Басқарудың мемлекеттік органдары.

Басқарудың мемлекеттік органдары. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына, қоршаған ортаны қарғауды басқару, табиғи ресурстарды пайдалануды басқару сияқты шаралар ұйымдастырылды. Бұл өз алдына мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қалыптастырды және біртіндеп белгілі бір ретпен іске асырылуын қамтамасыз етті. Алайда көптеген он жылдықтар бойын Қазақстан шикізат көз ретінде пікір қалыптасқан, және соның салдарынан шикізатты өндіру барысында қоршаған ортаға орасан зор нұқсан келтірілген. Сондықтан еліміздегі экологиялық ахуалдың әліде түбегейлі өзгере қоймағаны, әліде болса экологиялық жүйелердің деградациясы жүріп жатқандығы сондықтан.

Экологиялық  қарым-қатынастарды  құқықтық  реттеу  тұжырымдалып, дәлелденген  заңдарды  қабылдаудан  бастады.

   Қазақстан  Республикасының  Конститутциясы  —  негізгі  заң.  Халықаралық  нормаларға  сай  ол  мемлекеттің  экологиялық  қатынастарды  реттеудегі  жалпы  бағытын  анықтайды. Дүние  жүзінің  көптеген  мемлекеттерінің   конститутциялары   1948  жылы  БҰҰ  қабылдаған  «Адам  құқығының   жалпыға  бірдей  Декларациясында»,  сонымен  қатар  адам  құқығы  бойынша  басқа да  Халықаралық  Пактілерде  көрсетілген  идеаларға  сүйенеді.    ҚР  Конститутциясында:   «Әрбір  азамат   оның  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қолайлы  қоршаған  ортаға  құқығы  бар»  —  делінген

      Экологиялық  заңдардың   орындалуын     мемлекеттік   құрылымдар   жүйесі,  экологиялық   сараптама   қамтамасыз   етеді.  Халықаралық  дәрежеде  адамның  қолайлы  қоршаған  ортаға  деген  құқығын  БҰҰ- ның  әр  түрлі  бөлімдері  қамтамасыз  етеді. Олар  қоршаған  ортаның  жағдайын  сауықтыруға  арналған  көптеген  бағдарламалар   жасады.   Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  ( ВОЗ )  —   «Қоршаған   ортаның   гигиенасы»,   Азық-түлік  және   шаруашылық   ұйымы   ( ФАО ) – « Ауыл шаруашылық  химикаттары   мен   қалдықтары »,   БҰҰ-ның   білім,   ғылым   және   мәдениет   мәселелері   бойынша   ұйымы   ( ЮНЕСКО ) —  

« Адам  және   биосфера ». Белгіленген   бағдарламалардың   жүзеге  асуының   1972   жылы  құрылған    БҰҰ-ның   қоршаған   орта   бойынша   бағдарламасы  ( ЮНЕП )  және    БҰҰ-ның   қоршаған    орта   мен   даму   жөніндегі    Халықаралық    Комиссиясы    жалпы   басшылық    жасайды.

         Құқықтық   мемлекеттегі     адамдардың   арасындағы   қарым – қатынастар    жалпыға   бірдей   міндетті    құқық    нормалары    болып    табылатын     заңдардың    көмегімен    реттеледі.      Адамның    табиғатты   өзгертушілік    қызметі     тек  соңғы    жылдары   ғана  құқықтық     тұрғыдан    шектеле   бастады.   Қолайлы ,  таза    қоршаған   ортаға    деген   құқық   жаңа   құқықтарға   жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *