Морфология

 

Дәріс жоспары:

 

  1. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма.
  2. Грамматикалық категория.
  3. Сөздердің таптастыру принциптері.

Мақсаты: Грамматикалық мағына және грамматикалық форма.

 Екі тілдердегі грамматикалық категориялар. Сөздердің таптастыру принциптері

Мазмұны:   Морфология — гректің тогрһе (форма) деген сөзінен алынған термин. Ол тілдегі сөздердің құрылымын, сөз компоненттерін, олардың қызметін, создердің өзгеру ерекшеліктері мен өзгеру жолдарын, сөз формаларьгаын жасалу және берілу тәсілдерін, сөз мағынасы мен формасының арақатынасын,сөздің грамматикалық мағыналарын зерттейді. Морфологияның негізгі объектісі — морфтар немесе морфемалар.

О.С.Ахманова морфологияны тілдің сөз түрлендіру (өзгерту) тәсілдерін зерттейтін (морфология словоизменения), сөзжасам жолдарын зерттейтін (морфология словообразования), сондай-ақ, сөздердің тіркесу амалдарын зерттейтін (морфология словосочетания) деп үш түрге бөледі.

Морфология сөз түбірі, сөз негізі, туынды түбір, аффикс және оның түрлері, олардың мағыналары мен қызметі, негізгі корсеткіштері (формалары) деген сиякты толып жатқан грамматикалық категорияларды карастырады.

Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, форма-ларына және қызметтеріне қарай бөліп топтастыру да, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да — морфологияның міндеті.

Әрбір сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалпы грамматикалык мағынасы болады.

Сөздің лексикалық мағынасын айқындай түсетін немесе сөйлемдегі басқа создермен карым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасы грамматикалық мағына деп аталады. Екі тілде де сөздің грамматикалық мағынасы соз формалары аркылы анықталады. Сөздің грамматикалық мағынасы түрлі амал-тәсілдер арқылы беріледі. Екі тілде де ең кең тараған тәсіл ~ аффиксация тәсілі. Мысалы: дәптер+дің, дәптер+ге, дәптер+ді,  дәптер+де,   дәптер+мен,   дәптер+ім,  дәптер+ің,

дәптер+і,   дәптер+лер т.б.;  тетрадь,   тетради,   тетрадям, тетрадный т.б.

Орыс тілінде грамматикалык мағына білдіруші тағы бір форма — сөз екпіні. Мысалы: дом — дома; узнаю -узнаю; глаза -глаза т.б. Мұнда да грамматикалык мағына скпіннің орнынын өзгеруі арқылы айқындалып түр.

Орыс тіліне тән тағы бір мағына білдіруші форма -дыбыстардың алмасуы (ішкі флексия). Мысалы: собиратъ со-братъ; выбирать — выбратъ. Бұл жерде и форманты аяқталған (совершенный) — аяқталмаған сипаттың (несовершенный) көрсеткіші.

Қазақ тілінде тарихи дыбыс алмасу нәтижесінде жасалған сөздер көптеп кездеседі: (от) жақ — (от) жанды; жоқ (қылды) — (козін) жой; қур — қор (қурылыс, қорша); дал дел далаңдау — делбеңдеу). Сондай-ақ, соқ — сой, тоқ — той деген сияқтыларды көптеп келтіруге болады.                                                    

Екі тілде де супплетивизм құбылысын мағына білдіруші  тәсіл ретінде атауға болады. Мысалы: братъ — взять; говорить  сказать; айту — деу сөйлеу. Бүл сөздер синонимдер, бірак  грамматикалық тұрғыдан қарасақ, әр тұрлі түбірден жасалғаннан, осыған байланысты олардың грамматикалық ерекшелігі әртүрлі.

