жалпы туу коэффициенті

    ХХ ғасырдағы  адамзаттың санының жылдам артуын  демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың ¾-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары  53,3  млн. болса, 60-жылдарда -66,7 млн.,70-жылдарда – 70,3 млн., 80-жылдарда- 86,4 млн., адам. Адамзат   тарихы мен   эволюциясының  ерекше    факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын  өлім санының  кемуімен түсіндіруге болады.  ХХ  ғасырда  аталған факторларға  гигиеналық және медициналық  жағдайлардың жақсаруына  байланысты  дамушы  елдердегі  бала  өлімінің  кемуі де қосылды  1990-1995  жылдары     дүние  жүзіндегі  жалпы  туу  коэффициенті —    24,6 % дейін  кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8 %  болса , табиғи өсім коэффициенті – 14,8 % құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері  сақталуда.  Әр  минут  сайын  жерде  270  бала  өмірге  келсе, әр  жастағы  110   адам өледі  де  дүние   жүзі халқы 160 адамға  өсіп отырады.Әр  түрлі  елдер  мен  континенттердің  халық санының  өсуіне  қосқан үлесі  әр  түрлі.  Абсолюттік  саны  бойынша  ең  үлкен   өсімі  ірі  азиялық елдер  — Қытай, Үндістан,  Индонезия  берсе,  ал  ең жоғарғы өсу жылдамдығы  Африка  мен  Латын  Америкасында  байқалған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *