Бау бақша

 

Орын тақдап алу және жоспарлау. Жер учаскесінің көлемі мен балалардың санына қарай бақшаның барлық топқа ортақ немесе олардын, әр тобына жеке болуы мүмкін. Оған арналған орынды жабдан әрі күн сәулесі түсіп тұратын, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе өсімдік бұталарымен қоршалған жерден таңдайды. Бақша алаңы (жүйек, жол, қатар аралықтары, 3—4 жастағы әрбір бала үшін 0,5 шаршы метр және 5—6 жастағы бала үшін 1—-1,5 шаршы метрден бөлінуге тиіс.

       Бақшаны жүйектердің ұзындығы 2,5—3 м болатындай етіп бөледі. Мұндай ұзындық егіс егу, көктеген шығымды қарау, көшеттерді отырғызу кезінде және т. б. жағдайларда барлық баланы жүйектің бойына орналастыруға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалар жұмыс істеген кезде қолдары ортасына дейін жетуі үшін жүйектің енін 70 см шамасынан арттырмаған жөн. Жүйектердің биіктігі топырақтың ерекшелігіне және сол жердің климатына байланысты болады. Куні суық немесе топырағы ауыр, жазы қысқа, жауын-шашыны мол болатын немесе ойпаң жерлерде жүйеқтердің биіктігін 40—50 см етіп; топырағы жеңіл, құрғақшылық аудандар мен біиктеу жерлерде жер бетіне деңгейлеп, тегістеуғып жасайды. Топырағының ылғалдылығы орташалау орталық алқаптағы жүйектердің биіктігі әдетте 15—20 см болады. Топырақ сусып кетпеуі үшін жүйектің жиегін көлбеулеу қылып қояды.

Жүйектердің бір-бірінен қашықтығы 50—60 см, ал бақшадағы негізгі жолдың ені 1 м болып келеді.

Бақшаға бөлінген алаңды дуалмен немесе жүгері (тез өседі, жақсы желек жаяды, жемістері әдемі, тұқымдары ірі болады), немесе күнбағыс (бұл да тез өседі, гүлшоғырының күнге қарай қозғалуы бақылауға  қызықты)   сияқты өсімдіктерден қоршау жасап қояды.

Овощтардың өсіп-жетілуіне қажетті жағдайлар. Овощтардан жақсы түсім алу үшін, олардың қарқындырақ өсіп жетілуі кезінде жағдай жасау керек. Бұл жағдай — жарықтың, жылудың, судың, минералдық тұздар мен ауаның белгілі мөлшерінің болуы.

Ж а р ы қ — овощ өсімдіктерінің өсіп, жетілуіне қажетті негізгі жағдайлардың бірі. Олар қараңғылықта ашығып, өсе алмайды, жарықтың жетіспеушілігінен жасыл түсінен    айрылып,    семіп    қалады, сарғаяды, тым созылып иіліп, жерге төселеді, мүшелері қиқы-жиқы болып, түсімі өте кемиді. О в о щ ө с і м д і к т е р і н і ң ж а р ық Сүйгіштіғі мынадай ретте болды: помидорлар — ең жарық сүйгіш, бұдан кейінгілері — шалғам, капуста, пияз, қызылша, үрмебұршақ, сәбіз, асбұршақ.

    Ау а   барлық өсімдікке де қажет. Олар тыныс алу кезінде ауадағы оттегін  сіңіріп  алады.  Өсімдіктер   (органикалық  заттар  түзуде)   ауадағы көмір қышқыл газды да сіңіреді. Жер бетіндегі өсімдік мүшелеріне ауа қашанда еркін жетіп тұрады, ал тамырға және өніп келе жаткан тұқымға, ауа топырақ тығыз

болмаған  және   қабыршақпен   жабылмаған   жағдайда   ғана   жетеді,сондықтан топырақты үнемі қопсытып отыру керек.

Ауыспалы бақша  егісі.  Овощ дақылдарын   учаскеге орналастыру кезінде ауыспалы егісті, яғни өсімдіктерді белгілі бір  алаңда  биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, кезегімен дұрыс отырғызылуын белгілеу қажет.

