Жалпы және жеке тіл білімі  

 

Тіл білімі лингвистика (грек linqua-тіл), тіл жөне онын даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы -тіл. Тіл — адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл — қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалык құрылысы болады. Осынан келіп тіл білімінің салалары шығады.

Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика. грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.

Тарихи тіл білімі — тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.

        Жалпы   тіл   білімі   —   жалпы   тілдерге   ортақ,   универсалды мәселелерді   зерттейтін   тіл   білімінің   бір   саласы.Жалпы   тіл білімінің теориялық топшылаулары   мен  қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сқйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам   баласы   тілінің   пайда   болуын   қарастырады;   тілдің  даму заңдарын    айқындайды;    дүниежүзі    тілдеріне    классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.

Бақылау сұрақтары:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *