бақайшағы болады. Шапқанда және жүрген кезде жануар соны тірек етеді. Жылқы жауынан (мысалы, қасқырлардан) қорғанғанда артқы аяқтарымен қатты тебеді.

Әдемі ұзынша басында қимылдағыш сергек құлағы болады. Жануар тынышсызданғанда құлағын қимылдатып, «қайшылайды». Кірпікті, үлкен көзі бар. Танаулары кең. Тістері жұмсақ, ауызы үлкен. Мойыны ұзын, басын жерге жеткізердей иілгіш, желкесінде жалы болады.

Жылқының құйрығы ұзын қылдан құралады. Ол құйрығымен қағып, терісін жыбырлатып насекомдарды қуып жібереді. Түгі қысқа, тегіс, жылтылдап тұрады; түсі әр түрлі — ақбоз, қара торы, ала, тарлан болып келеді.

Жылқының тістері күрек тіс, ит тіс (айғырларда) және азу тіс болып бөлінеді, азу тістері биік, үстіңгі беті өсімдік тектес азықты жақсы шайнап, үгітетін кедір-бұдырлы тіс сауытымен қапталған. Жылқы шөп жегенде оны еріндерімен орап алып, аузына қарай тартады. Жылқы фермаларында жылқыларға шөп, пішен беріп, күніне үш рет суарады.

Жылқы адамға тез үйір болып, өзін бағып-күтетін кісіні біліп, соған үйірсек болады.

Құлындары көзін ашып туады, енесінің сүтін емеді. Бие сүтінен Башкирияда өте дәмді, шөл қандыратын емдік сусын—қымыз дайындайды.

Есек тақ тұяқты жануарларға жатады. Ол жылқыға ұқсас болады.  Тұяғы  айыр емес, тістері   жылқының тістері тәрізді. Жылқыдан айырмашылығы — денесі шағын, құйрығы сиырдың құйрығына көбрек ұқсайды, тұлғасына қарағанда аяқтары ұзын. Құлағы ұзын, жақс ы   қимылдайды.  Жүнінің түсі көбінесе  қошқыл  сұр  болады.

Есек — жылы жерлердің: Қырым, Кавказ, Молдавиянын, үй жануары. Ол өте төзімді, үлкен жүкпен тауға шығып, жалғыз аяқ, тар қолдармен, жылқы өте алмайтын жерлермен жүріп кете алады. Азык талғамайды, ірі азықты (қурай, шоңайна) жейді, бірақ тек қана таза су ішеді. Есек — жуас мал, бірақ ызаланғанда тұяқтары мен теуіп жіберуі де мүмкін. Есекті «тірі барометр» деп санайды, өйткені ол ауа райы бұзылардан бұрын жағымсыз дыбыс береді   (ақырады).

Сиыр (жұп тұяқтылар отряды). «Сиыры бардың сыбағасы бар»— деген халық мақалы бар. Бұл адамға сүт береді, одан сүзбе, қаймақ май және ірімшік жасалады, ол өнімдер майлы және сіңімді белокқа бай келеді.

    Сиырдың тұлғасы ұзын, жалпақ, төсі қысыңқы (оның ішектері өте ұзын). Аяқтары күшті, төрт бақайшағы бар. Тек ортаңғы 2 бақайшағы ғана жақсы жетілген, сиыр жүргенде соны таяныш етеді. Сиырдың құйрығы ұзын, ұшы шашақтанып тұрады, оны бұлғаңдатып, насекомдарды қуалайды. Денесін қатқыл жүн жауып жатады.

    Үп-үлкен басында үшкір, іші қуыс, ішке карай имектеу мүйізі болады; құлақтары үлкен, сыртқа қарай қалқиып тұрады, танауы кең, ылғалды болып келеді де, тесіктері мұрын қуысындағы жақсы жетілген иіс сезу мүшесіне жалғасады — жануар улы өсімдіктердің жеуге жарамдыларын иісі арқылы ажыратады.

     Сиырды таза, жылы, жарық қора-жайларда ұстайды. Қыста оларды күніне 2—3 сағаттық серуенге шығарады. Жазда жануарларды жайылымда    немесе  байлаусыз еркін    азықтанатын   алаңда  жайып ұстайды.

Сиырды неғұрлым жақсы жемдесе, сүтті соғүрлым мол береді. Сүтті сиырлар жылына    5 000 л, ал рекордшылары 10 000—12 000л сүт береді.

Сиыр   жыл сайын   бұзаулайды,  бұзаулары   туған  бойда-ақ   жүре алады.

Шошқа (жүп тұяқтылар отряды). Шошқалардың арғы тегі — жабайы қабан. Ол сонау тас   ғасырында, иттен   соң-ақ іле-шала қолға үйретілген.

       Шошқаның ауыр, майлы денесінде қатқыл, қайратты жүн (қылшық) қаптап жатады. Аяқтары қыска, 4 бакайының екеуі жақсы жетіліп, тұяқпен қапталған, екеуі жетілмеген. Мойыны жуан әрі қысқа, басы сына тәрізді. Мұрыны талпақ, жануар онымен тіміскілеп, қорегін  иісінен    іздеп   табады.     Кірпік   қоршаған    кіп-кішкене   көздері батыңқы.

      Шошқа азық талғамайды, ол еті мен майын жинап, тез өседі. Шошқаның тістері өте әр түрлі — күрек тістері үлкен, азу тісі де үлкен,  сойдақ тісі,  үсті   кедір-бұдырланып   мұқалған   артқы  тістері болады.

Шошқаларды қорада немесе қоршауда ұстайды. Қазіргі шошқа қоралары таза, кең, жарық, ауасы таза және жануарларды жуындыратын арнайы душы бар. Бордақыланатын шошқаларға картоп пәлегін, беде мен қант қызылшасынан жасалған құрама сүрлем немесе сүттеніп піскен жүгері собығы, асқабақ пен жоңышқаның пішендеме ұнын береді..

Шошқалар өте өсімтал: жылына екі рет 10—12 торай береді.

      Қой — жұп тұяқты мал. Қолға итпен бірге үйретілген. Қойды жақсы еті мен терісі үшін колға үйреткен. Қойдың жүні калың, кейдө бұйра, ақ, сұр, қара, қоңыр түсті болып келеді. Қойларды жүнінің сапасына қарай биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшықты, қылшық жүнді деп ажыратады.

     Қойдың басы денесіне қарағанда онша үлкен емес. Қошқарларының үлкен, иір мүйізі болады. Аяқтары қысқа, жақсы жетілген тұяктарының 2 бақайшағы бар.

     Қойлардың кейбір тұқымын ет пен май алу үшін өсіреді. Бұларды құйрықты қойлар дейді. Олардың құйымшағының үстіне май қоры жиналып, құйрық майы түзіледі.

      Қойлар жайылымда бір орыннан екінші орынға жайлап жүріп ауысады, шөпті салғырт жұлып жейді; олар бірдеңеден үріккен кезде жан-жаққа бытырай қашады немесе бір-біріне тығылып, топырласып қалады. Жыртқыштар шабуыл жасағанда қошқарлар оны мүйізімен сүзіп, саулықтар қорғанбастан қашып кетеді.

Қойлар да сиыр тәрізді шөппен, жас жапырақтармен қоректенеді. Қыста оларға шөп салып, жұмсақ сабанмен азықтандырады, су құятын астауға аздап тұз салып қояды. Қазіргі кезде қойларды кең де жылы қораларда ұстайды. Украинаның, Қазақстанның, Кавказдың совхоздары мен колхоздарында қойды жыл бойы шөбі мол далалық немесе таудағы жайылымдарда үлкен табынмен бағады.

Қой — адамға ең пайдалы жануарлардың бірі. Оның жүнінен тамаша жүн мата, жүннен басылған аяқ киім жасайды, жылы малакай, қолғап, шұлық, үйық тоқиды. Қой терісінен тон, жүқа былғарысынан аяқ киім тігеді. Сүтінен ірімшік дайындайды.

Қой жыл сайын көктемде 1—2 қозы туады. Қозылар табында өте ширақ, ойнақтап жүреді, енесін көргенде маңырап, қуанғандығын көрсетеді.

Ешкі — жұп тұяқты мал. Кейбір тұқымдарының (ангор) жүні жібектей жұмсақ; одан ете нәзік мата жасайды, малақай, шарқат және басқа жылы бұйымдар тоқиды. Ешкі қою, майлы және дәмді сүт береді; одан тамаша ірімшік пен сүзбе жасайды.

Ешкінің құлақтары жоғары тікірейіп, мүйізі қуыс, кейін қарай қайқыланып тұрады. Маңдайы деңес, үстіңгі ернінде жүн болмайды, иегінде сақалы бар. Мойыны ұзын, кұйрығы шолақ, сып-сидам ұзын тұяқтарында тұяқпен қапталып жақсы жетілген 2 бақайшағы болады.

Ешкілер жақсы жүгіріп, секіреді, ал таулы жерлерде тастарға жармасып, жартастарға тырмысып шығады. Қошқарлар мен саулықтарға қарағанда олар шапшаң, қимылы епті, ширақ та әуестенгіш, үркек емес, еркелетуді ұнатады.