Қандай да болсын бір дақылды бір жерге қатарынан бірнеше жыл өсіре беруден топырақ тозып, өсімдіктің аурулармен және зиянкестермен зақымдануына әкеліп соғады; бір тұқымдас өсімдіктерді екі жыл қатарынан бір жүйекте өсіруге болмайды. Дақылдардың әрқайсысын бұрынғы егілген жеріне кемінде 4 жылдан кейін қайта егілетіндей етіп орналастыру керек. Мәселен, капуста, қияр, кәдіш пен асқабақтан кейін сол учаскеге помидор, ал үшінші жылы тамыржеміс пен пияз, төртінші жылы асбұршақ, үрмебұршақ отырғызуға болады.

4.Жер өңдеу және тыңайту. Жерді жақсылап өңдеу тек ылғал сақтауға және ауаның өсімдіктер тамырына баруын жақсарту үшін ғана емес, арамшөптер мен зиянкестерді кұрту, өсімдіктің жақсы өсуіне жағдай жасау үшін де қажет.

Овощ дақылдары егілетін жерді күзден бастап өңдеуді ұсынады. Өнімдерді жинап алғаннан кейін жүйектерді өсімдік калдықтарынан тазартып, жентектерді тырмалап қопсытпай, тереңдігі 18—20 см етіп күрекпен қазып алады, сол кезде топырақка ылғалды мол жинап, арамшөптер мен зиянкестерді құртуға мүмкіндік туады. Ондағы ылғал буланып кетпеуі үшін көктемнің бас кезінен, жер шамалы дегдіген бойда-ақ топырақты тырмалап қопсытады.

Топырактың өңдеуге дайын болғандығын былай анықтайды: топырақтың бір жентегін алып, қолмен сығымдап, оны кеуденің биіктігіндей жерден лақтырып жібереді, егер қолмен сығымдағанда ылғал шықпаса, жерге түскенде шашылып кетсе, топыракты өңдеуге дайын деп санауға болады. Топырақты 12—15 см тереңдікте қайтадан қазады. Сөйтіп күрекпен топырақ қабатын жұқалап кесіп алып, лақтырған кезде ұсақ түйіршіктерге бөлініп, шашылуы керек. Осындай жұмыс кезінде топырақтағы ұсақ тастарды, арам шөп тамырларын, насекомдардың личинкаларын іріктеп алып тастайды. Учаскені қазғаннан кейін топырақты шаңдатып жібермей, тағы да тырмалап қопсытады — ол мап-майда болуы тиіс. Сазды топырақты тұқым себер алдында екінші рет қайтадан қазады. Топырақты алғашында ересек адамдар қазады, ал қайтадан екінші рет қазған кезде оған естиярлар мен мектепке даярлық тобының балаларын қатыстыруға  болады.

Овощ өсімдіктеріне ең құнарлы жерді бөледі. Егер онда қоректік заттар жеткіліксз болса, тыңайтқыштар төгеді. Олардың ішіндегі ең жақсысы — көң, онда өсімдіктің қоректенуіне қажетті заттардың барлығы бар. Көң сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Жаңа көңді күзде немесе ерте көктемде топырақты өңдеуден бұрын төгеді. Қөктемде, тұқым себуден бұрын 1 шаршы метр жерге бір шелек шымтезек немесе карашірік, 30—50 г — суперфосфат, 30—40 г аммоний сульфатын 20—30 г калий тұзын, пештен алынған 1—2 стакан күл енгізеді.

Тұқымды егуге дайындау. Егу үшін ең ірі, дәні толық, шығымы жақсы тұқымды іріктеп алу керек.

