Оттегінің циклі. Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000 жылда, судың шамамен 2 млн. жылда жүріп өтеді. Бұл заттардың атомдары Жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткен.
Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты. Соңғы 600 млн. жылда зат айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне жақындады. Биосфера үлкен, үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс істейді. Ондағы ағзалар тек қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, өздері де тіршілікке қолайлы жағдайларды жасайды.Оттегі айналымы фотосинтез процесінен басталады. Оның биоталық айналымы 250 Гт/жылына, ал биосферадағы оның жалпы массасы 1014 т. Жер бетінде ең көп таралған элемент: оның мөлшері атмосферада – 23,1 (288мг/л); литосферада – 47,2; гидросферада – 86,9. Гидросферадағы оттектің мөлшері орта шамамен 4,5 мг/л, осы оттекті су организмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды. Ауадағы оттектің мөлшері ұзақтық геологиялық дәуірлер бойына биоталық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Осы деңгейден ауытқу орын алса, биосфера биотасының жағдайына әсерін тигізер еді: мөлшері төмендесе мұхиттар фаунасы елеулі азайып, көтерілсе ортаның тотығу қасиеттерінің қауіпті жағдайға дейін өсіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар мен адамға да белгілі қолайсыз әсері бар. Мысалы, жануарлар мен адамдар биік тауларға шыққанда немесе оттекті көп мөлшерде пайдаланатын жерлер мен жасанды құрылғыларда оттетік жетіспеуін сезеді.
Озонның түзілуіне Жер бетіне түсетін күн энергиясының шамамен 5% жұмсалады (8,6.1015вт). Озон түзілетін реакция қайтымды болғанына байланысты атмосфераның жоғарғы қабаттарының температурасы жоғары болады, себебі озонның атмосферадағы көлемдік мөлшері 10-6% құрайды; озонның ең жоғарғы максималды мөлшері 20-25 км биіктікте 4.10-6 көл. % –ке дейін жетеді.Озон барлық тірі организмдерге әсер ететін ғарыштағы ультракүлгін сәулеленудің едәуір мөлшерін тұтып отырады, былайша айтқанда, биосфераның қорғағыш қалқаны, себебі тірі организмдердің көптеген молекулалық құрылымдары осы ультракүлгін сәулелерінің әсерінен бұзылады. Осыған байланысты озон қабатының бұзылуы (озон «тесігінің» пайда болуы адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін.