Еңбек — балалар бақшасында тәрбиелік-білімдік жұмыстың методы ретінде маңызды орын алады. Балалар заттармен және табиғат құбылыстарымен тікелей араласа отырып, ол жөнінде нақтылы білім алады, өсімдіктің өсіп жетілуі мен оларды адамның күтуінің арасындағы кейбір байланыстарды анықтайды. Мұның бәрі олардың жетілуіне жағымды әсер етеді, дүниені материалистік тұрғыдан тануларына негіз жасайды.
Бақшада, бау-бақшада, гүлзарда және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау — өсімдіктер мен жануарларға деген ынта-ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға ұқыпты карауына тәрбиелеуге көмектеседі, еқбек сүйгіштік пен баска да адамгершілік сапаларының калыптасуына ықпал етеді.
Қолдарынан келетін дене еңбегі балалардың жалпы жетілуіне пайдалы әсер етеді, анализаторлардың, ең алдымен қозғалғыштар қызметінің дамуына ықпал жасайды.
2.Еңбекті пайдалану. Еңбек балалар бақшасында жер учаскесіндегі және табиғат мүйістеріндегі, кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып колдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбектік дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн. Сөйтіп, мысалы, егудің алдында балалар дәндерді (формасын, көлемін, түсін) қарап шығуға, сағақты отырғызу алдында өсімдік бөліктерінің атын (сабағын, жапырақтарын, гүлдерін) атауды қайталауға тиіс.
Балалардың істелген істің мәнін, оның мақсатын жете түсінуі үшін, оларды еңбекке, талап қоюға деген саналы көзқарасқа тәрбиелеу қажет. Балалардың қандай да болмасын бір әдісті меңгеріп қана қоймай, оның неліктен керек екендігін де түсінгендері өте маңызды. Сондықтан дәндерді себуді, сағақтарды отырғызуды, аквариумге суды үстеп құюды және басқа да еңбек операцияларын көрсете отырып, оларды түсініктер арқылы толықтыру өте-мөте қажет.
Егер балалардың бүкіл іс-әрекетін қандай да болмасын бір механикалық операцияларды жасауға апарып тіресек, онда олардын, нәтижелері тиімді бола тұрса да, еңбек өзінің тәрбиелік-білімдік құнын жояды. Кез келген еңбектік әдісті тәрбиеші түсіндіруге және өзі жасап көрсетуге тиіс, содан кейін оны естияр топтың екі-үш және ересек топ пен мектепке даярлық топтың бір немесе екі баласы қайталайды. Тек осыдан кейіи ғана әдісті бүкіл топтың балалары орындауын ұсынуға болады. Бір әдісті үнемі қайталап колдану — еңбек дағдыларының пайда болуын қамтамасыз етеді.
Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдістерге — үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінің еңбек үлгісімен танысу, балаларға әр түрлі еңбектік операцияларды тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің және бүкіл топтың істеген жұмысына баға беру жатады.
3..Жер учаскесіндегі еңбек. Табиғат мүйісіндегі еңбек.
Жер учаскесіндегі еңбек Балалар бақшасының қызметкерлері мен ата-аналар өсімдіктерді өсіру үшін жер учаскесін дайындайды. Олар бақша мен гүлзарға арналған жерді қазып қопсытады, жүйектер әзірлейді. Балалар учаскені тазалауға және өсімдіктерді өсіру жұмыстарына қатысады.
Сәбилер тобының балалары тастарды, шыбықтарды жинайды да, оларды бір жерге үйіп қояды. Тәрбиешінің көмегімен пиязды отырғызады, ірі дәндерді себеді, жүйек пен клумбалардың суарылуын, топырақтың қопсытылуын, өсімдік түптерінің қазылуын бақылайды, өсіп шыққан өнімаі жинап алуға катысады.
Естияр және ересек топтардың балалары жұмысқа неғүрлым белсендірек қатысады. Олар қоқыстарды тырмалап, жинайды да, зембілге салып, бір жерге үйеді. Тәрбиешінің көмегімен бұршақтың, фасольдың, сұлының, настурцияның және басқа да өсімдіктердің ірі дәндерін себеді, клумбаларды, жүйектерді суарады, жерді қопсытады, сиретілуін бақылайды, піскен көкөністерді жинайды.
Мектепке даярлық тобының балаларын жерді қазуға және топырақ түйірлерін ұнтақтауға, дәндерді егуге, көшеттерді қопаруға, суаруға, жерді қопсытуға, өсімдікті сирексітуге, өнімді жинауға, ағаштардың жас шыбықтарын отырғызуға қатыстырады.
Балалардың тапсырылған іске жауапкершілік сезімін арттыру мақсаттарында ересек және мектепке даярлық топтарын шағын топтарға бөледі, ол топтардың әркайсысына кішкене жер учаскесіндегі белгілі бір өсімдіктерді күтуді тапсырады. Балалар бақшасында немесе үйде өсімдіктерді ез бетімен өсіргісі келгендерге тапсырма береді. Бірақ бұл жұмыс жөнінде ата-аналардың білуі қажет, өйткені олар тәрбиешімен бірлесіп оның орындалуын тексеруге тиіс.
Табиғат мүйісіндегі еңбек. Сәбилердін бірінші тобында табиғат бұрышының мекендеушілерін балалардың қатысуымен тәрбиеші күтеді, балалар оның айтуымен лейканы әқеліп, өсімдікті суарады, балықтарға және т. б. азық береді. Сәбилердің екінші тобында балалардын өздері тәрбиешінің бақылауымен балықтарға күн сайын жем береді өсімдіктерді суарады. Естияр топта балалар өсімдіктер мен жануарларды күтуде тәрбиешінің жекелеген тапсырмаларын орындайды, бірақ мұндай жағдайда балалардың жеке ерекшеліктерін ескерген жөн. Олардың кейбіреулеріне жеңіл-желпі тапсырмалар берген жөн: кояндарға арнап сәбіз кесу, жануарлардың жемді жеген-жемегенін қарап шығу т. б. Әдетте, балалар мұндай тапсырмаларды ынталанып орындайды, сонымен бірге жануарлардын, ерекшеліктері мен қылықтарын да белгілеп алады.Ересек және мектепке даярлық топтарында балалардың аздағаи топтарынан (2—3 адамнан) кезекшілік қою практикаға енгізіліп келеді. Бұл, еңбекті колданудың неғүрлым кең таралған және бағалы формасы, өйткені тапсырылған іске жауалкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Барлық балалар кезекпен кезекшілік етеді. Тәрбиешінің көмегімен олар табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді қарайды және суа-рады, жапырақтарды сүртеді, балықтарға және басқа да жануарларға жем береді, торларды тазалайды, құстарға сұлы себеді. Кезекшілікті тапсырып, олар не істегенін және нені бақылағандарын әңгімелеп беруге тиіс. Бұл — оларды өз міндеттеріне зейіндірек қарауға үйретеді.
4.Гигиеналық ережелерді сақтау. Балалардын, еңбекте шаршап қалмауы үшін, еңбек гигиенасы ережелерін сақтау керек. Жазда күннің ыстық емес кезінде — ертеңгілікте және кешкілікте жұмыс істеу ұсынылады. Жұмыс істеген кезде, балалардың дене қалпының дұрыс болуын қадағалау керек. Сөйтіп,жүйектерді тырмалармен қопсытқан кезде, денені тік ұстаған жөн; лейкамен немесе шелекпен су тасығанда, олар екі қолда бірдей болуы керек.
Жұмыстың түрін ауыстырып отыру керек. Мысалы, отырғызуды және сиретуді тырмалармен жерді қопсыту жұмысымен ауыстыруға болады және т. б. Құралдар балалардың жасына сай болуы тиіс.
Кез келген жұмыстан кейін, оның қайда істелгеніне — жер учаскесінде немесе табиғат мүйісінде — қарамастан, балалар қолдарын сабындап мұқият жууы тиіс.
Бақылау сұрақтары.
1.Еңбектің жұмыс тәсілі ретіндегі маңызы қандай?
- Тәрбиелік-білімдік жұмыс тәсілі ретіндегі маңызын жоғалтпау үшін еңбекті қалайша қолдануға болады?
- Балалардың жер учаскесіндегі және табиғат бұрышыдағы еңбектерінің мазмұны қандай?
- Балалардың еңбек дағдылары қалай қалыптасады?
- Балалардың еңбегі қандай гигиеналық талаптарға сай болуы керек?
Негізгі әдебиеттер:
1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983
2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.
3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.
- Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж
- Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж
Қосымша:
- Аквилева Г.Н. Наблюдения и опыты на уроках природоведения. Пособие для учителей начальных классов. М.Дросвещение 1988.
2.. Қ.Аймагамбетова. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы. Мектеп. 1974. — 68 б.
3.ҚАймагамбетова. Аз компектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы. Мектеп. 1983. —152 6.