Ешкі сиыр мен қой жейтін нәрсенің барлығын жей береді, бірак, әсіресе бұталар мен ағаштардың жас бұтақтарын сүйсініп жейді. Ешкілерді де қойларға арналған қора-жайларда ұстайды.

Солтүстік бұғысы (жұп тұяқты жануар). Бұл ірі денелі, сымбатты жануар, оның тармақталған үлкен мүйізі, қалың жүні, мойнында жалы (жазда қоңырқай, қыста ашық түсті) бар, солтүст.ік бұғысы қысқы суықтан жүнімен қорғанады. Оның аяқтары ұзын, тұяқтары жалпақ. Жүрген кезде тұяғы жайылып кететіндіктен, тұяғы қалың қарға батпай еркін жүреді. Ол алдыңғы аяғының тұяғымен тарпып, қар астынан бұғы мүгін тауып жейді, бұғы мүгі қыста жейтін негізгі азығы болып саналады. Бұғы жазда шөп және ағаш пен бұталардың жапырақтарын жейді.

 Солтүстік бұғысын Солтүстіктегі тұрғындар қолға үйретіп алған, олар асыранды бұғыларды үлкен табында ұстайды. Бұғыны олар жылқы, сиыр және қой орнына пайдаланады. Бұғыларға жеңіл шана жегеді, онымен салт жүріп, ауыр жүк тасиды. Бұғының сүті мен етін тағамға пайдаланады. Үлпілдек    жүні    мен   терісінен киім және аяқ киім жасайды.

Түйе — көн табанды, күйіс қайыратын жануар (көн табандылар тұқымдасы). Бұл — шөлді және суы мен өсімдіктері аз даланы мекендеушілердің асыранды малы. Түйені «шөл даланын. кемесі», «шаршауды білмейтін көлігі» деп те атайды. Ол шөлдегі құмдарда жүзіп келе жатқандай жайлы жүреді. Ол үлкен, өте төзімді, күшті мал, сусыз, алыс жерлерге ауыр жүкті шаршамай сүйретеді. Ол трактор немесе жылқы жүре алмайтын жерлерден өтіп кетеді, бұған оның ,дене кұрылысы және корексіз, сусыз ұзаққа шыдамдылығы жәрдемдеседі. Түйенін, ұзын, көзге дөрекі көрінсе де күшті, жалпақ, көн табанды аяқтары болады, ол кұмға батпайды және алдыңғы аяғың тізелерін томпақ кұс басқан, ол кұс түйе құмға жатқанда денесін құмның ыстығына күюден сақтайды. Түйелер қос өркешті және дара өркешті болып бөлінеді. Өркешке май қоры жиналады, соның арқасында түйе ұзақ уақыт азықсыз, сусыз жүре береді.

    Түйенің танауы қойға ұқсас, ұзын, иір мойыны тұмсығын жерге жеткізеді, қалың, собалақ кірпіктері көзіне құм түсуден қорғайды; жүні шөлдегі құмға ұқсас, түсі қоныр.  

    Түйе қорек талғамайды: жазда далаға жайылып, көзіне не түссе соны, тіпті тікенекті де жейді, қыста сабанды да қанағат тұтады.

    Түйе ете пайдалы үй жануары: оны жүк тасуға пайдаланады. Түйе сүтінен емдік қасиеті бар дәмді сусын жасайды, ол сиыр сүтінен екі есе майлы, оның жүнінен ең жақсы көрпе жасайды.»

   Үйрек — (жалпақ тұмсықты құстар отряды). Денесі сопақтау келген, құйрығы жалпақ, басы үстіңгі жағынан батыңқы, тұмсығы жалпақ және тегіс, жиегі мүйізді пластиикалармен кенерленген. Иір мойын.  Аяғы денесінің соңғы бөлігіне қарай орналасқан, қысқа,  суда руль қызметін атқарады; арасында жарғақ керілген үш саусағы алға, бір саусағы артқа қарап орналаскан. Үйректер жарғақ табанымен суды ескекше еседі және жылдам жүзеді. Құрлықта маймаңдап, баяу жүреді. Оның ебедейсіз жүрісі  аяқтарының орналасу ерекшелктеріне байланысты.   Үйректер  күні  бойы  суда   болып,  одан  корек үшін  су өсімдіктерін, ұсақ  шаян тәрізділерді,  насекомдар  мен ұлуларды   аулайды. Үйректің қүйымшақ безі жақсы жетілген, оның майымен канаттарын  майлайды,  сондықтан үйректердін. денесі  суланбайды.   Қауырсындарының астындағы төсі  мен бауырында қалың мамық болады, ол үйректің денесін суда тоңдырмайды. Үйректер жағалаудан шөп жұлып жеп, насекомдарды жұтады.

Үйректің балапандары жұмыртқадан шыға салысымен аяғына тік тұрып, тез жүгіріп кетеді; енесі оларды суға апарады, сөйтіп олар суда дереу жүзе жөнеледі.

Үйректер түнде құс қораға түнейді,  ол  судан онша қашық емес, құрғақ жерге салынады. Үйрек қораның еденіне шымтезек, сабан немесе құрғақ жапырақ   төсейді,  жазда таза   құм  сеуіп тастайды;  су ішетін науа мен жемшашарды күнде жуып тұрады, ұясын тазартады.

    Үйректерді күніне 3 рет қоректендіреді: жемге дәннен немесе кебектен даярланған  ылғалды  қоспа,  сүйек  ұны  мен  картоп   беріледі. Астауға ұнтақталған көмір, бор, қайыршақ себеді.

Үйректерді ет пен май, сондай-ақ мамық пен қауырсын алу үшін өсіреді. Оларды өсімдігі мен мал азығындық шөбі жеткілікті табиғи және жасанды су қоймаларында өсіреді, бұл құнарлы жемді үнемдеуге мүмкіндік береді. Үйректерді құрғақ жайылымдарда да өсіруге болады, ол үшін ішетін сумен, құнарлы азықтармен қамтамасыз ету керек, олардың құрамында диірменге тартылған дән, бидай жармасы,. ет-сүйек ұны және ұсақ етіп туралған балауса азықтар енеді.

Қаз. Бұл да үйрек тәрізді жалпақ тұмсықтылар отрядына жатады. Қаз — ең ірі құстардың бірі. Оның денесі қомақты, төсі кең және шығыңқы; мойыны ұзын әрі қимылдағыш; басы екі шекесінен қысыңқы.

Ұзын тұмсығының дәл түбінде дөңесі, ал тұмсығының астында-тері катпары болады. Тұмсығының орта бөлігінде танау тесіктері бар. Тұмсығының ұшы қатты және үшкір, жиегін мүйізді пластинкалар-көмкеріп жатады, қаз онымен қорегін ұстап, судан сүзіп алады.

Қаздардың аяғы қысқа, төрт саусағы бар, оның үшеуі алға бағытталған, аралары алшақ, жүзу жарғағымен қосылып тұрады, төртінші саусағы артка қарай бағытталған. Қаздар құрлықта баяу жүреді табандарымен ескекше есіп отырады. Қаздың қауырсындары тып-тығыз, су өткізбейді, үйрек сияқты ол да қауырсындарын құйымшақ майымен майлайды. Қаз судан шыққанда үстінен су сырғып ағады. Қауырсындарының астында жылуды өте суық судан да жақсы сақтай алатын жылы мамығы болады.

Қаздар тобын бір ата қаз үнемі қарауылдайды, сәл қауіп төнсе болды, ол сақтандыра дауыс береді. Жауы (ит, түлкі, жыртқыш құстар) шабуыл жасаған кезде қаздар алдымен қаңқылдап, соңынан ысылдайды, оны  қанатымен соғып,  тұмсығымен шоқиды.

Қаздар тобы көктемде және жазда күні бойы су қоймаларының маңында жайылып жүреді. Шалғыннан шөп жұлып жеп, дән тереді„ көп жылдық өсімдіктердің жер астындағы бөліктерін алып жейді. Қаз су қоймаларында тұмсығымен су түбіндегі тұнбаны қопарыстырады: шала шіріген өсімдіктерді, насекомдардың личинкаларын алып жейді. Қаздарды түнге қарай құрғақ жерге салынған қашаға қамайды.

Күзде және қыста қаздарды құс корада ұстайды, оның еденіне сабан, ағаш үгінділері, құрғақ жапырақтар төселеді. Қаз қораларда тазалық сақталынып, оның желдетілуі бақыланады. Қыста қаздарды күніне 3 рет жемдейді: ертеңгілікте және дәл түсте дән,. ұсақ етіп туралған тамыржеміс пен балауса, пісірілген картоп, кешке-қарай дән береді. Жемшашарда міндетті түрде құм, қайыршақ, ұн-тақталған бор болуы керек.

Аналық қаз көктемде сабаннан және шөптен жасалған ұяға жұмыртқалап, оны 4 апта бойы басады. Қаздар балапанын қорғап„ ысылдайды, мойнын созып, тақап келгендерді шоқып алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *