Ми қызметін жақсартып, есте сақтау қабілетін арттыру үшін не жеу керек

Бадам майы

Жаңғақтар мен жаңғақ майы Е витаминіне бай. Мұны жиі тұтыну арқылы сіз Альцгеймер ауруының алдын аласыз. Сондай-ақ жаңғақтардың құрамында кальций, магний, калий көп.

Авокадо

Бұл жемісте де Е витамині мен майлы қышқылдар көп. Авакадоны жи жеудің арқасында миыңыз белсенді жұмыс істейді.

Грек жаңғақтары

Жоғарыда атап өткеніміздей, жаңғақтың құрамында пайдалы майлар көп. Сонымен қатар жаңғақта кездесетін Омега-3 арқасында жүрек-қан тамырларының қызметін жақсартып, миды қоректендіруге болады.

 

Жидектер

Көкөніс пен жемістермен бірге жидектердің де құрамында пайдалы дәрумендер өте көп. Әсіресе, жасы егде тартқан адамдар үшін жидектің пайдасы зор.

Брокколи және гүлді қырыққабат

Бұл көкөністердің құрамында С витамині, селен, фолий қышқылы, калий бар. Одан бөлек, брокколи мен гүлді қырыққабатта қан айналымын жақсартатын К витамині көп

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *