Экологиялық пирамидалар – трофикалық тізбектің көрші деңгейлеріндегі органикалық заттар немесе энергия көлемдері қатынастарын графикалық түрде бейнелеу. Ол үшін ең алдымен берілген аймақтағы түрлі организмдерді қоректену деңгейлері бойынша топтастырып, санын есептейді.Мұндай санақтан соң жануарлардың санының екінші қоректену деңгейінен келесіге өткенде бірте-бірте азайатындығы айқын көрінеді.Бірінші қоректену деңгейіндегі өсімдіктердің саны да екінші деңгейді құрайтын жануарлардың санынан жиі асып түседі. Мұны сандық пирамидалар (Элтонның сандық пирамидасы) түрінде бейнелеуге болады.Сандар пирамидасы — әр түрлі трофикалық деңгейдегі ағзаладың санын көрсетеді. Сандық пирамидаларды пайдаланумен байланысты туындайтын қолайсыздықтардан әрбір қоректену деңгейіндегі организмдердің жиынтық массасы (биомасса) есепке алынатын биомассалар пирамидасын құру жолымен құтылуға болады. Биомассаны анықтауға жекелеген дарақтардың санын есепке алу ғана емес, оларды өлшеу де кіреді, сондықтан бұл көп уақыт пен арнайы жабдықтарды, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процес.
Массалар пирамидасы. Биомассалар пирамидасы — әр түрлі трофикалық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды. Өндірушілер өте ұсақ және консументтер ірі болғандықтан экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы керісінше болады.
Энергия пирамидасы – кезекті трофикалық деңгейдегі энергия ағынының шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді.