Дәріс жоспары:
- Үстеу.
- Қалып-күй сөздер.
- Көмекші сөздер.
Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі үстеудің қалыптасуы.
Қалып-күй сөздер. Көмекші сөздер.
Мазмұны: Үстеу дегеніміз іс — әрекеттің белгісін, (орнын, мезгілін, амалын, мақсат — себебін) білдіретін сөз табы.
Зат есімге, сын есімге, сан есімге, етістікке және тағы басқа сөз таптарына қосылатын үстеулер септік жалғауларымен және жекеше көпше түрінде ауыспайды. екі тілде де:
а. Үстеулер көбінесе етістікпен тіркеседі. Мысалы: саяхатшылар күдіз де, түнде де жүріп отырады.
б. Үстеулер екі тілде сын есіммен тіркеседі. Мысалы: Ол едәуір жас – он довльно молод.
в. Үстеулер екі тілде де басқа үстеулермен тіркесуі мүмкін. Мысалы: өте кеш.
г. Үстеулер екі тілде де өте сирек зат есімдермен тіркеседі.
а. іс қимылды білдіреді. кешкісін қыдырыс – прогулка вечером.
б. зат есім нақты бір затты білдіріп тұрады, ал үстеу олардың белгісін. Мысалы: қазақша ет — мясо оп – казахский.
Орыс және қазақ тілінде үстеулер, зат есімдерге жататын, сөйлемде анықтауыш болады және какой? какая? какое? какие? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: кешкісін (қандай) қыдырыс.
Үстеулердің жасалуы
(Образование наречий)
Орыс тілінде үстеулер әр түрлі сөз таптарынан жасалады: зат есімдерден, сын есімдерден, есімдіктен, сандық етістіктен және үстеулерден. Орыс тілінде:
- Үстеулер зат есімнің септік формасы әртүрлілігі: а. табыс септік формасында предлогсыз және предлогтармен: кранечку, капельку, чуточку. б. көмектес септіктің формасында предлогсыз және предлогтармен: шагай, днем, зимой. в. ілік септіктің формасында предлогтармен: изнутри, донизу, сразу. г. барыс септіктің формасында предлогтармен; кстати, поутру, кверху. д. жатыс септктің формасында предлогтармен: вблизи, накануне.
- Үстеулер сын есімнің септік формасы:
а. жатыс септік формасында толық сын есімдер: насухо, засветло, вплотную.
б. ілік септік формасында қысқартылған сын есімдер: издалека, искоса, досуха.
в. барыс септіктің формасында: понапрасну.
г. жатыс септіктің формасы:налегке, вскоре, наедине.
- Жатыс септігінің сандық үстеулері: надвое.
- Үстеулердің құрамына әр түрлі формадағы есімдіктер енді.
сюда, здесь, там.
- Етістік формасы да үстеу болды: чуть, почти, зря.
Қазақ тілінде үстеулердің морфологиялық белгілері мынадай:
Зат есім септік формасы:
- жатқа, өнінде, шалқасынан
- сын есімдермен: босқа, текке, зорға, жаңадан.
- Есімдіктермен: осылай, меніңше, өзінше
- Етістіктермен: қайта (дан), жүрелей, жорта.
- Сын есімдермен: бірте – бірте, бірден, екіншіден
- Үстеулермен: ертеңерте, ертемен, биыл, бүгін.
ІІ. Қазақ тілінде орыс тілінде сияқты бірнеше сөз құрайтын жұрнақтармен жасалады.
а. – ша, адамша, по – человечески.
б. – ша+лық, — ша + ма;
соншалық, соншама
в. лай (лей, дай, дей, тай, тей)
осылай, бұлай, солай, — так таким образом.
г. – н (ын, ін) қызын – земой.
ІІІ. Қазақ тілінде қос сөздер жасалады.
орыс тілінің үстеулерінің мағынасын көрсетеді
Септеулік шылау Зат есімдер мен есімдіктерідің септелуінде олардың басқа сөздермен байланысуы үшін қолданылатын сөйлемнің өзгертілмейтін қызметтік бөлігін шылау деп атайды.
Орыс тілінде шылаудың рөлі септік жалғауларымен ұқсас келеді. Шылау септіктің мағынасын нақтылап септік жалғауларын толықтырады: книгу положили в шкаф.
Септеулік шылаулар – бұл дәл орыс тіліндегідей септіктерді басқаратын сөйлемнің қызметтік және өзгертілмейтін бөліктерінің бірі. Бірақ орыс тіліне қарама-қарсы қазақ тілінде септеулік шылаулар олар қатысты сөздерден кейін қойылады: приехал после работы – жұмыстан соң келді.
Орыс тілінде шылаулар арқылы білдірілетін қатынастар қазақ тіліндегідей өте көптүрлі. Зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің, есімдіктердің септіктерімен тіркесіп шылаулар мен септеулік шылаулар кеңістіктік, уақыттық, себептік, мақсаттық және ббасқа да қатынастар үшін қызмет етеді. Ребеноу побежал к матери – Бала анасына қалай жүгірді.
Орыс тілінде шылаусыз септіктер әдетте обьект мәніне ие, ал кеңістіктік қатынастар онда шылау арқылы білдіріледі.
Қазақ тілінде кеңістіктік қатынастарды білдіру үшін негізінен шылаусыз барыс, шығыс, жатыс септіктері қолданылады. Бірақ дәл осы қатынастар қазақ тілінде септеулік шылаулар немесе қызметті атаулар көмегімен беріледі:
- в деревню түсінігін екі тәсілмен жеткізуге болады: а)ауылға; б) ауылға қарай.
- из деревни: а) ауылдан; б)ауыл ішінен.
- в деревне: а)ауылда; б)ауыл ішінде т.с.с.
Орыс тілінде қазақ тіліндегідей шылаулар мен септеулік шылаулар арқылы сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жасалады. Орыс тілінде атау септігінде басқа барлық септіктер шылаулармен қолданылады. Қазақ тілінде орыс тіліне қарағанда атау септігінің өз септеулік шылаулары бар, ал табыс септігі мен жатыс септіктері, керісінше септеулік шылаусыз болады, яғни өз септеулік шылаулары болмайды.
Қазақ тіліндегі септеулік шылаулар
Орыс тілінде көпшілік шылаулар қолданылады:
1.Бір қандай да бір септіктен:
а)без, близ, вне, до,для, из,от, радикроме,у,серди,из-за,из-под шылаулары барыс септігімен ғана қолданылады.
б) к – шылауы дательный септігінде;
в) про,через,сквозь – тек табыс септігінде;
г) над, перед – тек көмектес септігінде;
д)при – шылауы тек көмектес септігінде
2.Кейбір шылаулар орыс тілінде екі септіктен қолданылады.
3.Орыс тіліндегі кейбір шылаулар әр жағдайда түрлі қатынастарды білдіре тін үш септіктен өзара әрекет ете алады.
Орыс тілінің шылауы мен қазақ тілінің септеулік шылауының морфологиялық құрылымы
Жасалуы бойынша шылаулар мен септік шылаулар негізгі және туынды болып бөлінеді.
Орыс тілінде негізгі деп аталатын ең көне жасалған шылауларды бөліп көрсетеді. Мысалы: для,к,в,на,за,до,по,от,из,под,при,над,через,у,про,о,с.
Орыс тілінде өзінің толық мәнділігін жоғалтып қызметтік сөздер ретінде қолданыла бастаған сөйлем мүшелерінен жасалған шарттар көп.
Қазақ тіліндегі септеулік шылаулардың маңызды бөлігі, орыс тіліндегідей әлдеқайда кеш пайда болды. Зат есімдердің, үстеулердің және етістіктердің оқшауланған формасы болып табылады:арқылы, туралы, кейін, соң, бірге, бойы, жайында, жөнінде т.с.с. олар зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің септеулік шылаудың құрамына өтудің нәтижесі болып табылады
Қазақ тілінде қазіргі жағдайларда қарсы – наперекор, вопреки – противоположный сын есімдермен ауысып келген; басқа – кроме – иной, другой қазақ сын есімдерінен; сияқты – словно, как – похожий сын есімдерінен және т.б. сияқты сын есімдерден жасалған септеулік шылаулардың есебінен толып келеді.
Есім шылаулар орыс тілінде, қазақ тіліндегі септеулік шылаулар сияқты обьектілі, жағдаяттың және себептік қатынастарды білдіреді.
Орыс тілінде – благодаря, несмотря, спусты, начиная, с кончая, исключая, включая т.б; ал қазақ тілінде – қарай, қарағанда, жуық, тарта, астам т.б. шылаулар көсемшемен байланысты (яғни көсемшеден туындады).
Етістіктік шылаулар (қазақ тілінде – септеулік шылаулар) көбінесе себептік, мезгілдік және қарсылықты қатынастарды білдіреді.
Қазақ тілінде есептік сан есімдерден кейін тұратын және барыс септігін қажет ететін астам, тарта, жуық, таман және басқа шылаулар (около, приблизительно) шамалылықты көрсетеді.
Екі тілде де үстеулік шылаулар (септеулік шылаулар) негізінен кеңістіктік, мезгілдік және обьектілік қатынастарды білдіреді.
Ондайлар болып орыс тілінде: вне, близ, вдоль, возле, относительно, вокруг, около, мимо, сверх, среди т.б.
Қазақ тілінде бұл топқа былай, әрі, ары, бұрын, кейін, соң т.б. септеулік жатады.
Орыс тілінде бастапқы шылаулардың көпшілігі көп мағыналы және приставкалардың шеңберінде омонимдерге ие: сыехать с горы, сьехать от города т.б.
Қазақ тілінде септеулік шылаулар бір мәнді. Онымен қоса қазақ тілінде приставкалар жоқ және сондықтан омонимдік көмекші сөздер болмайды.
Жалғаулықты шылаулар
Сөздер мен тұтас сөйлемдер арасындағы түрлі мағыналық қатынастарды байланыстыру мен білдіру үшін қолданылатын көмекші сөздерді жалғаулықты шылаулар деп аталыды.
Орыс тілінде синтаксистік рөлі бойынша жалғаулықты шылаулардың екі негізгі тобын бөліп көрсетеді: салаластырылған жалғаулықты шылаулар және бағыныңқылы жалғаулықты шылаулар.
Қазақ тілінде салаластырушы жалғаулықты шылаулар ғана кеңінен кездеседі, ал арнайы бағыныңқылы жалғаулықты шылаулар жоқ, араб тілінен алынған егерден басқа. Егер уақыт болса, серуенге шығамыз – Если будет время, то мы выйдем на прогулку. Бірақ кейде қазақ тілінде басыңқы сөйлемдердің жасалуында түрлі грамматикалық формамен, септеулік шылаулармен (үшін, кейін,соң) тіркесіп (да, де, та, те) салаластырушы жалғаулықты шылдаулар қатысады.
Салаластырушы жалғаулықты шылаулар орыс тілінде өзінің негізгі мәні мен функцияларымен қазақ тіліндегі салаластырғыш жалғаулықты шылаулардың мағынасына сәйкес келеді.
Демеулік шылаулар
Демеулік шылаулар – бұл екі тілде де тұтас сөйлемдерге, жеке дара сөздер немесе сөз тіркестеріне түрлі жалпы мағыналық, эмоционалдық, модальды-еріктік рең беретін көмекші сөздер. Демеулік шылаулардың көмегімен сөйлеуші берілген сөздегі неғұрлым маңызды сөзді ерекшелейді.
Мағынасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде демеулік шылаулар келесідей топтарға бөлінеді:
- Сұрау демеулік шылаулары: орыс тілінде разве, неужели, ли.
Қазақ тілінде: ма, ме, ба, бе, па, пе; ше,ші.
- Лептік демеуліктері: ай,ақ, қандай, не деген, нендей. Олар мағынаның бейнесін күшейтеді немесе түсінікпен байланысты эмоционалды бағаны білдіреді: ну что за шейка, что за глазки! – не деген мойын, деген (нендей) көздер!
- Күшейтпелі: же, даже, ведь, таки, все таки, так вот, то-то, то, на, ни, еще т.б.
Қазақ тілінде осы тектес демеулік шылаулардың ерекше түрі жоқ.
- Болымсыз (орыс тілінде): не, ни, вовсе, не, далеко. Не, нет.
- Орыс және қазақ тілдерінде выделительно-ограничительные частицы – шектік-тежеу демеуліктері: лишь, только, единственно т.б.Ал қазақ тілінде бұл топқа жататындар: ақ, ғана, тек т.б.
- Орыс тілінде сілтеу демеулік шылауының тобы бар: вот. Вон, вот это.
Қазақ тілінде сілтеу демеулік шылауы жоқ. Сондықтан орыс тілінің сілтеу демеулік шылауына әдетте сілтеу одағайлары сәйкес келеді: міне, әне, кәне. Вот это мне и нужно – Міне, маған керегі де осы.