Грамматикалык мағына туғызудың тағы бір формасы -редупликация амалы (сөздердің косарланып, қайталанып келуі). Мысалы: айтып-айтып тастады, жыла-жылама, енді болма-ды; красный-красный, черный-черный т.б. Грамматикалык мағыналар сөздерді қайталап қолдану тәсілі арқылы білінеді. Қап-қара, сап-сары, уп-улкен дегендерді де осы топқа қосуггі болады. Мүны интенсив дейді (күшейткіш буын).

Грамматикалық мағына туғызушы формалардың үлкен бір тобы — аналитикалық тәсілдер. Бұл топқа сөздердің орын тәртібі, сөйлем ішіндегі интонация, көмекші сөздер тәсілдері жатады. Мысалы: қызық кітап — интересная книга — атрибтивтік қатынас, ал кітап қызық книга интересная — пред-кативтік қатынас. Мысалы: Меи келдім. — Мен сен ушін кечділі. Читаю буду читать т.б.

Қазак тіліндегі күрделі етістіктерді осы топқа жатқызуға болатын сияқты: бала отыр ~ бала оқып отыр; кун шықты — ] кун  шыгып  келгді.   Сондай-ақ,  шылаулы тіркестер,  көмекші   есімді тіркестер: Болат үйге кетті. — Болат үйге қарай кетті. Бөлме ысыды. — Бөлме іші ысыды т.т.

Мұндай қолданыстар орыс тілінде де кездеседі: Когда он уехал, было темно. Вследствие аварии он тяжело заболел.

Орыс тілінде сойлем ішіндегі интонацияға да тән мағына ерекшелігі бар. Мысалы: Придешъ домой, переоденешъся. — Придешь домой — переоденешься.

Сонымен, екі тілде де грамматикалық мағына білдірудің негізгі екі тәсілі бар екен: синтетикалық және аналитикалық.

Д. Э. Розенталь мен М. А. Теленкова үшінші тәсілді де атайды және оны аралас немесе гибрид тәсілі деп атайды. Бұл тәсіл бойынша грамматикалық мағынаны білдіру аталған екі тәсіл амалдарының қатарласа, тіркесе қолданылуы арқылы беріледі. Мысалы: оңыдык — біз оқыдық (жіктеу есімдігі мен жіктік жалғау (к) флексиясы қатарласа, тіркесе қолданылып тұр; в книге — в предлогы мен Б.с. флексиясы қатарласа тіркесіп тұр.

Грамматикалық форма дегеніміз — грамматикалық мағына туғызушы тілдік қүрал. Мысалы: сары — сарылау, саргыш, сап-сары; дом -домик домище — домишко.

Жалпы, грамматикалық форма — грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсілдің бірлігі, грамматикалық мағына мен гпямматикалық тәсіл ара қатынасының көрсеткіші. Ал грамматикалық тәсіл — грамматикалық мағынанын формасы.

Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалык формалардың жиын-тығынан құралады, яғни тілдегі сөздің грамматикалық мағынасы мен оның формальды көрсеткішінің бірлігін грамматикалық категория дейміз. Мысалы, екі тілде де септік категориясы, көптік категориясы т.б. категориялар бар.

Б.Головин ірі грамматикалық бірліктер, топтар, кластар    ерекшеліктерін ескере отырып, тілдегі грамматикалық категорияларды негізгі төрт типке бөледі:

