Бұйымның сапасы оны шығару кезінде қалыптасады. Сапа шығару процесін құрайтын факторлар мен себептер жүйесі әсерінің нәтижесі деп айтуға болады. Процесс (себептік факторлар жүйесі) және сапа (себептік факторларлар әсерінің нәтижесі) арасындағы тәуелділікті график түрінде көрсетуге болады.
Сапасы тұтынушылар сұранысына сәйкес болатын бұйымдар өндіру үшін негізгі сапа көрсеткішіне (салдар б.т.) сәйкес келетін әртүрлі өндіріс факторларын (себептік факторлар жүйесі б.т.) табу қажет. Одан кейін барып нәтижеге кері әсер ететін факторларға дұрыс бағытта әсер ету және сол арқылы процесті тұрақты жағдайға келтіру керек. Осыларды жүзеге асыру үшін сапа сипаттамалары (салдар) мен процесс параметрлерінің (себептік факторлар жүйесі) бір-біріне тәуелділігін жақсы түсіну және бақылау қажет. Бұл үшін себеп-салдар диаграммасы деп аталатын статистикалық бақылау әдісін қолдануға болады.
Себеп-салдар диаграммасы, әдетте, көп шығын келтірген ақауларды талдау үшін қолданылады.
Бұл диаграмма осы ақаулардың себебін табуға және оны түзетуге мүмкіндік береді. Мұнда төрт негізгі себептік факторлар: адам, машина, материал және жұмыс әдісі талдауға алынады.
Талдау кезінде екінші мүмкін үшінші кезектегі себептер анықталуы мүмкін. Сондықтан да ақаулар талдауда және диаграмманы құруда жіберілген ақауға қатысы бар барлық себептерді анықтау дұрыс болады.
Жапон оқымыстысы К. Исикава себеп-салдар диаграммасын балық қаңқасы түріндегі көрсетуді ойлап тапқан. Оны тағы «сипатты факторлардың бүтақты схемасы» деп атайды. Кейде оны құрайтын 4 негізгі фактор: Man — адам, Method — әдіс, Material — материал, Machine – машина бойынша «4М» диаграммасы деп атайды.
Диаграмманы құру үшін қолда бар барлык көздер бойынша: сынақ процесін тіркеу журналы, бақылау мәліметтерін тіркеу журналы, мамандардың хабарламалары және т.б. қажетті сапа көрсеткіштерін сипаттайтын ақпарат жиналады. Проблемаға қатысы бар факторлардың максималды санын таңдап алу керек. Себептерді зерттеуде жұмысқа қатынасы жоқ адамдарды да тарту керек. Өйткені ондай адамдар себептің пайда болуы мен талдауда кездейсоқ шешімдер ұсынуы мүмкін.
Ең тиімді әдістердің бірі – себепті талдаудың топтық әдісі. Егер проблема цехта орын алса, онда эксперттер қатарына ақау табылған өндіріс учаскесінде тікелей жұмыс істейтіндер қатыстырылады. Өйткені олар басқаларға қарағанда жұмыс процесінде болған өзгерістер мен ауытқулар байқалғанын жақсы түсінеді. Документтерді қарастыра отырып мәселен, бақылауға қатысты немесе жұмыс операциясы жазбаларын қарай отырып, жазбаны өткізіп алуы мүмкін. Егер бұл орын алса, онда үлкен шығын болуы мүмкін.
Исикава схеманын құру мына тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
- Шешілетін проблема түзу тілмен белгіленеді (сурет);
- Проблемаға әсер ететін факторлар (бірінші реттегі себептер) анықталады және үлкен көлбеу тілдермен белгіленеді;
- Сызылған факторлар ашылады – әр факторға әсер ететін екінші, үшінші, ары қарайғы кезектегі себептер анықталады және кіші көлбеу тілдермен белгіленеді;
- Схемаға талдау жүргізеді: факторлар маңызы бойынша ранжирленеді; осы кезде түзетіуге келетін себептер анықталады;
- Түзетілетін факторлардың деңгейі анықталады;
- Факторларды белгіленген деңгейге жетуге дейін түзетү жүргізілетін өндірістік учаскелер, бөлімдер мен жауапты адамдар анықталады;
- Түзетілетін факторларды бақылап отыру мақсатында құжаттар формасы даярланады; ақпарат шындығына жауапты адамдар сайланады;
- Алдағы әрекеттердің жоспары жасалады – жауапты адамдар бекітіледі.
Сурет. Себеп-салдар диаграммасы.
A, …, F – бірінші кезектегі себептер; A1, …, F1 – екінші кезектегі себептер;
F’1 – үшінші кезектегі себеп.
Сертификациялық сынақтардың сапасын талдау үшін себеп-салдар диаграммасы … суретте келтірілген.
Сурет. Сертификациялық сынақтардың сапасын талдау үшін
себеп-салдар диаграммасы