Бақылау карталарын қолдану себептері.
Әртүрлі өндірістік жағдайларды тұрақты деңгейде ұстауға қаншалықты тырысқанмен, ол жағдайлар өзгеріп отырады, өзгерістер шығарылатын өнімнің сапалық көрсеткіштерінің ауытқуына апарып соғады.
Жоюға келмейтін ауытқулардың орын алуына өндірістің кездейсоқ қателіктері себеп болады, мысалы:
— шикізат пен материалдар сапасының өзгеруі (рұқсат етілген шек ішінде);
— өндірістік жағдайлардың (температура, ауа қысымы, оның ылғалдығы, электр тогының күші, оның кернеуі және т.б.) өзгеруі.
Жоюға келетін ауытқулар өндірісте жүйелік қателіктердің орын алуымен байланысты. Жүйелік қателіктер стандартқа сай келмейтін шикізат пен материалдардың қолданғанынан, техникалық режимдердің бұзылуынан, технологиялық құжаттардың кемшіліктерінен, жабдықтардың дұрыс жұмыс ісемеуінен, өлшеу құралдарының дұрыс өлшемеуінен және т.б. себептерден орын алуы мүмкін. Демек, жоюға келетін ауытқулардың себебі болып түзетуге келетін жағдайлар табылады.
Бақылау карталарының мәні
Бақылау карталары процестің динамикасын, яғни сапалық көрсеткіштердің уақыт барысында өзгеруін график түрінде көрсетеді (… сурет). Әдетте картада мәліметтердің жоғарғы және төменгі шекара (реттеу шекарасы) ішінен табылатын шашырау диапазоны көрсетіледі. Реттеу шекарасын бағалау үшін 3 орташа квардаттық ауытқу (3 σ) қолданылады.
… сурет. Бақылау картасы.
1 – процесс реттелген; 2 – процесс реттелмеген
ЖРШ – жоғарғы реттеу шегі; ТРШ — төменгі реттеу шегі
Бақылау карталары технологиялық процестерді талдау және реттеу үшін кеңінен пайдаланылады.
Егер бақылау картасына енгізілген нүктелер реттеу шекарасынан шықпайтын болса, онда процесс түрақты жүріп жатыр деп есептелінеді. Нүктелердің шашырауы сапалық көрсеткіштің түзетуге келмейтін ауытқуы деп танылады, өндірісті оған өзгерістер енгізбей жалғастыра береді.
Ал егер картадағы нүктелер реттеу шекарасынан шығып жатса, технологиялық процеске кейбір табу және түзетуге жататын жүйелік қателектер енді деп есептеледі. Бақылау карталары пайдалы ақпарат көзі болып табылады, өйткені сапалық көрсеткіштердің шашырауымен бірге орташа мәндерге, яғни технологиялық процестің реттелу деңгейіне ықтималдық баға беруге мүмкіндік туғызады. Көрсетілген қасиеттерінің нәтижесінде бақылау карталары технологялық процестерді талдау және жетілдірудің тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Бақылау карталарының жіктелуі.
Бақылау карталарының көптеген түрлері кездеседі. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
- сандық (өлшеуге келетін) сипаты бойынша бақылау карталары;
- сапалық (альтернативалық) сипаты бойынша бақылау карталары.
Сандық сипаты бойынша бақылау карталарына өнімнің бақыланатын сандық сипаттамалары енгізіледі, ал сапалық (альтернативалық) сипаты бойынша бақылау карталарына ақаулы өнім бірліктерінің сандық сипаттамалары немесе өнімнің белгілі санды бірліктерінен шығатын ақаулар саны енгізіледі.
Сандық сипаты бойынша бақылау карталар жеке-дара (1 функция атқару үшін) және комбинирленген (процестің реттелу деңгейіне және сапа көрсеткіштерінің шашырауына бір мезгілде әсер көрсету үшін) деп бөлінеді.
Бақылау карталарын арналуы (функциялары) бойынша да ажыратады. Олар өндірістік процесті реттеу үшін (орташа арифметикалық мәндер карталары, медианалар карталары және т.б.) және сапа көрсеткіштерінің шашырауын реттеу үшін (орташа квадраттық ауытқу карталары, құлаштар карталары және т.б.) деп бөлінеді.
Сандық сипаттары бойынша бақылау карталары:
— орташа мән мен құлаш үшін (, R);
— медиана және құлаш үшін (, R);
— орташа мән мен орташа квр\адраттық ауытқу үшін (, S).
Сандық сипаттары бойынша бақылау карталарының кең тараған түрі болып орташа мәндер үшін бақылау карталары және құлаш R үшін бақылау карталары табылады. Бұл карталардың әрқайсысын жеке немесе бірге қолдануға болады.
Сапалық (альтернативалық) сипаттары бойынша бақылау карталары:
— ақаулы өнімдір үлесінің бақылау карталары (р-карталары);
— ақаулы өнімдер санының бақылау карталары (np-карталары);
— ақаулардың сомалық санының бақылау карталары (с-карталар);
— өнім бірлегіне келетін ақаулар санының бақылау карталары (u-карталары).
Ақауларды есепке алу мақсатында ақаулы өнім бірліктерінің үлесін бақылау үшін карталар (p-карталар) және өнім бірлігіне келетін ақаулардың санын бақылау үшін карталар (с-карталар) жиі қолданылады.