  1. Сөздердің ірі-ірі кластарын жалпы белгілеріне қарай топтастырып, олардың әрқайсысын жеке-жеке топқа біріктіреді (зат есім, етістік т.б.). Бұлар сөздердің грамматикалық категориялары дсп аталады.
  2. Сөздердің осы ірі-ірі топтарының әрқайсысына тән формалардын, яғни сөз түрлендіру амалдарынын ортак белгілері ескеріледі. Мысалы, сөздердің септелу формалары, тек (род), шақ, жақ т.б. белгілі бір сөздер класына тән көрсеткіштер. Соның ішінде жекелік, көптік, тәуелдік, септік т.б. формалар, негізінен, есімдерге тән болса, ал шақ, жақ, рай, етіс т. б. түлғалар етістіктерге тән сөз формалары болып табылады. Бүлар сөз формаларының грамматикалық категориялары деп аталады (септік категориясы, жіктік категориясы, рай категориясы деген сияқты).
  3. Сөз позицияларының грамматикалық категориялары дегенде, жалпы сейлеу процесінде толық мәнді сөздердің белгілі бір орында (позицияда) түру қалпы ескеріледі. Мысалы, бастауыш — сөйлемнің басында, баяндауыш -аяғында, пысықтауыш баяндауыштың алдында қолданылатыны сияқты, демек сөз тіркестері мен сөйлем мүшелерінің тұрақты орындары ескеріледі.
  4. Сөз конструкциялары грамматикалық категориялары дегенде, адам ез ойын жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем, я болмаса хабарлы не лепті сөйлем тәрізді белгілі бір конструкциялар арқылы жеткізе алатыны, яғни сөйлемнің құрылымдық ерекшелігі ескеріледі.

Тілде грамматикалық категориялар арасында бірізділік, біркелкілік бола бермейді. Мысалы, қазақ тілінде тек (род) категориясы жок болса, орыс тілінде тәуелдік жалғау категориясы жоқ.

Сонымен, грамматикалық категория дегеніміз белгілі бір формалар     арқылы     берілетін     грамматикалық     магыналар жиынтығы, ірі лингвистикалық бірлік. Ондай бірліктердің аса ірілерінің бірі  —  морфологиялық  категориялар,  енді   бірі  — | синтаксистік категоркялар.

Морфологиялық категориялар дегеніміз — сөздер тобыньш біркелкі формаларға біріктіріліп, белгілі бір грамматикалык мағына     білдіретін     ірі-ірі     тармақтары,     Морфологиялык категориялардың өзі өз ішінде тольш жаткан категорияларға бөлінеді: зат есімдер категориясы, етістіктер категориясы т.б.

Синтаксистік категориялар дегеніміз — сөйлеу процесінде қолданылатын белгілі бір форманың екінші бір формаларға бағыныштылығын, тәуелділігін, қатынасын білдіретін лингвистикалық бірлік.

Ірі грамматикалық категориялар өз ішінде бірнеше үсақ грамматикалык категорияларға бөлінеді: мысалы, етістік. Бүл үлкен грамматикалық категория. Ал осы категория шақ категориясы, рай категориясы, етіс категориясы деген сияқты категорияларды қамтиды. Зат есім де сол сияқты.

С ӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУ ПРИІЩИИТЕРІ (ПРИНЦИПЫ КЛАССИФИКАЦИИ ЧАСТЕЙ РЕЧИ)

Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, жеке-жеке талдау -грамматиканың негізгі мәселесі. Тілдегі сөздерді топтастырғанда, олардың лексика-семантикалық мағыналары да морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері де бірдей ескеріледі.

Жалпы лексика-грамматикалык сипаггары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздер тобын сөз табы деп атаймыз.

С. Исаев, Г. Нуркина екі тілдегі сөздерді семантикалық және    морфологиялық    белгілеріне    қарай        төмендегідей

 

Қазақ тілі

Орыс тілі

1. Негізгі сөздер

Самостоятельные слова

і)   Зат есім

I)Существительное

2)  Сын есім

2)Прилагат Имприлагательное

3)  Сан есім

3) числительное

4)  Есімдік

4) Местоимение

5)  Етістік

5) Глагол

6) үстеу

6) Наречие

 

 

 

 

 

 

А. Жалғаулық   8) Союзы

Б. Септеулік      9) Предлоги

В. Демеулік       10) Частицы

  • Еліктеуіш сездер Орыс тілінде  жеке аталмайды.
  • Одағай 11)Междометие
  • Модаль сөздер Жеке сөз табы ретінде аталмайды.
  1. Негізгі сөздер — өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай өзге сөздермен әр алуан қарым — қатынасқа түсе алатын дербес сөздер. Олар сөйлемде грамматиканың заңы бойынша түрленін те, түрленбей де жүмсалып, өз алдына сөйлем мүшесі бола алады. Негізгі сөздерге қазақ тілінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу жатады, ал орыс тілінде имя существительное, имя ирилагательное, имя числительное, местоимение, глагол, наречие, категория состояния жатады.

Л.В.Щерба, В.В.Виноградов категория состояния деген езі жеке соз табы, оған надо, нельзя, можно, жаль т.б. сөздер жатады дейді. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқаратын кейбір үстеулер де категория состояния деп аталатын сөз табына жататындығын айтады, (Гостям стало весело. Мне скучно.) Баяндауыштың қызметін аткаратын грех, срам, пора, время, рад, лень, горазд деген сөздер де осы топқа жатады. (Грех — не беда, молва нехороша (грех — зат есім). Над старостью смеятъся -грех (грех — категория состояния).

Сонымен, категория состояния дегеніміз — етістік болмаса да, еөйлемде баяндауыштың қызметін атқаратьш сөздер тобы. Сөздердің мүндай тобы қазақ тілінде де бар. Мысалы: Корілікке кулу — үят. Сөйле-сөйле тіл мен жақ.. Бірак создердің бүл тобы қазақ тіл ғылымында элі зерттелмей келеді.

  1. Кемекші сөздер — өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған. лексикалык мағыналарынан гөрі грамматикалық мағьшалары басым болу себебінен кәбінесе әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық кызмет атқаратын жәрдемші сөздер. Олар сөйлемде өз алдына дербес мүше бола алмайды, тек атаушы сөл арқылы жасалған мүшенің құрамына енеді.

Қазақ тілінде көмекші сөздерге шылау (жалғаулық, сеитеулік, демеулік), одағай, еліктеу сөздер, модаль сөздер, орыс тілінде жалғаулықтар (союзы), септеуліктер (предлоги), демеуліктер (частицы), одағай (междометие) жатады.

Орыс тілінде еліктеу сөздер одағай сөздермен бірге қарастырылады. Ал модаль сөздер орыс тілінде ешкандай сөз табына жатпайды.

В.В.Виноградов модаль сөздерді мағынасы мен қызметіне карай терт топқа боледі, бірақ оларды жеке сөз табы ретінде карастырмайды:

А. Біреудің ойына, пікіріне сілтеу жасайтын сөздер: буквалъно —нақты, так сказать — демек т.б.

Ә. Эмоционалдық бағаны білдіретін сөздер: спасибо — рақмет; полно — болды; жетеді, жарар — пожалуй т.б. Б. Айтылған хабардың анықтығын білдіретін сөздер: несомненно әрине, безусловно — сөз жоқ, очевидно, подлинно -сөзсіз, видимо — шыгар, мумкін, в самом деле — шындыгында т. б.

В. Сөйлемдегі ойды байланыстырудың бірізділігін білдіретін сөздер: кроме того сонымен қагпар; в частности — атап айтсақ; в конце концов — сайып келгенде; во-первых -біріншіден; во-вторых — екіншіден; кстати — айтпакшы т. б.

Бірақ бұл сөздерді сөйлемде кездесетін қыстырма сөздермен шатастыруға болмайды: Он пришел кстати. — Кстати, я получил вчера письмо.

Қазақ тілінде көмекші етістіктер, көмекші есімдер бар. Бұлар бірде негізгі сәз ретінде қолданылса, енді бірде көмекші сөз қызметін атқарады. Мысалы: Ол оны қасына алды. Мен үйдің қасына келемін. Сен жазып журсің. Меи уііде журмін.

  1. Одағай сөздер (Междометия) деп ешкандай ақиқат ұғымдарды білдірмейтін, тек адамнын әр алуан көңіл күйі мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Олар өзге сөздермен ешқандай грамматикалық қарым -Қатынасқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар
  • . Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға
  • Аффиксоидтер және интерфикстер.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *