. Табиғат — органикалық (тірі) және органикалық емес (өлі) дүниелері бар бүкіл әлем. Бүкіл өмірлік процестер Жердің жоғарғы қабатында — б и о с ф е р а д а болып жатады, оның құрамды бөліктері тірі организмдер — өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және адам.
Тірі табиғат денелерінің өлі табиғаттан негізгі айырмашылығы — заттардың алмасу процесінде тірі дененің өсуі, дамуы, көбеюі болып табылады. Әлі дене сыртқы ортаның өзара әсерінен өздігінен қайта жаңармайды, бұзылады да, өлі материяның басқа бір түріне ауысып отырады.
Организмнің орта жағдайларына икемделуі — табиғаттың мезгілдік құбылыстарынан, жануарлар мен өсімдіктердің мүше құрылыстарынан, сондай-ақ қозғалудың әр түрлі тәсілдерінен, қоректенулерінен, жапуарлардың қылықтарынан, өсімдіктердің жарықты, дымқылды, ауаны, температураны түрліше қажет етулерінен көрінеді.
Ш и п а л ы табиғат. Ол адамды сауықтыруда үлкен роль атқарады: жасыл өсімдіктер ауадағы көмір қышқыл газын өз бойьша сіңіреді де оттегін бөліп шығарады. Ормандардың ауасы ірі өндірістік қалалардың ауасынан 200 есе таза екендігі анықталған.
Форманың бояу мен дыбыстың әдемілігін және үйлесімділігін қабылдау, табиғатта болып жатқан құбылыстарды бақылау қуаныш сезіміне бөлеп, зор қанағат береді.
Табиғат б а ғ а л ы ө н е р т у ы н д ы л а р ы н жасауда үлкен роль атқарады. Ақындар, жазушылар, суретшілер, музыканттар өз шығармаларын оны суреттеуге және жырлауға арнайды.
Табиғат — т а н ы м н ы ң қуатты қ а й н а р б ұ л а ғ ы. Оның күрделі органнзмдерін зерттеп білу — техникаға, өнертапқыштар мен жаңашылдарға құралдар жасауға тетік болып танылады. Адамдар өмірінде табиғаттың маңызы зор және сан алуан. Табиғат — адамның м а т е р и а л д ы қ ж ә н е м ә д е н и е т і л і к те р і н і ң қ а й н а р к ө з і.
2.Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы. Балалар әрқашан да және барлық жерде табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады. Жасыл ормандар мен жайылымдар, әдемі гүлдер, көбелектер, қоңыздар, құстар, аңдар, көшпелі бұлттар, жапалақтап жауған қар, бұлақтар, тіпті жазғы жаңбырдан кейінгі шалшықтар — соның бәрі балалардың көңілін аударады, қуантады, олардың жетілуіне мол азық береді.
Орманда, көгалда, өзеннің немесе көлдің жағасында ойнау, саңырауқұлақтар, жидектер, гүлдер теру, жануарлар мен өсімдіктерді күту және бақылау балаларға шексіз қуаныш әкеледі. Адам бала кезінде шомылған өзенін, ала көбелекті қуалап, гүл терген көгалын еске алып, өмір бойы есінде сақтайды. Табиғатка үңіле қараудан, балалар ойнайтын орындарға күштарлықтан өз өлкесіне, туған табиғатына, Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болып, жетіле түседі, патриоттық сезімге тәрбиеленеді.
Гүлдер мен жемістердің түрі, пішіні, иісі, құстардың сайрауы, бұлақтардың сылдыры, судың шалпылы, шөптің сыбдыры, құрғақ жапырақтардың судырлауы, қардың аяқ басқан сайын сықырлауы — осының бәрі балалардың табиғатты сезінуіке мүмкіндік береді және олардың эстетикалық сезімін, сенсорлық тәрбиесін дамытудағы бай материал қызметін атқарады.
Табиғатты шын мәнінде қандай болса, сол қалпында көріп, еститін бала кездегі ептілік — балалардың оған деген қызығушылығын арттырады, білімін кеңейтеді, мінез-құлқын, ынта-ықыласын қалыптастыруға ықпал етеді. Бүған көптеген табиғат зерттеуші-ғалымдар-дың (Қ. А. Тимирязевтің, И. В. Мичуриннің), жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың (А. Пушкиннің, М. Пришвиннің, И. Левитанның, П. Чайковскийдің т. б.) өмірбаяндары біздің көзімізді жеткізеді.
3.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғ а т п е н т а н ы с т ы р у.
Балаларда шындықты дұрыс көрсететін білімдердің болмауы — оларда жоққа сенушілік пайда болуына әкеліп соқтырады. Балалардың жануарларға деген қатігездігінің, бақаларды, кірпілерді, пайдалы насекомдарды т. б. қырып, өлтіруінің себебі олардың жануарлар жөніндегі теріс түсініктерінен болады. Бұл тек табиғатқа ғана зиян келтірмей, балалардың психикасына да теріс әсер етеді, оларды қатігездендіріп жібереді. Ұялап қалған теріс түсініктерді түзеу жаңа, дұрыс түсініктерді сіңіруден анағұрлым қиын. Міне, сондықтан да балалардың мектеп жасына дейінгі кездің өзінде-ақ табиғат жөнінде дұрыс мәлімет алуы өте маңызды.
Табиғат құбылыстарын балалардың дұрыс қабылдауы үшін, олардың табиғатты қабылдау процесін бағыттау қажет. Балаларды табиғатқа жақындастырмайынша және оны балалар бақшасының оқу-тәрбие жұмысына кеңінен пайдаланбайынша, мектеп жасына дейінгілерді ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі жағынан жан-жақты жетілдіру міндеттерін шешуге болмайды.
4.Балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік-білімдік міндеттері. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасына» сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімдік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті —балаларға өлі табиғат туралы, өсімдіктер, жануарлар және балалардың сезіммен қабылдай алатын объектілері мен құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде білім беру.
Ақыл-ой тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі—сенсорлық мәдениет. Ол анализаторды (талдауларды) жетілдіруге, балаларда сезімдік тәжірибе жинақталуына бағытталған, ол келесі талдаулардың, табиғаттанудағы қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың негізі болып саналады.
Балалардың білімді меңгеруі — олардың танымдық қабілеттерінің, сенсорлық аппаратының, логикалық ойлауының, зейінінің, тілінің, байқағыштығының, білуге құмарлығының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс.
Ойды дамыту және материалистік дүниетанымдылықтың негізін қалыптастыру үшін балаларды табиғаттағы заттармен және құбылыстармен таныстыру, байқаған құбылыстарына түсініктер іздестіруге үйрету және олардың арасындағы байланыстылық пен өзара катынастарды жете түсінуге балаларды баулу. Ақыл-ой табиғат құбылыстарының арасындағы өзара себеп-салдарлық қатынасты түсіну процесінде жетіледі.
Бақылауға, яғни табиғат құбылыстарына белгілі бір мақсатпен қарауға үйрете отырып, біз балалардың жалпы ақыл-ойының жетілуімен тығыз байланысты болатын және «балалардың оқуға дайындығының» елеулі шарты болып табылатын зейінін дамытамыз.
Табиғатқа деген ынта-ықыласты да тәрбиелеу қажет. Тәрбиеші жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы түріне, қимылына, қылықтарына балалардың назарын аударып, қалай бақылау керектігін көрсете отырып, балалардың табиғат жөніндегі білімін ғана емес, жануарларға деген көзқарастарын да қалыптастырады. Тек әрқашан да баланың жасын ескеру қажет және оның көңілін сол заттың немесе құбылыстың несі қызықтыратынын да білу керек.
5.Тәрбиешіге қойылатын талаптар. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінін, педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі әр түрлі ғылымдар саласынан білімніқ мол қоры болуы, оның даму заңдылықтарын түсіну, табиғаттағы заттар мен болып жаткан құбылыстардың арасындағы өзара байланысты материалистік диалектика тұрғысынан дұрыс түсіндіре білу талап етіледі. Әсіресе өзі тұратын жердің табиғатымен танысу маңызды: мерзімдік өзгерістерді бақылап отыру, календарь жасау, көбірек таралған есімдіктер мен жануарларды анықтап, тануды үйрену, оларды қайдан кездестіруге болатынын білу.
Балаларды табиғатқа белсенділікпен және ұқыпты түрде қарауға тәрбиелеу балалар бақшасындағы жануарлар мен өсімдіктерді күтуге көмектеседі. Тәрбиешіден тірі табиғат мүйісін ұйымдастыра білу, өсімдіктер мен жануарлар табиғатта қалай өмір сүрген болса, соған ұқсас жағдайларды жасау талап етіледі. Мұнан басқа оның балалар бақшасы учаскесі мен тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді өсіруге агротехникалық әдістерін және жануарларды бағып-күтуді меңгеру керек.
Тәрбиешінің өз үлгісі балаларды еңбек дағдыларына тәрбиелеуде шешуші ықпал етеді. Балаларда табиғат туралы білім мен эстетикалық сезімнің қалыптасу процесінде тәрбиешінің өзінің де табиғаттың сұлулығын тануға және оған сүйсінуге деген ынтасы мен іскерлігінің зор мәні бар. Табиғатты сүйетін тәрбиеші қажетті білімдер мен ше-берліктерді, сондай-ақ жұмыстың негізгі әдістерін меңгере отырып, табиғатты баланың жан-жақты жетілуіндегі кұдіретті фактор ете алады.