Салқынға төзімді өсімдік (асбұршақ, сәбіз, ақжелке, қызылша) тұқымдарының көктеуін тездету үшін, еккенге дейін 3—4 тәулік бойы дымқылдап, суын күн сайын ауыстырып отырады. Егу алдында тұқымды шамалы кептіреді.Ерте пісетін және өте жоғары түсім алу үшін сәбіз бен қызылшаның тұқымдарын баптайды (яровизация). Бұл үшін олардың тұқымдарын тәрелкеге сеуіп, қайнамаған сумен ылғалдайды да шүберекпен  жауып қояды.  Тәрелкедегі тұқымды   мезгіл-мезгіл  араластыра  отырып, оны бірнеше күн жылы бөлмеге қояды. Тұқымдар бөртіп ісінген кезде оларды мұздыққа апарады: сәбіздің тұқымын  10—15 күн, қызылшанікін —7—10 күн   ( + 1, +2° температурада)   ұстайды.

Асбұршақ, үрмебүршақ және ірі бұршақ тұқымдарын ылғалданған  қағаздың немесе мақта қабаттарының арасына салып, егуден бұрын тәрелкеде көктетіп алады. Мұндай тұқымдарды дымқыл топыраққа  ғана себуге   болады, оларға  арналып   жыртылған  борозданы әбден суарады.

Жеміс ағаштары мен жидекті бұталар. Жер учаскесінің орналасуы мен көлеміне қарай оған жеке жеміс ағаштары мен жидекті бұталар отырғызады немесе жеміс бағын салады. Бау-бақша дақылдарының тұқымдары мен сорттарын жергілікті жердің ауа райы мен топырағына қарай іріктейді. Барлық жерде дерлік өсіруге болатын жеміс-жидек дақылдарын қарастырайық.

  1. Балабақша участкесндегі жануарлар

Балабақшалар алдында тұрған білімдік-тәрбиелік міндет тұрғысынан алғанда    жер учаскесінде   бірнеше    кролик пен тауық болуы керек.

Кроликтер. Жабайы кроликтер бізде Батыс Украинаның оңтүстігінде таралған. Олар табиғатта інде тіршілік етіп, түнде өмір сүреді. Табиғат мүйісінде асыранды кроликтер ұсталады.

    Кролик түсі әр түрлі, майда жүні бар, шағын денелі жануар. Оның құлақтары ұзын, қозғалмалы, тыңдаған кезде құлағын тігіп, үріккенде жымқырып алады, тұмсығы доғал, дөңгелек, бадырақ көзді, мұрттары екі жағына едірейіп тұрады.    Бұл жануардың артқы аяғы алдыңғы аяғынан ұзынырақ, сондықтан ол секіріп жүреді. Қүйрығы қысқа. Кроликтер — қоян тәрізділер, олардың кемірушілерден айырмашылығы — үстіңгі жақ сүйегіндегі күрек тісі екеу емес, төртеу болады. Сәбіз, қызылша, капуста, шөп жейді.

Кроликтердің тұқымы өте көп. Табиғат мүйісінде ұстауға тамақ пен күтімді талғамайтындарын алған дұрыс. Кроликтер суықтан қорықпайды, бірақ өтпе желге төзімсіз. Оларды ашық ауада жасалған арнайы торларда ұстауға болады. Тордың биіктігі —60—70 см, еденінің ауданы — 125X70 см.

Тауықтар бұдан мыңдаған жыл бұрын, ежелден асыранды болған. Персияда, кейіннен Греция мен Римде киелі «күн» құсы деп есептеліп, өлтіруге рұқсат етілмеді. Тауықтар Европаға келгеннен кейін, оларды жұмыртқа және дәмді ет алу үшін өсіре бастады.

Тауықтардың қанаты қысқа және әлсіз, аяқтары күшті болады. Бұл құстар жерде жақсы жүгіреді, бірақ аспанда ұша алмайды. Аяқтарында 4 саусақтан болады: оның үшеуі алға, біреуі артқа бағытталған. Саусақтарында тырнақ болады; жем-дән, құрт, насеком личинкаларын    іздеп,      тырнақтарымен      топырақты    оңай    тырмалайды.

Әтеш мекиенінен әдемірек болып келеді. Оның құйрығы үлкен, өрнекті, доғаша иіліп түрады. Басында — қызыл айдар, тұмсығының астында — тері сақал, кеудесі алға қарай шығыңқы болады. Аяқтарында өткір өсінділері- тепкісі болады, әтештер төбелескен кезде онымен бір-бірін қатты жарақаттайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *