ГЛОССАРИЙ

 

  1. Интрон –ДНК мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбектері, прсессинг нәтижесінде рестриктаза ферментінің әсерімен интрон үзіліп түсіп қалып отырады да, қалған мағаналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық РНК түзіледі.
  2. Каллус- ұлпа, өсімдік клеткаларының ретсіз бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.
  3. Кариотип – организімдегі хромосомаларына тән белгілерінің жиынтығы, ол хромасомалар саны, пішіні, мөлшері, өлшемі, морфологиялық ерекшелігімен ерекшеленеді.
  4. Клетка циклі – клетканың бір бөлінуінен екінші рет бөлінуіне дейінгі клеткада жүретін тіршілік процестерінің жүйесі, ол митоздан (миоздан) және интерфазадан тұрады.
  5. Клеткалар популяциясы- жасанды қоректік ортада өсірілген клеткалардың жиынтығы.
  6. Клеткаларды мұздатып сақтау- мұздатып алып өте төменгі -196 С температурада сақтау.
  7. Клетка генерациясының мерзімі- клетканың кезекті екі бөліну арасындағы мерзім.
  8. Клон- қоректік ортада жалғыз бір клеткадан көбейген клеткалар.
  9. Клондау- құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНК-ы молекуласы бар, бактериялық клеткаларды қоректік агарға сеуіп, ДНК молекула қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір клетканың ұрпағы деп түсіну керек, оның барлық клеткалары құрамында бір тиіптік рекомбинанттық ДНК молекуласы бар.
  10. Компентенция – клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, организімнің индукторлық әсерді қабылдап алуға қабілеттілігі және әсер еткен факторға жауап ретінде өзінің даму бағытын өзгертуі.
  11. Комплементарлық ДНК- ферменттер қатысуымен жасанды жолмен синтезделген и РНК-ның көшірмесі. (кДНК)
  12. Генетикалық комплементация- будан клеткалар ішіндегі әрекеттесу негізінде, ақауы бар гендердің функциясын өз қалпына келтіруі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *