Протопластардың жағдайларын жақсарту үшін оларға байытылған ортаны пайдаланады. Протоплпстардың өсірудің кең тараған әдісі, оларды жоғары ылғалдылықта көлемі 20-40 мкл тамшыларда өсіру. Потопластарды тек қана сұйық ортада ғана емес қоюланған ортада да өсіруге болады. Протопластарды агары бар қатты ортада да өсіруге болады. Ол үшін протопластар суспензиясын 1,2% агары бар жылы(450) көлемі бірдей ортамен араластырады. Клетка қабығы қайта пайда болып клетканың алғашқы бөлінуі үшін қоректік заттар орташа мөлшерде қажет болады. Ортаның рН жоғары болса, протопластардың күи жағдайы тіпті нашарлауы мүмкін. Протопластарды өсіру кезінде қоректік ортаны байытудың екі жолы бар. Жоғары рН қойылтылған ортаны тамшылап қосып отыру және қатты қоректік ортаны қолдану. Өсімдіктердің әр түрлерінен бөлініп алынған протопластардың өсуіне қолайлы көптеген қоректік орталар жете зерттеліп ұсынылады.
Протопластар құйылысқанда алдымен олар бір бірімен тоғысып жабысады, оны агглютинация деп атайды. Содан кейін олардың мембраналары да қосылып екі протопластан үлкен бір протопласт пайда болады. Протопластардың құиылысуы үшін химиялық және электрлік әдістерді пайдаланады.
Химиялық әдіс протопластардың құйылысуына жағдай жасайтын плозмолеманың электірлік зариядын өзгертетін заттарды суспензияға қосуға негізделген. Протопластарды жақындатып, тоғыстырудың тағы бір жолы протопластар суспензиясын капельяр арқылы өткізу. Электірлік құйылысу әдісі биік жиілігімен өзіне назар аударады. Бұл әдістін негізінде электір өрісі пайдаланады. Протопластар суспениясы екі электроттың ортасында орналасады.
Х. Борынман әріптестерімен бірге рапс протопластарында химиялық және электірлік әдістерінің салыстырмалы зеттеуін өткізді.
Протопластардың қосылуы бұл кездейсоқ құбылыс оған көптеген факторлар әсер етеді. Құйылысу жиілігі өсімдіктің түріне емес клетканың ультра құрылымына байланысты.
Клетклық инженерия әдістеріне протопластарды қосып будандастырудан басқа клеткалардың жее бөліктерінен оларды қайта құрастыру да реконструкция жатады.
Бірінші рет будан клеткалары 1960 жылдары in vitro өсіру әдісі жетілдірілгенде жануар клеткаларынан алынған жануар сомалық клеткаларын будандастыру әдісін биология мен медицинаның теориялық мәселелерін шешуге пайдаланады. Будан клеткалары биотехнологияларда кеңінен қолданылады мысалы гибридомаларжы пайдаланып моноклондық антиденелерді алу үшін. өсімдіктердің сомалық клеткаларын протопластары құйылысып, будан клеткалары алынады ал одан тоипатенттік қасиетке сүиенерегенерация будан арқылы организм шығады. Сондықтан бүл әдіс будан өсімдіктің құрамында нендей қасиеттерді паида болатынын білу үшін генетикалық талдау жасауға болады.
Көне заманнан бастап мәдени өсімдіктердің селекциясы жыныстық будандастыруға және оның нәтижесінде шыққан алуан геотиптерді сұрыптап олардың арасынан ең құндыларын таңдап алуға негізделген. Будан ата аналық формалары ртінде тек биологиялық бір түрге жататын белгілі бір организмдер белгілі бір тіркесте пайда болады.
Сомалық будандастыру будандастырудың жаңа әдісі оның арқасында будандастыру жыныстық процес арқылы емес тіпті басқа жолмен сомалық клеткалардың құйылысуы арқылы өтеді бұндай сомалық будандастыруды таксономиялық алшақтық шектемейді. Екі протоплас қосылғанда егер олардың ядролары қосылса нағыз будан клетка пайда болады. Ядролары қосылмаған будан клетка гетерокорион деп аталады. Субьпротопласт – протопластың бөлігі., цитоплазмалық мембранамен оршалған құрамында кейбір оргоноидтары бар ядросы болса ол нуклеопласт ядросы жоқ болса цитопласт, ядро мен цитоплазманың бөлігі болса мини –протопласт. Ата –ананың біреуінің ядросы бар және цитоплазмалық гендері екеуінен немесе біреуінен болса онда цитоплазмалық будан цибрид деп аталады. Ата-аналық біреуінен цитоплазмалық гендері иеленген будандарды цитоплазмалық гетерозиготалық будан цитогет.