Сөйлем стилін түрлендіруде қаратпа, қыстырма сөздердің де қызметі ерекше. Олар сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста айтылмағанымен, мағыналық байланыста жұмсалып, ойды тартымды, әсерлі, дәл түсіндіруге үлкен қызмет атқарады.
Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлем-де, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің. ішкі сезімін аңғарту үшін жұмсалады. Мысалы, Шырағым, сен ағаңның тілін ал — деген сөйлемді кім айтса да, жылы шыраймен айтылып отырғаны бірден ан.ғарылады, оның орнынаСен, оңбаған, ағаңның тілін ал!— десек, біреудің екінші біреуді жек көріп айтқаны аңғарылады. Бұл мағыналық, эмоциялық айырмашылықтың болуы, бір жағынан, сөйлемнін, айтылу эуенімен байланысты болса, екінші жағынан, ең бастысы сөйлемде қолданылған қаратпа сөздердің мағынасымен байланысты. Қаратпа сөздердің түрлері де, сөйлемдерге енгізетін мағыналық өзгерістері де аса елеулі, олардың негізгілері мыналар:
1. Әй, ей — қаратпа сөздері бар сөйлемдер дөрекілікті білдіреді. Әй, Олжабек бері кел (Ғ. Мұстафин). Бала, әй бала, қайдасың?— деді аттылы адам (С. Ерубаев).
2. Бірқатар қаратпа сөздер біреуге жылы шыраймен жасы кішіні жақын көріп сөйлегенде қолданылады. Олар — қалқам, шырағым, күнім, сэулем, бауырымсияқты біреуді басқа затқа балап айтқан сөздер. Мысалы:
Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңіл бөл! (Абай).
–Құстың жемін экелші, қалқам,— деді Амантай Ботакөзге
(С. Мұқанов). Шырағым, сен абыржыма. Жыламашы, күнім.
(Ғ. Мүсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым? (Жамбыл). Не сездің, айтшы, күнім, айым (М. Әуезов). Әбіш, қалқам, сенбісің? (М. Әуезов).
Мұндағы сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын әлі де болса құбылта түсу үшін қаратпа сөздердің құрамына модальді шылау сөздер (ай, ау) қосылған.
— Қарағым-ай, сен бе едің? (Ғ. Мүсірепов).
— Қарағым-ай, тұршы тезірек … Күнім-ау, не істегелі жұр едің? (С. Мұқанов).
3. Біреуді жақын көріп, ұлық санап не еркелеп сөйлегенде, кісі атын қысқартып Ақа, Сәке, Жәке деп немесе інішек, қарындас, апа, апеке, ағатай, жеңешедеп, пәленше аға, пәленше апа деп, немесе орысшаның ізімен кісінің аты мен әкесінің, атын қоса айтады.
— Ақа, қозың бүгін түгел ме?
— Түгел, қарағым! (Ғ. Сланов).
— Ибрагим Құнанбаевич! Әрине, белгілі, сіз басы алтын адам-сыз (М. Әуезов). Апа-ау, алты ата екені рас емес пе? >
Әдетте қаратпа сөздер адамды нысанаға алып айтылатын сөз болса, көркем әдебиетте сөйлемге ерекше эмоциялы әр енгізу үшін жансыз затты жанды, адам тәрізді қаратпа етіп те жұмсайды.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын! (Абай).
Тыңда, дала, Жамбылды,
Тыңда, Қастек, Қаскелең,
Сөйлесін кәрі бауырың
(Жамбыл).
Ей, Аққу, сэлем деші жолыққанға ..
. Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім.
Қүйленіп бұрынғыдай серме, көңілім.
(С. Сейфуллин).
— Е, қызыл гул, таң атарда шешек атып
сыланасың…
(С. Ерубаев).
— Уылжыған ақша бет, қуарсайшы!
Жылап-жылап, мөлдір көз, суалсайшы…
Мал орнына қор болып кеткеніңше…
Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы!
(С. Сейфуллин).
5. Қаратпа сөздер — жұртқа шешендік бет бұрудың, ұран-үн-деудің ерекше бір тәсілі ретінде де жұмсалады. Мысалы, жолдас–тар! Қымбатты жолдастар! Азаматтар! сияқты сөздер мұндайда жиі қолданылады.
6. Қаратпа сөздердің мағыналарын күшейту үшін олар бірыңғай қатар тұрып, кейде екі жарылып не одағай сөздермен қабат-тасып айтылуы да мүмкін.
— Сақтаған, Нұрбек, сендер өз үйлеріңе баратын шығарсыңдар? (С. Мұқанов). Арылма, өлең, арылма, домбырам, күйден жа-ңылма!—Күнім, қарағым, сен бе едің? (Ғ. Мұсірепов). Балалар, аманбысың, шырақтарым, майысып көлге біткен шұрақтарым? (Жамбыл). Ойбай, Балжан-ау, менің ойымда… ештеңем жоқ … Қө-ңіліңе ауыр алма, қарағым! (С. Сейфуллин). Ойбай-ау, не дегенің, қарағым!? (С. Сейфуллин).
Қыстырма сөз — сөйлемге модальді мағына үстейді. Мо-дальділік — айтылған ойға айтушының көзқарасын қоса білдіру. Әрбір сөйлемге сондай модальділік тән. Мысалы, сөйлеуші, жазушы бірдеңенің жайына көзі жетіп не болжап, не күмәнданып сөйлем құрауы мүмкін: Қайыржан келді. Қайыржан келетін шығар. Қайыржан келер ме екен? Сөйлемнің осындай мағыналық айырма-шылықтарын түрлендіре түсу үшін оның. ішіне оқшау сөз қосып айтуға да болады. Мысалы,Мен білсем, Қайыржан бүгін келеді. Кайыржан, шамасы, бүгін келетін болар. Қайыржан, кім біледі, келе ме екен?
Қыстырма сөздердің бірқатары ойдың айтылу тәсілін, өз ара қа-тынасын, тағы басқа мағыналарды білдіреді. Қысқа сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын да білдіру мақ-сатымен қыстырма сөздер сөйлем құрамына еніп отырады.
Қыстырма сөздер осындай стильдік қызмет атқаруда сөйлемге ерекше эмоциялы-экспрессивті де мағына енгізеді. Бұл жағынан •әсіресе кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздердің орны ерекше.
Мына атының сымбаты, шіркін, өзгеше екен! Шіркін, жер-ақ екен! (Ғ. Мүсірепов). Шынын айту керек, мен мұны бұрын білмеу-ші едім. Не істер дейсің,тәйір?— деп, Кайракбай экеме қайрат бе-рейін деді (С. Мұқанов). Е. бәсе, солай болу керек еді! (С. Мұқа-нов). Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсық (Ә. Әбішев). Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы!