Инфинитив — The Infinitive

 

Инфинитив – ол іс-әрекетті жалпы түрде білдіреді, қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады. Инфинитив ол етістіктің бастапқы формасы болып есептеледі. Инфинитив көбінесе to арқылы беріледі. Қазақ тілінде инфинитивке «тұйық етістік» сәйкес келеді.

 

Төмендегі жағдайларда инфинитив to-сіз қолданылады:

  • Модальды және көмекші етістіктерден кейін: I can play the piano.
  • To make (), to let, to see, to hear, to notice, to watch, to feel, кейде to help етістіктерінен кейін: He made me do it.

Егер бұл етістіктер ырықсыз етісте қолданылса, онда олардан кейін to қолданылады: He was made to do it — Оны осылай істеуге мәжбүр етті.

  • Had better, would rather, would sooner тіркестерінен кейін: You had better go there at once. — Сіздің онда дереу барғаныңыз дұрыс болады.

Инфинитивтің уақыт және етіс формалары бар:

 

 

Active

Passive

Indefinite

to help

to be helped

Continuous

to be helping

———

Perfect

to have helped

to have been helped

Perfect Continuous

to have been helping

———

 

Indefinite Infinitiveжалпы осы шаққа және келер шаққа қатысты іс-әрекетті білдіреді: It is interesting to study foreign languages.

Continuous Infinitiveнегізгі етістіктегі іс-әрекетпен бірге болып жатқан созылыңқы іс-әрекет: It was pleasant to be driving the car again.

Perfect Infinitive – негізгі етістіктегі іс-әрекеттен бұрын болған іс-әрекетті білдіреді. He was to have helped her.

Perfect Continuous Infinitive – өткен шақта басталып жәнәлі болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. It’s terrible to have been waiting for her so long.

 

Сөйлемдегі қызметі

  1. Бастауыш. To skate is pleasant.
  2. Баяндауыш. Your duty is to inform me about it.
  3. Толықтауыш. I asked him to help me.
  4. Анықтауыш. He expressed a desire to help me.
  5. Пысықтауыш. I went to the station to see off a friend.

 

Келесі етістіктерден кейін инфинитив to-мен қолданылады:

to agree     to offer    to decide     to appear     to forget      to refuse      to attempt

to plan      to seem   to promise   to manage   to arrange    to dar to learn(how)

to pretend  to threaten  to fail                to hope       to afford      to tend   to want

to like

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *