Дәрістің мақсаты: Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасымен танысу
Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:
1.Бағдарламаның мазмұны
2.Бағдарламаның құрылысы
3.Материалдың орналасуы
4.Жұмысты жоспарлау
1.Бағдарламаның мазмұны. Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды өлі табиғат заттарымен және құбылыстарымен таныстырады: аспан әлемімен (күнмен, аймен, жұлдыздармен); аспандағы құбылыстармен (күннің шығуы мен айдың батуы, ай фазасының ауысуы, күннің ертеңгіліктегі тұратын орны); сумен — оның қалпының өзгеруімен (қатумен, қар мен мұздың еруімен, бұлттардың түрімен, жауынмен, қара бұлтпен, шықпен, қыраумен); қатты денелермен (құммен, сазбен, таспен), олардың қасиеттерімен; а у а м е н, оның қозғалысымен, желдің бағытымен және күшімен; э л е к т р және жарық құбылыстарымен (найзағаймен — күннің күркіреуімен, кемпірқосақпен, түсті жолақтардын, формасы және орналасуымен); өздерінің жер учаскесіндегі, жақын ормандағы, парктегі, көгалдағы, егістік жерлердегі өсімдіктермен (ағаштармен, бұталармен, шөп тұқымдас өсімдіктермен және саңырауқұлақтармен) — өсімдіктердің бөліктерімен, олардың формаларымен, түсімен, өсу процесіндегі және жыл маусымындағы өзгерістерімен, өсімдіктерді қорғаумен; жергілікті жерге ең көбірек таралған ү й жануарларымен (сыртқы түрімен жекелеген мүшелерінідегі құрылысымен және олардың қозғалу, қоректену, жауларынан қорғану ерекшеліктерінің байланысымен, жануарлардың мекендейтін орынымен, жылдың әр түрлі маусымындағы олардың өміріндегі өзгерістерімен жануарлар және оларды қорғау жөніндегі қамқорлықпен); өсімдіктерді өсіру және жануарларды бағып-күту жөніндегі еңбекпен.
2.Бағдарламаның құрылысы. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, табиғатпен таныстыру программасы жинақталып берілген: балалар балабақшада болған уакыттарының барлығында бір нәрсенің немесе құбылыстың өзімен бірнеше рет танысады, бірақ әр ретте де кеңірек және тереңірек танысады. Балалардың нақтылы білімі молаяды және сонымен бірге жалпыланад ы. М ы с а л ы. Ағаш — бүкіл топтың танысатын объектісі. Ең кішкене балалардан оны басқа заттардық ішінен бөліп алып, көрсете білу талап етіледі. Сәбилер тобындағы балаларды ағаштардың белгілерімен — жапырақтарымен, олардың түсімен және көлемімен таныстырады. Естияр топта мектев жасына дейінгі балалар ағаш бөліктерінің орналасулары (ағаш діңінде бұтақтар, бұтақтарда — жапырақтар) жөнінде біледі оларды жапырақты ағаштарды қылқан-жапырақты ағаштардан айыра білуге уйретеді. Ересек топтарда балалар күннің суытуымен, жапырақтар түсінің өзгеруі және түсуі немесе күннің жылынуы және бүрлерден жапырақтардың пайда болуы арасындағы байланысты анықтайды. Мектепке даярлық тобындағы балалар жапырақтардың гүлдердің, бұтақтардың бүрлерден өсетінін біледі, жапырақтардың түсуі жөнінде түсініктер алады, көбірек тараған ағаштарды діңіне, бұтақтарына, жапырақтарына және ұрықтарына қарап айыра алатын дағдыларға ие болады. Балалар аспан әлемімен (күнмен, аймен, жұлдыздармен) балалар бакшасында болған кездерінде танысады.
3.Материалдың орналасуы. Мектеп жасына дейінгілерді табиғатпен таныстыру балалардың жыл маусымдары арасындағы байланысты түсінуіне ыңғайлы жүйелілікте жүзеге асырылады. Материал барлық топтарда (бөбектік жастан басқа) жылдың белгілі бір маусымына сәйкес, тоқсандар бойынша орналасқан. Әрбір маусымда өлі және тірі табиғат үшін анығырақ та сипатты құбылыстар бөлінген. Материалдың бұлайша орналасуы — табиғатта болып жаткан құбылыстарды және жекелеген құбылыстардың арасындағы байланысты анықтауды, сондай-ақ оларды бақылаған кездегі қайталанушылығын сезіммен қабылдауын қамтамасыз етеді.
Түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруда сөздің зор маңызы бар. Балалардың сөздік қорының молаюы және ана тілін меңгеріп алуы — табиғатты сезіне танумен біртұтас байланыста жүзеге асады. Сондықтан табиғатпен танысу және тіл дамыту жөніндегі барлық топтардағы материал қосылып, бірге берілген.
4.Жұмысты жоспарлау. Балалар бақшасында білімдік-тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру үшін күні бұрын жоспар-тәртіптілікті, жүйелілікті, жұмыстардың орындалу мезгілін қарастыратын шаралар жүйелі түрде белгіленеді.
Жоспар жасаған кезде міндеттер анықталады және материал «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» негізінде белгілі бір уақыт аралығына (тоқсан, ай, екі апта) іріктеліп алынады, сондай-ақ балалардың жергілікті өлке табиғатынан білімдері де есепке алынады.
Балаларды табиғатпен таныстыруда жүргізілетін барлық жұмысты олардың зерттеп жүрген құбылыстарында пайда болатын жүйелілікке сай жүргізу керек. Сондықтан жұмыстың күнтізбелік жоспарын жасау үшін, балаларға табиғаттың қандай құбылысын қашан көрсеткен жөн екенін анықтап алу қажет. Бұл үшін өзінің жергілікті жеріндегі түрлі маусымдық құбылыстардың болатын кезін және ауыл шаруашылығы жұмысын жүргізетін кезді, сондай-ақ балалар бақшасының төңірегіндегі табиғатты (парктің, сквердің болуын, орманның, көгалдың жақындығын т. б.), ондағы өсімдіктер мен жануарларды білу керек.
Бақылау сұрақтары.
1.«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасындағы» «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінің мазмұны қандай?
- Бағдарламаның құрылысы неліктен топталып берілген?
- Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудағы маусымдылықты немен түсіндіруге болады?
4.«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» табиғатпен таныстыру жөніндегі материал қалай орналастырылған? .
Негізгі әдебиеттер:
1.Веретеникова.с.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. «мектеп»1983
2.Горощенко В.П.,Степанов И.А. Методика преподавания природоведения . М.,Просвещение, 1984.
3.Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподавания природоведения. М. Дрсвещение, 1980.
- Аймағанбетова.К.А.Дүниетануды оқытудың теориялық негіздері.Алматы,2000ж
- Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы. Алматы1985ж